Абдолла Ишан мешіті



бет8/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Бабаджа хатун кесенесі


Орта ғасырларда қазақ жерінде сәулетті құрылыстар салу ісі белең алды. Біртіндеп құрылыс салудың үлгілері дамып, сәулет ескерткіштері көбейіп, үнемі жаңарып отырды.
Бабаджа хатун кесенесі, Тараз қаласынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Айша бибі ауылында орналасқан. Айша бибі кесенесімен бірге мемориалды-культтік кешеннің құрамына кіреді. Кесене республикалық дәрежедегі мемелекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген.
Сәулеттік-құрылымдық сараптамалардың нәтижесіне қарағанда құрылыс қарахандар дәуірінің ерте кезеңіне жатады және Х-ХІ ғғ. мерзімделеді.
Қазақстандағы сәулет өнерінің ең көне ескерткіштерінің бірі болып саналатын бұл кесене ұзақ жылдар бойы сақталып келген құрылыс сапасымен ерекшеленеді. Ол Орта Азия аймағының сәулет өнеріндегі порталды үлгіде салынған алғашқы кесенелердің бірі. Сонымен қатар қабырғасы шаршы келіп, күйдірілген қызыл кесектен өрілген және төбесі 16 қырлы шатыр тәріздес күмбез етіп жабылған ерекше бір құрылыс үлгісі болып табылады. Шатырлы, қабырғалы жабуы орта ғасырлық сәулет өнері мен қазіргі заманғы кесенелердің еш бірінде жоқ.
Ғалым Э. М. Бәйтеновтың пікірінше, Бабаджа хатун кесенесі Ұлы далада кездесетін шатырлы күмбезді нысандардың ең алғашқысы болуы ықтимал. Тіпті, сәулет өнерінің тарихындағы он алты қанатты күмбезі бар ең бірінші кесене болуы да ғажап емес
Кесененің қасбетінде: «Бұл Бабаджа хатун қабірі... Оны салушы...» деген жазулар сақталған. Кесенені соққан шебердің аты-жөні сақталмаған.
Кесененің тарихы Айша бибі кесесінің салынуы туралы аңызбен тікелей байланысты. Аңыз бойынша Тараз әміршісі Қарахан әрі сұлу, әрі ақылды Айшамен бас қоспақшы болады. Тараз қаласына келе жатқан жолдағы Аса өзенінің жағалауында Айша аруды жылан шағып, қаза табады. Қайғырған Қарахан аруының басына ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша бибінің күтушісі Бабаджа хатун сол кесененің басында өмір бойы шырақшысы болып қалады. Қайтыс болғанынан кейін Айша бибіден 20 қадам жерге жерленіп, басына кесене тұрғызылады.
Ұзақ жылдар бойына қасиетті орын ретінде халық санасында сақталып, осы өңірге жолы түскен жолаушының соқпай өтпейтін, жергілікті халықтың жиі келіп тәу ететін киелі мекеніне айналған.
Мұндағы қатарласқан екі кесене де тек зират ету орны емес, сонымен бірге мұсылман әлемінің қасиетті орындары болып табылады.
Әдебиеттер.
Труды Семиреченской археологической экспедиции 1936-1938 гг. Таласская долина. Алма-Ата, 1949. С. 75-81;
Маргулан А., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казах­стана. Алма-Ата, 1959. С. 97-99.
Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Жамбыл ауданы – Алматы, 2010 ж., 66-67 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет