Абдолла Ишан мешіті



бет43/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Намаз батыр кесенесі
Меркі ауданы, Тұрлыбай батыр ауылы, Алматы-Тараз автожолының бойында орналасқан. Қазақ тарихында көптеген батырлар шыққан. Солардың бірі – «Кунтуден шыққан ер Намаз» еді. Атақты Сарыбас ақынның Жамбылмен айтысында мынандай жолдары бар:
Күнту деген елінен
Намаз деген ер шыққан
Төмен жатып құмсаған
Қырық жігітті жұмсаған
Қан көрмесе қылышы
Қылышы жаман сусаған
Күнтуден шыққан ер Намаз
Дұшпанның қолын шегелеп
Естіген кісі шошынған
Талапкер болған жігіттер
Кеткен емес қасынан
Аңдаған адамға осы кішкентай үзіндіде үлкен шындық тұнып тұр. Қорағаты өзенінің төменгі жағындағы қалың құмда, сол тұста күнтулердің мекені болған.
Намаз батырдың алып тұлғалы, аруақты, киелі кісі екені өз замандастарына ғана емес, бүгінгілерге де жақсы мәлім. Бұл турасындағы әңгіме өте көп. Оның бәрінде Намаз батырдың халқын жаудан қорғаудағы асқан ерлігі, мәрттігі, мырзалығы, үлкен-кішіге қамқорлығы айтылады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда батырдың жеті киесі болған. Олар: түйе, жолбарыс, ақ жылан, бүркіт, күміс жүнді ешкі, қасқыр, түлкі. Міне, бұлар өмірде орын алған оқиғаларға қарай көрініс беріп, батырдың қамқорлығына зәру адамдарды қолдап, ниеті жамандардың бетін қайтаруға ықпал етеді екен.
Батырдың соңғы мекені болған Меркі ауданындағы Көлтоған ауылының тұсындағы батыр бейітінің басына кесене орнатылды. Осындағы құлпытаста «Намаз батыр. 1771-1871» деп жазылған.
Меркінің төменгі жағына көшіп келген даңқы жер жарып тұрған өзінен 10 жас үлкен Намаз батырды көріп, сәлем бермек болып Сыпатай батырдың арғымағын бауыздатады. Мұны қорлық санаған Сыпатай жігіттерінің бірінің арқасы қозыпты. Сонда Сыпатай батыр: «Тыныш отыр, жаяу қайтармас»,-деп тыйып тастапты. Нағыз батырлар ғана осылай істей алса керек. Намаздың ерлігіне разы болған Сыпатай батыр оны өзіне серік етіп, әрі қолбасшыларының бірі етіп алған екен.


Нәметбай мешіті, ХІХ-ХХ ғғ.
Нәметбай мешіті Тараз қаласы, Ташкент көшесінде, яғни қаланың көне аумағынан оңтүстік - батысқа қарай, Байзақ батыр көшесінің қиылысында, тұрғын үйлер жиі орналасқан бөлікте, ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басына жататын архитектуралық ескерткіш.
Мешіт аудасында, медресе, дәретхана, тұрғын бөлме ретінде пайдаланылатын үй-жайлар орналасқан. Мешіт 1980 және 2001 ж. зерттелген, бірақ ғылыми әдебиеттерде жарияланбаған.
Бас кіре берісі Ташкент көшесі жағында, жаңа қақпалармен оқшауланған силикат кірпіштен салынған аркалы өткелі бар, екі қапталы тұтас қабырғамен қоршаулы. Арка мұнаралы күмбез түрінде қақпа үстінен жоғары тұр. Қақпаның жалпақ есік қапталдары қазіргі наманган шеберлерінің ойып салынған өрнектерімен безендірілген. Медресенің ескі үйі қайта жасалған, аула жақтауы терразитті сылақпен мрамор сынықтарын жапсыра отырып қаптаған. Мешіт ауласындағы тозған үй - архитектуралық тұрғыдан құндылыққа ие. Бір қабатты, қабырғасы сабан араластырылған саз балшықпен 1887 ж. салынған, бір кеңістікті құрылыс түріне жатады. Тік бұрышты, ұзынша жай намаз оқу залы мен кең айваннан тұрады, бөлме биіктігі 5 м.
Жабылуы тегіс, төсеме шатырлы. Іргелері балшықпен сыланған, өрнексіз. Төбесі-дәстүрлі ағаштан бөрене түрінде салынған. Жоғарғы жағы сүйірленіп бітетін қырлы бағаналары бар. Бөрене қыр жақтауларының формасы күрделі, айван ортасына қарай коллонналар етегі жұмыр болып келеді. Қабырғаларының, коллонналар мен намаз бөлмесінің өрнек айшықтары негізінен көк, қызыл және жасыл түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет