Абдолла Ишан мешіті


Меркі түркі ескерткіштері (Сандықтас ғұрыптық кешені), түркі дәуірі



бет42/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Меркі түркі ескерткіштері (Сандықтас ғұрыптық кешені), түркі дәуірі.
Түркі дәуірінен бізге жеткен, Меркі түркі ескерткіштері (Сандықтас ғұрыптық кешені) Меркі ауданы, Меркі аулының оңтүстігіндегі тау сілемдері аймағында орналасқан.
Бұл ғибадатханалардың бірегейлігі теңіз деңгейінен 2700-3600м. биіктіктегі қаймағы бұзылмаған ландшафта, флорасы мен фаунасының жағдайы ұлттық паркке сай келетін жерде болуымен де байланысты. Ондағы ғибадатханалар жақсы сақталған. Олар тек уақыттың өтеуіне байланысты аздап қана бұзылушылыққа ұшыраған.
Қазіргі кезде Қырғыз Алатауы мен Жамбыл облысы Меркі ауданы территориясында сақталып қалған ортағасырлық көшпелілер мәдениетін әлемге танытып, мақтан тұтуға болады.
Қазақстандық ерекше табиғи және мәдени мұра ретінде Меркідегі түркі ғибадатханасы ЮНЕСКО номинациясы тізіміне енген.
Ортағасырлық Жетісу түркілері табынып, сыйынатын және әдет-ғұрыптары бойынша салт-жораларын өткізетін орын ретінде шалғынды Аралтөбе, Белсаз, Сандық, Сұлусай, Сулысай, Шөлсай, Қарасай секілді тау қыраттарын таңдаған. Әрбір аңғарға ғибадатханалар салып, түркілер табынып, құрбандық шалуы үшін тас мүсіндерін орнатқан.
Бұл өлкеге жүргізілген археологиялық зерттеулерімен қатар экологиялық тексеру жұмыстары да жүргізілді. Биік таулы аймақтың флорасы мен фаунасы құрамын талдау бұл жерде табиғи сирек кездесетін өлке деп қорытыңды жасауға мүмкіндік берді. Археологтар мен табиғаттанушылардың бірлескен зерттеулері мәдени ландшафтты тұтас сақтау қажет деген түйінге әкелді. Территорияны экологиялық тексеру нәтижелері ғалым Л.Л.Стогованың еңбектерінде берілген.


Момыш бұлағы

Момыш бұлағы Жуалы ауданындағы Көлбастау мен Талапты ауылдарының ортасындағы, Орақ балға аталатын ескі жұрттың батыс тұсында, асфальт жолдан 1 шақырымдай оңтүстікте орналасқан.


Момыш бұлақтың басында Кеңес одағының батыры, жазушы, ұлт мақтанышы ерлік даңқы әлемге жайылған Бауыржан Момышұлы дүниеге келген, оның кіндік қаны тамған сәбилік шағын өткізген киелі мекен саналады.
Бұл аймақтың Алатауға қараған оңтүстік беткейлері сансыз бұлақтарға толы болғандықтан, ертеректе жергілікті жұрт - «Мыңбұлақ» деп те атаған. Мыңбұлақ туралы жазба деректерді қытайлық жиһангер Сюань – Цзянның 630 жылдар шамасында жазған есетеліктерінен кездестіруге болады. Ол бұл өңірді, жанға жайлы болғандықтан түрік қағандарының жазғы ордасы еткенін баяндайды.
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романында, хан ордасының осы Мыңбұлаққа көшіп келіп, Ақ ордасын орнатып, сырнайлатып-кернейлетіп, сауық-сайран өмір сүретіндігін және елік асырап, саят құрғандығы жайлы жазған.
Момыш бұлағы тау етегіндегі жазық алқаптың шағын сай басталар жерінен шығып жатыр. Қазір бұлақ маңында жалғыз бұта, екі-үш топ шие өсіп тұр. Бастаудың көзі, басталар жері сары топырақты жарлауыт, жағасында құрақ өскен.
Жергілікті қариялар бұрындары сансыз бұлақтардың түйіскен жерінде мал суарып ат шомылдырып, қой тоғытатын тоған болғандығын айтады.
Бұлақтың шығыс жағындағы дөңесте Құли баба ұрпақтарының ескі жұртының, Момыш пен Момынқұлдың үйлерінің орны жатыр. Бұл жер туралы Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабында жан-жақты баяндайды.
Әдебиеттер.
1. Мұртаза Ш. Ай мен Айша. Алты томдық шығармалар жинағы. 5-том. – Алматы: «Қазығұрт», 2002.
2.Момышұлы Б.М. 30 томдық жинағы. – Алматы: Өнер, 2009. – 1-том.–414 б.
3. Байдалиев Д.Д. Жуалы өлкесінің ежелгі тарихы. Тараз, 2007, 98 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет