Қарағанды облысы 2009 жылдың жартыжылдығы



Дата24.05.2017
өлшемі232,19 Kb.
#16911
Қарағанды облысы

2009 жылдың жартыжылдығы
Қарағанды облысында мәдениет пен өнер ұйымдарының кең ауқымды жүйесі жұмыс істейді, 2009 жылдың I жартыжылында олардың саны 701-ге жетті, с.і. мемлекеттік жүйедегілер саны - 643 нысан. Мемлекеттік жүйеге кіретіндер: 339 кітапхана, 244 клуб үлгісіндегі ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 17 мұражай, 2 концерттік ұйым, мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция, хайуанаттар бағы, 10 мәдениет және демалыс саябағы, кинопрокат, көрме залы. 2009 жылдың I жартысында мемлекеттік жүйедегі мәдениет мекемелері 10 нысанға өсті:

Бұқар жырау ауданындағы Урожайное (Андрейниковка), Ақтөбе, Қаражал, Берлағаш; Шет ауданының Киікті, Ақжал ауылдарының клубтары мемлекеттік жүйеге берілді;Ақтоғай ауданының Жижебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Қарқаралы аудандарының Абыз ауылдарында клуб ашылды. Нұра ауданының орталығы Киевка кентінде мәдениет және демалыс саябағы ашылды.

Бұқар жырау ауданының Красная Нива және Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдарында кітапхана ашылды, Қарқаралы ауданының Қырғыз және Мәди ауылдық округтеріне қарасты Жәнібек және Едірей бөлімшелерінде кітапханалар жабылды.


Мәдениет мекемелерінің компьютерлермен жарақтануы (облыс бойынша)







Мәдениет нысандары

Жалпы бар компьютерлер саны

Алынған компьютерлер саны

Интернет жүйесіне қосылған мәдениет мекемелер саны

1.

Кітапханалар

736

5

144

2.

Мұражайлар

68

4

7

3

Клуб мекемелері

138

0

3

4

Т.б.

67

0

11

Есепті кезеңнің соңында Интернет қызметін 150 кітапхана пайдаланды. Облыс кітапханаларында 140 пошталық электронды жәшіктер бар. Есепті кезеңде 22 жәшік ашылды. Интернетке 36 сайт қойылды.


2. Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жұмысының негізгі көрсеткіштері.


Кітапханалар (облыс бойынша)


барлық оқырман

дар саны барлығымың адам



Оның ішінде ауылдық жерде мың адам

Кітап берілімі саны барлығы мың дана

Оның ішінде ауылдық жерде мың дана


Келушілер саны барлығы мың рет

Кітап қоры барлығы мың дана.

Оның ішінде ауылдық жерде мың дана

Оның ішінде мемлекеттік тілде мың дана

Оның ішінде ауылдық жерде мемлекеттік тілде мың дана

Алынған әдебиеттер саны барлығы мың дана

Оның ішінде ауылдық жерде

Ақылы қызметтен түскен қаржы, мың теңге

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы (мың теңге)

Дана

Оның ішінде

қазақ тілінде



Жалпы сомасы (бюджет) мың теңге

Дана

Оның ішінде

қазақ тілінде



Жалпы сомасы (бюджет) мың теңге

306,7

100,7

6194

1624,2

2466

6983,8

3173

1761

1268,9

43,9

28,9

35288,7

18,2

15,3

14475

549,9

378661

Есепті кезеңде облыс кітапханалары жоспардағы 305 мың оқырманның орнына 306,7 мың оқырманға қызмет көрсетті.С.і. ауылда-100,7 мың адамға. 6194 мың кітапхана құжаттары берілді.

Құжаттар қорын жасақтауға жыл бойында 31473,2 мың теңге бюджет қаржысы бөлінді, с.і. мерзімді баспасөзге-16251,9 мың теңге бөлінді.

Модельді кітапханалар 81, с.і. ауылда-78.

Облыс кітапханаларында бүкіл жұмыс баста артықшылықтарды жүзеге асыруға-облыстағы көпшілік кітапханалардың инфрақұрылымын жаңарту мен дамытуға бағытталды. Соның өзінде басты мақсат: азаматтардың ақпарат пен білімге қол жеткізуін жақсатру, кітапханалардың бірыңғай (жалпы аймақтық) жүйесін құру, ақпараттық және мәдени тұтастықты қамтамасыз ету болды.

Жоспарлы 5056 көпшілік шаралар орнына 5365 шара өткізілді. Оған 124,4 мың адам қатысты. Ауыл кітапханалары 65,2 мың адамды қамтыған 3229 шара өткізді.




Клуб мекемелері (облыс бойынша)


өткізілген барлық шаралар саны

Оның ішінде ауылдық жерде

Келген көрермендер саны, мың адам

Оның ішінде ауылдық жерде,

мың адам


Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржы,

мың теңге



Клуб құрылымдарының саны

Оған қатысушылар саны

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы (мың теңге)

14049


11020

1639,2

1071,6

28394

1461

26699

954589

2009 жылдың Iжартысында клуб үлгісіндегі мәдениет ұйымдары 1639,2 мың адамды қамтыған 14009 шара ұйымдастырды, с.і. ауылдарда-11020 шара өтіп, 1071,6 мың адам қатысты. 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өткізілген шаралар кемдеу болды, өйткені облыстың көптеген клубтарында Жол картасы аясында жөндеу жұмыстары жүріп жатты.

Есепті кезеңде ақылы қызметтен 28394 мың теңге түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңінен 23,2 % артық.
«Халықтық» (Үлгілі) атақтары бар көркемөнерпаздар ұжымдары (облыс бойынша)




Жанрлар бойынша

саны



Қазақ халық аспаптары оркестрі

4



Орыс халық аспаптары оркестрі

1



Ән – би ансамблі

16



Би ұжымдары

26



Драма театры

23



Хор ұжымы

13



Үрлемелі аспаптар оркестрі

5



Фотоклуб

1



Цирк

1



Әуесқой композиторлар клубы

1



Декоративті – қолданбалы өнер студиясы

3




Барлығы

94

Облыстағы клуб мекемелерінде 1461 клуб құрылымдары жұмыс істейді, оларға 26699 адам қатысады. Облыс бойынша 94 көркемөнерпаздар ұжымының «Халықтық» және «Үлгілі» құрметті атақтар бар, соның ішінде мемлекеттік жүйедегі клуб ұйымдарының 57 ұжымында.


«Зерде» бейнемобильдерінің қызметі


Барлық шаралар саны

Барлық келуші адам саны, мың адам

Қызмет көрсетілген елді мекендер саны

2644


270,2

1280

Тұрақты мәдениет мекемелері жоқ елді мекендер тұрғындарына қызмет көрсету үшін облыста 21 жылжымалы кешен-«Зерде» бейнемобильдері жұмыс істейді. 2009 жылдың I жартысында 796 рет сапар ұйымдастырылды, 1280 елді мекенге қызмет көрсетілді, 2644 мәдени-сауық шаралары ұйымдастырылып, оларға 270,2 мың адам қатысты.


Театрлар (облыс бойынша)


Спектакльдер саны барлығы

Оның ішінде жаңа қойылымдар

Көрермендер саны, мың адам

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы (мың теңге)

Қойылған спектакльдерден түскен қаржы, мың теңге

671


18

107,2

279214

19749,9

Облыста 5 театр ұжымы жұмыс істейді. 2009 жылдың I жартысында 18 жаңа қойылым сахнаға шығарылды. Барлығы 107,2 мың адамдық қамтыған 671 спектакль қойылды. Спектакльдерден 19749,9 мың теңге табыс түсті.

Есепті кезеңде К.Станиславский атындағы орыс драма театрының артисі Т.Федоренконың (шығармашылық қызметіне 45 жыл) шығармашылық мерейтойы және С.Сейфуллин атындағы қазақ драм театрының артисі Б.Кемалованың (шығармашылық қызметіне 30 жыл), ҚР халық артисі, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы-драма театрының көркемдік жетекшісі Д.Жанботаевтың шығармашылық мерейтойлары өткізілді.

Театр ұжымдары жоспар бойынша гастрольге шығып тұрды. С.Сейфуллин атындағы театрдың шығармашылық ұжымы Тробзон (Түркия) қаласындағы X Халықаралық театр фестиваліне Ш.Мұртазаның «Домалақ ана» спектакліне қатысты. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы драма театрының қуыршақ тобы Көкшетау, Қызылорда, Қарағанды қалаларында гастрольде болды. Осы театрдың драма труппасы Балқаш қаласында өнер көрсетті. Ал С.Сейфуллин атындағы театр Жезқазған аймағында болып қайтты.

Барлық театр ұжымдары серіктес қалаларға шағын гастрольге шығып жүрді. «Ауылым – алтын бесігім» бағдарламасына сәйкес шалғай аудандарға, ауылдарға қызмет көрсетілді. Театр маусымының жабылуы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді.
Концерттік ұйымдар (облыс бойынша)


Концерттер саны

Оның ішінде гастрольдік

Көрермендер саны, мың адам

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы (мың теңге)

Концерттерден түскен қаржы, мың теңге

567

59

395,5

154239

17339,3


Концерттік ұйымдар есепті кезеңде жоспарға сәйкес жұмыс істеді.

Облыстық филармонияның 70 жылдығына арналған тізбекті шаралар 2009 жылы 7 ақпанда Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлесітктің бүкіл шығармашылық ұжымының қатысуымен Гала-концертпен аяқталды.

Филармониялар арасаындағы шығармашылық тәжірибе алмасу аясында «Шалқыма» концерт залының сахнасында Астана қаласы филармониясы артистерінің С.В.Рахманиновтың 135 жылдығына арналған бағдарламасы бойынша концерті өтті.

Симфония оркестрінің Германия қалалары бойынша гастролі ұйымдастырылды. 10 күн ішінде 12 концерт берілді. Олардың бәрі де зор табыспен өтті. Оркестрге қосылып, ҚР халық артисі А.Мұсаходжаева, Ресей еңбегі сіңген артистер Е.Колисниченко, Л.Исакадзе өнер көрсетті.

«TURKSOY» халықаралық ұйымының шақыруы бойынша «Аққу» фольклорлық-би ансамблі мен Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекші әншілері Түркияның 3 қаласында Наурыз мейрамын тойлауға концерт қоюмен қатысып, Қазақстанның өнерін паш етті.

Бішкек қаласында (Қырғызстан) сәуір айында 11 елдің Францияның, Швейцарияның, Германияның, Австрияның, АҚШ-тың, Ресейдің және т.б джаз ұжымдары қатысқан IV Халықаралық «Джаз-Бішкек-Көктем» фестивалі өтті. Этно-джаз бойынша конкурста «Қожа Насриддин бейнесі» тақырыбында И.Андрейченко басқаратын Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлесітіктің «Биг-Бенд» тобы жеңімпаз атанды. Музыка сыншылары Қарағандылық музыканттардың орындаушылық деңгейін жоғары бағалады.

Есепті кезеңде тамаша концерттер жиі болды. Атап айтқанда: халықаралық конкурстардың лауреаттары Арман Мырзағалиев (скрипка, АҚШ), Ерлан Мансұров (фортепиано, Астана) қатысқан скрипка мен камералық музыка концерті; ҚР халық артисі Гауһар Мырзабекованың «Қазақстан камератасы» оркестрінің концерті; халықаралық конкурстардың лауреаты Ирина Родилес (Мәскеу қ.) қатысқан джаз музыкасының концерті; симфониялық оркестр маусымының жабылуында халықаралық конкурстардың лауреаты А.Комаров (ф-но, Мәскеу) және т.б. Қарағандылық тыңдармандар алдында жас талантты музыканттар-халықаралық конкурстардың лауреаттары, «Болашақ» стипендиясының иегерлері, Король музыка колледжінің шәкірттері (Лондон) Ботагөз және Болат Тыныбековтердің концерті, сондай-ақ «Дюпре» (Болония қ.Италия) музыка мектебі оқушыларының өнері зор баға алды.

Жезқазған аймағында Т.Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының ұжымы «Ұлытау үні» аймақтық фестиваліне және Республикалық ақындар айтысына қатысты. Бұл филармония ұжымы Алматы және Қарағанды облыстарының тыңдармандары алдында өнер көрсетті. Филармонияның жетекші әншілері, ҚР еңбегі сіңген артистер Б.Көшеновтің, З.Омарованың, Г.Жидебаеваның шығармашылық кештері ұйымдастырылды.
Мұражайлар (облыс бойынша)


Экскурсия саны, барлығы

Лекция саны

Көрмелер саны

Келушілер саны, мың адам

Экспонаттар саны

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы (мың теңге)

Экспонаттар сомасы (теңге) сатып алынды

Ақылы қызметтен түскен қаржы, (мың теңге)

4373

573

319

231,6

2958

210

84286

2031

Облыс мұражайларында 2009 жылдың басында сақталған экспонаттардың жалпы саны-288,3 мың. Тарихи-мәдени мұраның сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және зерттелуін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама бойынша облыс мұражайлары жинастыру мен ғылыми зерттеу жұмыстарын кең ауқымда жүргізуде. 2009 жылдың I жартысында облыс мұражайлары 2958 экспонат жинастырды, бұл 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 300 экспонатқа артық.

Есепті кезеңде облыс мұражайларын 231,6 мың адам аралады, бұл өткен жылғыдан 4,7 мың адамға артық (226,9 мың).

Көрме қызметі жандана түсті. Облыс аудандары мен қалалары бойынша жылжымалы және айырбас көрмелер санының артуы байқалады. Есепті кезеңде мұражайлар 319 тұрақты, жылжымалы және айырбастық көрмелер ұйымдастырды. Бұл өткен жылғыдан 27-ге көп (292). Тұрақты экспозициялар, жылжымалы және айырбастық көрмелер бойынша 4373 шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізілді, бұл өткен жылдың I жарты жылдығымен салыстырғанда 154-ға артық.

Есепті кезеңде Қазақстанның өлкетану және тарихы бойынша 571 дәріс оқылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 дәріске артық, (516).

Барлық мұражайлар ақылы қызмет жоспарын орындады, оның жалпы көлемі 2031 мың теңге.

Облыс мұражайлары мұражай қызжметінің жаңа формаларын іздестіруде, тәжірибе алмасуда, мұражай тәжірибесіне қазіргі заманғы коллекция жинастырудың соны тәсілдерін енгізуде белсенді жұмыс жүргізеді. Осының бәрі облыс мұражайларындағы өткізілетін шаралардың деңгейін көтеруге ықпал етуде. Еесепті кезеңде 244 түрлі шаралар ұйымдастырылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110 шараға артық, соның ішінде дөңгелек столдар, семинарлар, кездесу кештері, интерактивті сабақтар және т.б. өткізілді.

Ғылыми-зерттеу және іздестіру жұмыстарын мұражайлар этнография, халық шығармашылығы, декоративті-қолданбалы өнер, өлке тарихының археологиясы материалдарын зерттеу бойынша жүргізеді. «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарқаралы ауданына тарихи-этнографиялық және фольклорлық экспедиция ұйымдастырылды. Осы экспедиция барысында өлке тарихының шежіресі, қазақтардың генеологиясы және басқа да этнографиялық материалдар жинастырылып, Егіндібұлақ кенті ертедегі жерлерінің фото және бейнесуреті түсірілді. Мұражай қызметкерлерін Алматы, Павлодар, Жезқазған қалаларының мұрағаттарына ғылыми іс сапарға жіберу жүзеге асырылды. Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров аудандарының кітапхана және мұражай қорларынан өлкетану материалдарын жинастыру ұйымдасытырылды.



Мәдениет мекемелердің кадр құрамы (облыс бойынша)


Барлық қызметкер саны

Ауылдық жердегі

Қызметкерлер білімі

Төлемдік (ставка) мөлшері бойынша жұмыс істейтіндер

Арнайы жоғары

ауылдық жердегі

арнайы

орта білім



ауылдық жердегі

0,25


Соның ішінде ауылдық жердегі

0,5


Соның ішінде ауылдық жердегі

0,75


Соның ішінде ауылдық жердегі

5078

1478

1496

194

1576

462

43

21

549

309

39

27



Облыс бойынша мәдениет объектілер (нысандар) ашылуы/жабылуы


Ашылған объектілер (нысандар) саны (түрлері бойынша)

Жабылған объектілер (нысандар) саны (түрлері бойынша)

Ашылу (жабылу) себептік негіздер


Жабылған – 2 кітапхана

ауданы, Қарқаралы ауданы (Жанибек, Едрей)



Аудан әкімдігінің 09.02.09 жылғы № 23

Ашылған – 2 кітапхана







Жанаарқа ауданы Бидаик ауылы




Аудан әкімдігінің 20.03.09 жылғы № 70

Бұхар жырау ауданы Красная Нива ауылы




Аудан әкімдігінің 21.04.09 жылғы № 10/04

10 Мәдени-сауық ұйымдары








Ақтоғай ауданы Жидебай ауылы




Аудан әкімдігінің 22.04.09 жылғы № 05/13

Бұхар жырау ауданы Урожайное (Андрейниковка), Актобе, Алгабас ауылы




Аудан әкімдігінің 20.03.09 жылғы № 07/05

Бұхар жырау ауданы Қаражар, Белағаш ауылы




Аудан әкімдігінің 28.04.09 жылғы № 11/53

Қарқаралы ауданы Абыз ауылы




Аудан әкімдігінің 26.05.2009 жылғы № 150

Шет ауданы Киикты селосы




Аудан әкімдігінің 10.02.2009 жылғы № 4/7

с. Кенгир г. Жезқазған




Қаласы әкімдігінің 26.06.2009 жылғы № 15/52

к. Киевка Нура ауаны (парк)




Аудан әкімдігінің 8.01.2009 жылғы № 01/44


Қолға алынған аймақтық бағдарламалар
Қарағанды облысы бойынша 2008-2010 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға 2009 жылдың I жартысында 24,4 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес қазіргі уақытта мынадай шаралар жүргізілуде:



  • Дария қорымын археологиялық зерттеу, әр замандағы «Тегісжол» археолгиялық ескерткіштер кешенін, әр заманғы Шешенқара археолгиялық ескерткіштер кешенін, Қарағанды қаласындағы Майқұдық елді мекеніндегі қола дәуір қорымын, Балқаш көліндегі Тасарал арал ескерткіштерін, Қарқаралы аймағындағы ерте дүние металлургтері мен малшыларының мәдениетін зерттеу, Орталық Қазақстандағы қала өркениетінің ескерткіштерін ғылыми зерттеу;

  • Шоң, Сайдалы Сары Тоқа, Ерден Сандыбайұлы кесенелерін, Нүркен-2 қорымын, Беғазы кешенін, ақ бандылардың қолынан қаза тапқан 78 коммунарлардың бауырластық бейітіндегі мемориалды қалпына келтіру жұмыстары;

  • Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорын толықтыру үшін ғылыми экспедиция өткізу, Қарағанды облысын мекендеген халықтардың ауыз әдебиеті мен шығармашылығын жинастыру мен зерттеу жөнінде ғылыми-фольклорлық экспедиция ұйымдастыру;

  • Қарағанды облысы ескерткіштерінің Жинағын шығару, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында жасөспірімдер үшін «Шуақ» тарихи-өлкетану сайтын ашу, Қарағанды облысы кітапханаларының өлкетану құжаттарының қорын сақтау жөніндегі шаралар;

  • «Сарыарқа мәдениеті» жинағын шығару.

ҚР мәдениет және ақпарат министрілігімен жергілікті маңыздағы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жаңа Мемлекеттік тізімін жасау келісілді.

Есепті кезеңде Қарағанды облысының мәдениет саласына дамытудың 2007-2009 жылға арналған, облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы XXIV сессиясында №374 шешімімен бекітілген Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде жұмыстар жүргізілді.

Облыстың мәдени әлеуетін насихаттау мақсатында театр-концерт ұйымдарының Қазақстан және таяу шетелдер бойынша гастрольдік сапарлары жүзеге асырылды. Облыстық деңгейде бірқатар шаралар өткізілді. Мәдениет пен өнер ұйымдарын музыкалық аспапатармен, құрал-жабдықтармен, аппаратуралармен жарақтандыру, автокөлік алып беру, материалдық-техникалық базаны нығайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Бірқатар нысандарда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Шаралар саны және қысқаша сипаттамасы
Шаралардың негізгі артықша тақырыптары мыналар:


  • «Дағдарыстан-жаңару мен дамуға»-Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы.

  • «Қазақстан-2030» Стратегиясы.

  • «Мәдени мұра» Ммемлекеттік бағдарламасы.

  • «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға белгіленген Мемлекеттік бағдарламасы».

  • Қарағанды облысы бойынша 2008-2010ж.ж арналған «Мәдени мұра» Аймақтық бағдарламасы.

Облыста жаңа есімдер мен жаңа ұжымдарды әйгілеген түрлі жанрдағы фестивальдер, конкурстар, байқаулар өткізілді, сондай-ақ мемлекеттік және кәсіби мерекелер, әлеуметтік маңызды, әрі мерейтойлық шаралар өтеді.

Бұқаралық шаралардың тақырыптары республиканың саяси және қоғамдық тыныс-тіршілігіне сәйкеседі. Мемлекеттік тілді дамыту мен ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған шаралар өткізілді. Қазақстан халықтарының ынтымақ Күні, Жеңіс Күні, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні сияқты мерекелер кеңінен атап өтілді.

Елбасының Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі ақпараттық-ағарту жұмыстары одан әрі жалғасты. «Электронды үкімет», «Мәдени мұра» бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізілді.

ҚР Үкіметінің Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан-дамуға» (Жол картасы) атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі 2009 жылға арналған іс-қимыл Жоспарын орындау бойынша Қарағанды облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы №00/01 қаулысымен бекітілген Қарағанды облысы бойынша шаралар жоспарын жүзеге мақсатында аудандар, қалалар шегінде мәдениет нысандарын жөндеуге қажеттіеңбек резервтерін, кадрларды қайыра даярлау, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерге сұранысты анықтау жөнінде аса ауқымды жұмыс жүргізілді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстар қорытындысында 135 мәдениет нысанында (58-і ҚР МАМ-і арқылы, 77-і ҚР АШМ-і арқылы) мердігерлер белгіленіп, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Күн сайын мониторинг өткізіледі.

2009 жылдың I жартысына жасалған «Ауылым – алтын бесігім» ақпараттық-мәдени керуеннің шалғай елді мекендерге шығу кестесіне сәйкес облыстық 5 ауданына (Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Шет Ақтоғай) 13 рет сапар ұйымдастырылды. Мәдениет басқармасының ақпараттық-насихаттық жұмысының бір формасы болып табылатын осынау жолсапар кезінде халық арасында дәріс оқылып, концерттер, спектакльдер қойылды.

Елбасы Жолдауының басты қағидаларын насихаттау мақсатында облыстық кітапханаларда: «Елбасының жыл сайынғы Жолдауы: жаңа Жолдаудан жаңа жетістіктерге», «Жарқын болашақтың жасампаз бағдары», «Дағдарыстан-дамуға», «Менің Қазақстаным» деген тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмелері ұйымдастырылды.Көрмелерде Жолдаудың басты тараулары бойынша материалдар топтастырылды: тәуелсіз мемлекет ретіндегі Қазақстанның қалыптасуы, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, экономиканы жаңарту, ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар туралы материалдар қамтылды.

ҚР Президентінің Жолдауы бойынша ақпараттарға жедел түрде қол жеткізу үшін кітапханалар ақпараттық материалдарды кітапханаладрды электронды каталогтарында көрсетуге ерекше көңіл бөлді.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдістемелік орталығы облыс аудандары мен қалаларының кітапханашылары үшін Жолдауды насихаттау бойынша әдістемелік нұсқаулық шығарды, олар облыстық семинарлар кезінде таратылып беріледі. Мысалы, кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру облыстық курстарында семинар оқуы тақырыптарының бірі – кітапхана оқырмандары арасында насихат пен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға арналып, әдістемелік нұсқаулықтар таратылды. Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Елбасы Жолдауы – кемел болашақ кепілі» тақырыбында мультимедиялық әдістемелік оқулықтың 4-і басылымы шығарылды.

«Қазақстан-2030» Стартегиясының негізгі ережелерін жүзеге асырып, насихаттау бойынша 2009 жылдың I жартысында облыс мұражайлары мен кітапханалары түрлі шаралар, көрмелер, дәрістер өткізді. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қарағанды облыстық балалар құқығын қорғау Департаментімен бірлесіп «Қазіргі заман жағдайындағы патриоттық тәрбие» тақырыбына семинар ұйымдастырды.

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау бойынша облыстық әкімдіктің ішкі асясат басқармасымен бірге «ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттаудың формалары мен әдістемелері» тақырыбына семинар өткізілді. Облыс әкімі жанындағы ҚР мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссия мәжілісінде мәдениет нысандарын тексеру қорытындысы бойынша мәдениет басқармасы басшылығының «Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының, мәдениет пен өнер ұжымдарының мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы» баяндамасы тыңдалды.

Мұражайлардың Халықаралық күніне, Қарағанды қаласының 75 жылдығына орай облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Мұражай көктемі» атты облыстық фестиваль өткізді, оған облыстағы мұражайлар қатысты. Бұл фестиваль «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында және облыс мұражайларының қор коллекцияларын насихаттау үшін айырбас көрмелерді кеңейту, өлкені мекендеген халықтардың мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ мұражай жұмысының тәжірибесін алмасу мақсатын көздеді. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жасалған «Қарағанды облысының мұражайлары» web-порталының тұсаукесері болды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары үшін «Адам капиталын басқару технологиясы» тақырыбына облыстық семинар өтті, оның мақсаты – адам ресурстарын басқаруды жетілдіру, кадр саясатындағы проблемаларды көтеру. Семинарда «ИнтерКомпьютерСервис» ЖШС мамандары қызметкерлер есебін жүргізуді автоматтандыру, «Алтын кадрлар» кадрлық құжаттарын бүтіндей жүргізу бағдарламасының тұсаукесерін көрсетті.

Кңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 20 жылдығына арналған тізбекті шаралар өтті: кезедсу кештері, театрландырылған концерттік бағдарламалар, ақпараттық сағаттар және кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Мәдени-сауық мекемелерінде салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүргізіледі. Есепті кезеңде жер-жерлерде тақырыптық әңгімелер, музыкалы спорттық акциялар мен викториналар, есірткіге қарсы күрес күніне арналған жастар акциясы және ақпараттық-танымдық әңгімелер өткізілді.

Ойын-сауық ұйымдастырулардың кәсіби шеберлігін шыңдау, ұйымдастырушылық-шығармашылық тәжірибесін алмасу және қазіргі заман талаптарына сәйкес келетін жұмыстың жаңа тәсілдері мен амал-формаларын іздестіру мақсатында мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы: «Жастар мәдениеті – клуб өмірі», «Клуб жұмыстарының креативті бағыттары» тақырыбына жылжымалы облыстық семинарлар өткізді. Семинарға мәдениет басқармасының, орталықтың мамандары қатысып, жұмыстың мынадай бағыттары талқыланды: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауларын насихаттау бойынша түсінік жұмыстары, «Мәдениет саласындағы заң актілері», «Мәдени-сауық ұйымдарының қазіргі кездегі беделі», «Жастар мәдениетінің рухани құны», «Клубтық мәдени іс-шаралардың сценариялық жүйесі мен режиссурасының заманауи әдістері», «Ауыл клубтары – отбасы тәрбиесі мен ойын-сауық орталығы» және бейне-слайдтық материалдарды пайдалану арқылы өткізілетін өзге де шаралар.



Семинар барысында облыстық мәдениет басқармасы атынан Абай ауданының Құлайғыр, Шет ауданының Ақжал, Ақтоғай ауданының Шашубай ауылдарының әкімдеріне дыбыстағыш құрал-жабдықтары тапсырылды.
Проблемалық мәселелер
Мәдениет ұйымдары жүйесінің ең төменгі мемлекеттік нормативі бойынша және қарапайым штаттық нормативтер бойынша нормативтік-құқықтық актілер қабылдау қажеттілігі мәселесі сол бұрынғысынша өміршең күйінде қалып тұр. Ұсыныстарымыз берілген.

Театр-сауық ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де сол бұрынғыша-өміршең қалыпта: К.Станиславский атындағы орыс драма театрында, академиялық музыкалы комедия театрында бас режиссерлер, дирижерлер, жоғары білімді суретшілер, дыбыс операторлары, жарық жөніндегі суретшілер, гримдеушілер және басқалар жоқ. Бұл проблема тағы бір мәселе туындатып отыр: кезінде музыка мектептері мен училищелері және жоғары оқу орындары Мәдениет министрлігінің қарамағында болатын, ол аса тиімді еді. Қазір осы мәселені шешудің негіздері толық, сондықтан бұл оқу орындарын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне беру мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Проблемаларды шешу бойынша қолданылған шаралар
Қаржыландырудың жалпы көлемінің 45 %-тен астамы мәдениет нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға - музыка аспаптарын, аппаратуралар, құрал - жабдықтар, компьютерлер, кітапханалар қорын толықтыру үшін әдебиеттер алуға, сахна киімдерін тігуге, ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмсалды.

2009 жылдың II жарты жылының міндеттері.


  • Қарағанды облысы бойынша 2008-2010 жылдарға арналған «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру, Қарағанды облысының мәдениет саласын дамытудың 2007-2009 жылдарға белгіленген Аймақтық бағдарламасын аяқтау;

  • циркті күрделі жөндеуді аяқтау, Жол картасын жүзеге асыру аясында мәдениет нысандарын жөндеуді шегіне жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет