Қарым-қатынасқа байланысты тірек сөздер, тіркестер мен сөйлемдер:
-Танысуға рұқсат етіңіз.
-Өзімді таныстырайын.
-Сізге әріптесімді, досымды таныстыруға рұқсат етіңіз.
-Танысқаныма қуаныштымын.
--Мен де(қуаныштымын)
-Отырыңыз!
-Кешіріңіз!
-Рахмет.
-Сау болыңыз. Кездескенше.
-Кіруге рұқсат етіңіз.
«Жақсы сөз-жарым ырыс» дейді қазақтар, сондықтан олар бір-біріне тілек айтуға мән береді.
Құттықтау;
- Сізді(сені) туған күніңмен, мүшел тойыңмен, жаңа жылыңмен, Наурыз мейрамыңмен, мерекеңмен құттықтаймын!(-мыз)
Тілек;
-Сізге бақыт,денсаулық,табыс, абырой тілеймін.(-міз)
-Ас дәмді болсын!
-Қайырлы түн. Қайырлы күн!
-Қайырлы таң!
-Жасыңыз ұзақ болсын!
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, көшіріпжазыңыз..
Біз сіздің шарттарыңызбен келіс.... келеді. Сізбен пікірлес... кел. Сіздің
ұсынысыңызды жоғары бағалаймыз, бірақ кейбір мәселелерді талқыла... кел...
.Не айт... кел. ?
Сіздерге мына мәселе бойынша көмектес.. кел... тұр. Егер сіз қарсы болмасаңыз, менің бейсенбіде бар... кел... .