Қамшы іліп кету. - құда түсудің тағы бір амалы. Қызды көруге келген жігіттің әкесі қыз ұнаса, үйдің төріне қамшысын іліп кеткен.
Қамшы тастау. Бұл ұлттық салт-дәстүр шешендер мен билердің, талапкерлердің дау-шар кезінде сөз сұраған белгісі болып саналады. Дау- жанжал, ақылдасу сәттерінде ер адам бір тізерлей отырып, қамшысын бүктеп, жерге қадаса, бұл бітімге келушілік белгісін аңғартқан. Қамшы – өте ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан құрал. Санымен қатар, ертеректе «үйге қамшыны бүктеп алып кіру» әдептілікті байқатады деп есептеген.
Шашу.Қуанышты сәттің бәрі шашумен басталады. Шашуды әйел адамдар шашады .
Бата беру – халқымыздың ерте заманнан келе жатқан салт- дәстүрінің бірі. Бата негізінен екіге бөлінеді. Бірі – оң бата, екіншісі – теріс бата...
Қазақ халқында ант беру кезінде: құранды кеудеге басу, нан ұстау, нан жеу сияқты дәстүрлерді бейвербалды амалдар қатарына жатқызады. Қазақ халқының ұлттық-мәдениеті бейвербалды амалдармен толығып отырады .