Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді жастардың ақыл- ой көрінісі-әр сөзді өз орнынан жұмсап, мағыналы сөйлеу – заман талабы. Сондықтан да сөйлеу мәденеиетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да, қатты қастерлеген.
Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын өзіне аудара білу- көптің алдына шыққан адамның бірінші міндеті. Тыңдаушыға сөз дәл, айқын естілуі қажет. Дауыс булыға шықса немесе шаңқылдап айғайлап кету, болмаса мұрнының астынан міңгірлеп, күңкілдеп сөйлеген адам да тыңдаушысын жалықтырып, зейіні басқаға ауып кетеді.
Айдалаға қадалмай, алдыңда отырған жеке адамға не бірнеше адамға көз жүгіртіп, ретті жерінде сөзіңді қостайтындай қимыл жасау дұрыс.
Жұртты ұйытып, көңілдегі ойыңды дөп басып, әсерлі сөйлеген адамды тыңдай бергің келеді.