Абдрахманова қ. Ж



бет99/194
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#84191
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   194
Байланысты:
Кәсиби 9360

1

Ж







2

А







3

Қ







4

С







5

Ы







6

С







7

Ө







8

З







9

Ж







10

А







11

Н







12

Ғ







13

А







14

Қ







15

У







16

А







17

Т










  1. Мәтінмен жұмыс.



Мадақтау


Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
Мақал

1 Наурыз – Дүниежүзілік мадақтау күні. Мадақтау дегеніміз – кісі бойындағы әдемілікті, сұлулықты көре білу. Мадақтау, алғыс - қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс- әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған

мегзейді. Қазақта «кішіпейіл болсаң, кішірейіп қалмайсың» деген мәтел бар. Кішіпейілдік танытып, жылы ілтипат білдіру адамдар арасында жақсы қарым- қатынас орнатары сөзсіз. Айналаңдағы жандардан мадақтау есту, әрине, көңіліңнің хошын келтіретіні сөзсіз. «Әдемі болып кетіпсің! Мына көйлегің өзіңе сондай жарасады екен!» деген сияқты мақтау сөздерді күнделікті естіп жатамыз. Мадақтауды тек әйел заты емес, ер азаматтармыз да ұнатады екен. Ертемен жұмысқа, сабаққа келгенде, айналаңыздағы адамдардан естіген бірнеше мадақ сөздер күні бойы сізге жақсы көңіл-күй мен ертеңіңізге деген зор құлшыныс сыйлайды. Бұл туралы психологтар: «Кешегіден де бүгін, бүгінгіден де ертең әдемі болуым керек деп, қыз-келіншектердің өз-өзіне деген сенімі нығая түседі», – дейді.
Егер адам өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезіне білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан менмендік, такаппарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін мәліметтер жеткілікті болу керек.

    • Мадақтау кімге лайық деп ойлайсыз?

    • Сіз біреуді мақтап көрдіңіз бе?

    • Сіз мақтаған адам мақтау сөзге қалай жауап берді?

    • Өзіңізді мақтаса қайтер едіңіз?

    • Мадақтау туралы мақалдарға талдау жасаңыз.

    • Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді жазыңыз.




  1. «МАҚАЛДЫ ҚҰРАСТЫР» ОЙЫНЫ. Әр түрлі қағазға жазылған сөздерді дұрыс орналастырыңыз және. қазақшаға аударыңыз.

  • Спешите делать добро.

  • Жизнь дана на добрые дела.

  • Лучше потерять глаз, чем доброе имя.

  • Людей сближает улыбка.

  • Если хочешь иметь друзей, будь другом сам.

  • Добро помни, а зло забывай.

  • Когда хочешь себе добра, то никому не делай зла.

  • Будешь учиться доброму, худое на ум не пойдет.

  • Красив тот, кто красиво поступает

  • Доброе слово лечит, а злое калечит.




  1. .Мақтау мен қошеметтеуді білдіретін сөздердің астын сызыңыз.

І. -Менің атым –Айнұр.
-Есімің әдемі екен, ал менің атым- Әлнұр!
-Ой қандай ғажап! Екеуіміздің атымыз ұқсас екен!
-Иә,рахмет! Сенімен танысқаныма қуаныштымын.
ІІ. -Әже, асыңыз өте дәмді екен!
- Ас болсын, айналайын!
-Анашым, сіздің пісіретін құймақтарыңызды сағындым. Тағы да пісіресіз бе?
-Әрине, қошақаным.
ІІІ. Крыловтың «Қарға мен түлкі»деген мысалында түлкі қарғаға былай дейді:
«Қарағым,неткен сұлу ең!» Деп таңырқап таңданды,
«Неткен мойын,неткен көз, Осыдан артық дейсің бе, Ертегі қылып айтқан сөз?
Қалайша біткен, япырмай, Мұрныңыз бен жүніңіз!
Періштенің үніндей,
Деп ойлаймын үніңіз» (Абай аудармасы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет