Мәтінді оқыңыз. Құрылысқа байланысты кәсіби сөздерді қатыстырып,
әңгімені кеңейтіп жазыңыз. Зәулім үйді қалай салуға болады? Қандай құрылыс заттарын қолданар едіңіз?Ақсақалдың үйінің жобасын жасап көріңіз.
Әңгімеден қандай ғибрат алуға болады?
ҚҰРЫЛЫСШЫ АҚСАҚАЛ
Баяғыда бір кісі қаншама жыл құрылыс саласында қызмет атқарған екен. Зейнет жасына келгенде бастығына келіп: «Басеке, менің зейнетке шығатын уақытым келді, рұқсат болса мен жұмыстан шығайын, өтінішіме қол қойып беріңіз», – дейді. Сонда бастығы: «Әрине, зейнетке шығасыз. Бірақ бір шартым бар. Әлі салына қоймаған бір үй бар еді, соны салып, бітіріп берсеңіз, рұқсат», – деп жауабын келте қайырады.
Әлгі қария амалдың жоғынан үйді аз күнде бітіріп, үйдің кілтін бастығына берсе, бастығы өзіне қайтарып береді. Бұған таң қалған ақсақал: «Басеке, мұныңыз қалай?» – дейді. Сол кезде бастығы: «Ақсақал, негізі бұл сіздің үйіңіз, енді бұл үйде өзіңіз тұрасыз», – деп жауап қайтарады. Бастығынан мұндай
жауапты күтпеген әлгі қария: «Қап, өзімнің үйім болатындығын білгенімде бар мүмкіндікті пайдаланып, зәулім сарай салып алатын едім ғой», – деп өкініп қалды.
Осы бір мысалдан алатынымыз, біздің әрбір жасаған құлшылығымыз, намазымыз, ғибадатымыз өзіміз үшін. Ертеңгі күні олардың жемісін өзіміз көреміз.
Мәтін мазмұнын айтыңыз. Экономикалық терминдер тізбегін жасаңыз. Термин қатысқан 5 сөйлем құрыңыз.
Біздің университетте экономикалық терминдердің дұрыс аудармасын қолдануды дамыту барысында атқарылып жатқан шаралар өте көп. Өйткені аталған университетте экономика, бизнес, қаржы, менеджмент, ақпараттық жүйе, туризм т.б. мамандықтар бар. Кафедралардың профессорлар мен оқытушылар құрамы терминдерді студенттерге дұрыс түсіндіру мақсатында көп жұмыс жасайды. Оған дәлел оқытушылардың орысша-қазақша, қазақша-орысша экономикалық сөздіктерін, экономикалық терминдердің түсіндірме сөздіктерін шығарып отырады.
Терминдерді қолдануда ерекше назар аударылатын мәселелер көп. Мысалы: кредит-несие деп аударылса да экономикада кредит болып халықаралық термин ретінде қолдана береді. Біраз уақыт маклер-делдал болып аударылып жүрген. Қазір маклер аударылмайды, ал брокер-делдал болып қалды. Жаңа қолданыста жүрген бонус, бракераж, брейк, брокераж, дилер, брокеридж, букмекер, брутто, букинг, бренд, бухгалтер, вексель, акция, акцепт, альянс, офис, бюджет, воутинг-трест, демпинг, девальвация, дисконт, ипотека, квота, клиринг, ковернот, кредит-авизо, маржа, миссия, онколь,оферта, офис, оферент, пейджинг, рейд, рэкет, сальдо, сервис, стринг, стрип, толлинг, топикс, эмбоссинг т.б. терминдердің түсініктемесін оқытушылар студенттерге беріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |