жағдайлар Қызметтік құжаттар ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хатты жазғанда марапаттау, мадақтау, дөрекі сөздерді жазуға болмайды. «тез арада орындаңыз. Кешіктірмеңіз » деген сөздерді қолданбаңыз. Өз ойыңызды, белгілі бір күнді көрсетіп, «Сіздің шешіміңізді күтеміз» деген сөздерді жазыңыз.
Өз өтініш-тілектеріңізді орынды жеткізе біліңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдануда адамгершілік танытыңыз. Сіздің хатыңыз мазмұнды, айқын болуы тиіс. Бұл әсіресе қаржы, кадр мәселесінде маңызды. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, диалект, архаизмдер, қазіргі қолданыстан шығып қалған сөздерді қолдануға болмайды.
Іс қағаздарын қалай топтастыруға болады?
Ресми жазба құжаттардың 3 ерекшелігін атаңыз.
Іс қағаздар тілінде нелер қолданылмайды?
Іс қағаздарының қандай жағдайда жазылатынын, мазмұндық- құрылымдық жүйесін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.
2. Ісқағаздары, оның түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз кестені толтырыңыз.