Келіссөз және оны жүргізу әдебі
Келіссөздерді дайындау. Келіссөздер мұқият дайындауды қажет етеді.
Келіссөздерге неғұрлым көңіл бөлсең (әр түрлі қорытындылар, экономикалық,
статистикалың мәліметтер мен талдаулар, т.б.), соғұрлым табысты болуына мүмкіндік бар.
Дайындық барысында қонақтарды қабылдау бағдарламасы да анықталады. Онда қонақтарды қарсы алу тәртібі, қарсы алушылар, құттықтау сөздер, қонақ үйге жайғастыру, бағдарламаның іскерлік бөлімі (кездесулер, әңгімелер,
келіссөздер), қабылдаулар, таңертеңгі ас, түстік, т.б. әр түрлі объектілерге бару, мәдени іс-шаралар, елді аралау, шығарып салу, т.б. қамтылады. Болар кездесудің мазмүнына ерекше назар аудару қажет:
Келіссөз құжаттарын дайындауға аса мұқият қараған жөн. Іскердің мәліметі мол болса, жоспары жақсы болса, шеберлігі жоғары болса, ұсыныстары толық дәлелденсе, сол ұтады.
Әріптестерге таныстыру үшін дайын анықтама материалдар салған папканы немесе жобаны ала барған жөн.
Құжаттар сауатты жазылуы тиіс. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін ауызша сөйлеу тілінің сауаттылығы да өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |