Келіссөзде өтініш білдіруде «деймін», «дейміз», «екен» сөздері шартты райдың сыпайы түрінде, көпше тұлғада жиі қолданылады:
-ескерсеңіздер деймін/дейміз; - ескерсеңіз деймін/дейміз; -жауаптарыңызды тез арада берсеңіздер екен; Келіссөзде қалау-тілекті білдіру үшін қалау рай тұлғасының сыпайы, көпше түрі белсенді түрде қолданылады:
-БІЗ тауарды шетелге шығарғалы жатырмыз. Ж.Бектұрғанова «Экономистерге арналған кәсіби қазақ тілі» Мәтінді рөлге бөлініп, мәнеріне келтіре оқыңыз. Келіссөзде қолданылған сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз. Сіз қалай сөйлесередіңіз?
Келіссөзде
І. Асқар: Сәлеметсіз бе? Менің ата-тегім Смайылов Серік. Мен Алматыдан келдім, әрі кабель зауытының мүддесін білдіремін.
Сәкен: Біз сіздің жарнамалық құлақтандыруыңызбен таныстық. Сіздің өнім бізге мәлім, біз оны жоғары бағалаймыз.
Асқар: Біз енді ынтымақтастығымыздың мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылағымыз келеді.
Сәкен: Әлбетте, бұл телефонмен шешетін мәселе емес, мен де сізбен біздің жүзбе-жүз кездесетін уақытымыз туралы уағдаласқымыз келеді.
Асқар: Бірақ менің бүгін түске дейін басқа бірлестікпен келіссөзім бар. Сондықтан бүгін ешқандай мүмкіндік жоқ.
Сәкен: Сіз менің бүгін түстен кейін сағат 15-те қабылдай алмас па екенсіз?
Асқар: Сізге қалай қолайлы болса, солай болады. Біздің қанша уақытымыз бар?
Серік: Сірә, екі сағат керек болар.
Асқар: Мен сағат 12-де кездесуді ұсынамын.
ІІ.Сәкен: Бізде келісімшартқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігі туды.
Асқар: Бұл неге байланысты туды?
Сәкен: Бізде өндіріс жағдайлары өзгерді.
Асқар: Сіздер келісімшартқа енгізілетін өзгерістердің жобасын дайындап та қойдыңыздар ма?
Сәкен:Иә, біз келісімшартқа енгізілетін тиісті толықтыруларды дайындап та қойдық.
Асқар: Келісімшартқа енгізілетін өзгерістердің (толықтырулардың) сипаты қандай?
Сәкен: Біз төлем сомасын өзгерткіміз келеді. Келісімшартқа енгізілетін өзгерістерді өте қажет деп санаймыз. Келісімшартқа өзгерістерді екі
тілде әзірледік, орыс және қазақ тілдерінде. Сіздерге келісімшартқа енгізілген өзгерістердің көшірмесін береміз.
Асқар: Бұл келіссөз ойдағыдай аяқталады және таяу уақытта келісімшартқа қол қойылады деген үміттеміз.
Д.Карнеги іскерлік кездесуде ескеру керек 6 ережені ұсынады. Ережені оқып, пікір алысыңыз. Бұл ережелер бүгінгі таңда қаншалықты маңызды деп ойлайсыз? Тағы да қандай ереже ұсынаредіңіз? Адамдарға қызығушылық танытыңыз;