Абдрахманова қ. Ж



бет76/194
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#84191
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   194
Байланысты:
Кәсиби 9360

Есепші ата


Есепші атаны жортқан аң, ұшқан құстың тілін білген деседі ауыл қариялары. Оның әу баста әке-шешесінің азан шақырып қойған есімі – Әлібек екен. Бала кезінде құстардың жер бауырлай ұшқанына, суыр мен саршұнақтың іннен-інге тығылғанына қарап, ертеңгі ауа райын болжап отыратын болыпты. Сонысына қарай жұрт оны Балаесепші атап кеткен екен. Бертін келе Есепші атаныпты.
Ертеректе ауыл ақсақалдары Есепші атаның аң-құспен тілдескенін аңыз қып айтып отыратын. Мына әңгіме есімде қалыпты.
Есепші ата балаларына: «Мен өлсем, Көгершін тауының етегіндегі қырқаға қойыңдар. Сол тұстың табиғаты ерекше. Ауасы таза.» деп айтып отырады екен.
Есепші ата қайтыс болғанда жақын туыстары жолға жиналады.
Мезгіл қыс айы болса керек. Жұрт жиналып, жолға шыққанда аяқ астынан боран басталыпты. Қол созым жер көрінбейтін ақтүтек. Соған қарамастан сүйекшілер тау жақты бетке алып, алға қарай жылжи береді. Долы боран үш күнге созылады. Әбден титықтап шаршаған топ жолдан қиыс кетіп адасқандарын сезеді. Дамылдап кеңес құрады. Ақылдаса келе , мәйітті осы жерге қойып, жол ашылғанда тауға жеткізбек болып келіседі. Бәрі сол мәмілеге тоқтап,
орындарынан тұра бергенде жел де саябырсып, күн де ашылыпты. Айналаға қараса, тура Есепші ата айтқан қырқаның етегіне тоқтаған екен. Сөйтіп, Әлібек Бұғыбайұлына мәңгілік мекені өзі аманаттаған қырқадан бұйырыпты.
Бүгінде Әлібек Бұғыбайұлы жатқан жерді ел киелі жер деп санайды. Есепші атаның жатқан жеріне Құран оқып қайтуға ниет еткендерге күндіз құстар, түнде даланың саршұнақтары жол көрсетеді екен. Жол бастаушы саршұнақтарды мен де кездестіргенмін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет