Lesson study бойынша есеп 2011-2020 жылдарға арналған



бет1/2
Дата14.04.2022
өлшемі23,34 Kb.
#139220
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
docx1543950528
Сын тұрғысынан ойлау1, lesson-study-dsn-mektep-tzhribesnde-pajdalanu-tzhribe-blsu, Серікжан Арайлым 13-15, Сессия жауап

Lesson study бойынша есеп
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады". Сыни тұрғысынан ойлауға проблемалық сұрақтарды қарастыру мақсатымен сұрақтарды тереңдетіп қоюға, дұрыс қолдануға үйрету, түсіндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру " мақсаттарын негізге ала отырып Лессон Стади зерттеу жобасының тақырыбын "Жұптық, топтық жұмыс барысында сыни тұрғысынан ойлау мақсатында жаңа технологияларды қолдана отырып әртүрлі деңгейдегі оқушыларды қалыптастыру үшін қолдану" -деп таңдадық. Лессон Стади зерттеу тобының мүшелерінің қатарындағы мұғалімдердің көпшілігі жоғары сыныптарда сабақ береді. Мұғалімдермен ақылдаса келе төмендегі жұмыс жоспарын бекіттік.
“Lesson Study” экспериментальды жобасы бойынша құрылған тізбектелген сабақтар топтамасы.
2017-2018 оқу жылы

Аты-жөні

Сабақтың тақырыбы

Сынып

күні

Сәлімжанова Э.Ж

«Жұмыс таңдағанда ең маңыздысы» ағылшын тілі

9 «Ә»

06.12.17

Бегеманова И.О.

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» қазақ әдебиеті

9 «Ә»

07.12.17

Бегманова К.Д

«Арифметикалық прогрессия» алгебра

9 «Ә»

13.12.17

Лессон Стади зерттеу тобында жұмыс жасайтын мұғалімдер болып сабақтың тақырыптарын анықтадық, сабақтың тақырыптарын анықтап болғаннан кейін бірінші сабақ жоспары құрылды, сабақ жоспарын құру барысында сыни тұрғысынан ойлауға арналған, өмірмен байланысы бар тапсырмаларды қарастыру ұсынысы жасалынды, осы ұсыныстар ескерілді


Бірінші сабақ «Жұмыс таңдағанда ең маңыздысы». "Сабаққа өзіміздің зерттеу тобындағы мұғалімдермен қатар басқа да мұғалімдер қатынасты. Зерттеу тобы : А В С деңгейі бойынша зерттеуге алған 3 оқушының ішіндегі Тахмина сынып көшбасшыларының қатарында, оқу озаты, қоғамдық өмірде өзінің белсендігін білдірді. А.Аружан сабақта бір көзбен қарағанда жауапкершілігі мол оқушы болып көрінді, сабақта үнемі қол көтеріп жауап береді, бірақ сыныптастар арасында қарым - қатынаста кішкене алшақтаған болып көрінді, сондықтан осы оқушыны байқап көрейін дедім. Дархан үлгерімі төмен оқушы, сабаққа ынтасы төмен, сабақ үстінде жан - жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отырады. Бұл сыныпты бақылаған кездегі бір байқағаным жұптық жұмыс сыныптағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізді. Өйткені жұптық жұмыс арқылы топпен жұмыс істегенде әрқайсысының мойнында тек өзі ғана үшін емес, топ үшін жауапкершілік міндеті тұрды.


Бұл қасиет тек зерттеу сабақтың 3 - ші сабағында ғана байқалды.
Бақылауға 3 оқушыны таңдап алдық. Oлар:
1. А оқушы Б.Тахмина – үлгерімі жақсы оқушы.
2. В оқушы А.Аружан – үлгерімі екпінді оқушы.
3. С оқушы Ж.Дархан – үлгерімі төмен оқушы.
Түрліше жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың оқуға деген ынталарын арттыратынын байқадым. Бұл жайында зерттеуге алынған 3 оқушы тұрғысынан алып қарасақ, А мен В оқушысы сабақта белсенділік танытып, өз ойларын еркін айтып, қасындағы көршісімен ой бөлісе отырып, мұғалімнің әр сұрағын мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындап отырды. Aл С оқушысы болса басында жан – жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отыр еді, кейіннен А В деңгейіндегі оқушылардың көрсеткен көмектері арқылы ол да сыныпқа ілесіп, белсенділік таныта бастады. Eң алғашқыда С оқушы жауабым дұрыс болмайды – ау деген қорқыныш сезімі болғанды. Бірақ топта оқушылар тарапынан қолдау көріп «сенікі дұрыс емес» дегенді естімегеннен кейін, ойын еркін айтуға, ізденуге қызығушылығы арта бастады.
Зерттеу барысында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданып, оқушылардың топпен жұмыс, жұппен жұмыс әрекеттерін cырттай бақылап көрдім. Зерттеу барысында aлынған «Миға шабуыл», «Мәтінмен жұмыс», «Қайталау - оқу анасы», «Кім жылдам?», «Қоржыннан сұрақ, бізден жауап», « Авторға хат» түріндегі тапсырмалар арқылы оқушылардың қаншалықты өзгергенін тізбектелген cабақтар барысынан байқау қиынға түспеді.
Сабақтың қорытындысы ретінде, оқушылардың алған білімдерін түймедақ әдісі бойынша сабақтың ұтымды жері болды. Басқа зерттеу тобының мүшелері, әріптес мұғалімдердің айтуы бойынша да және өзіміздің зерттеу тобының мүшелерінің ойы бойынша да топтық жұмысты математика сабағында ұйымдастыру үшін уақыттың көбірек кетіп қалатындығы. Ағылшын сабағында оқушылар тарапынан осы мақсатқа жауап беретін есептерді оқушылар қызығушылықпен шығарды.
Зерттеу тобындағы мұғалімдермен бірігіп, топтарда жұмыс істеу үшін не қажет? деген сұраққа жауап ізделінді. Оқушылардың бірлескен түрде топ құрып, командалық ережелерді, рөлдерді бөлуі, әрбір топтардағы тапсырмаларды сапалы, жоспарға сәйкес орындалуын тексеріп, топ мүшелерінің пікірін, оқыту және көмек көрсету арқылы меңгертуді назарда ұстау керектігі айтылды. Зерттеу сабақтары сериясының келесі «Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» тақырыбын жоспарлауда мұғалімдерден құралған топ мүшелерінің рөлдік ойын түрінде өткізуді ұсынды. Аталмыш сабақты Бегеманова И. өткізіп шықты. Сабақ барысында А, В, С оқушыларының іс-әрекеттері бақылауға алынып, зерттеу объектілері жеке, топтық тапсырмаларды орындады. Рөлдік ойын кезінде таймер уақыт жетіспеушілігін қайта-қайта ескертіп отырды. Соның салдарынан топтағы оқушылар бірлескен ынтымақтастық негізінде берілген тапсырмаларды шапшаң, ауызбірлікпен орындады. Дегенмен, С оқушы топтағы жұмыс кезінде өзінің басты ойларын, идеяларын толық жеткізе алмады. Және кейбір тапсырмаларды соңына дейін орындамай, топтағы оқушылардың берген жауаптарымен келісіп, үнсіз отырды. Сондықтан, осы сабақтың талдауын жасау кезінде әрбір оқушыға, әсіресе лидерлік қабілеті төмен оқушыларға назар аудару керектігі туралы қорытындыға келдік. Зерттеу тобындағы мұғалімдермен кеңесіп, кезекті " Арифметикалық прогрессия”" тақырыбындағы сабақты дифференциалды әдісімен өткізуді ұйғардық..
Сабақта рдифференциалды әдісі, өзін-өзі бағалау әдістері қолданылды. Мәтінді есептердің көмегімен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артып, өздеріне артылған міндеттерді орындай білді. Оқушылар өрнектерді түрлендіру түрлеріне байланысты жұптық тапсырмалар және "Деңгейлік есептер" арқылы топтық тапсырмаларын шығарды. Оқушылар теориялық білімдерімен ұштастыра білді. Сабақ соңындағы талдау жүргізу арқылы екі оқушының сабаққа деген қызығушылығы төмен болмағанын анықтадық. Сабақ беруші мұғалімнің басты міндеті оқушы бойында сабаққа деген қызығушылықты ояту, әрбір кезеңдердегі қозғалысты бақылау, болдыру. Сабақтағы А, В, С оқушыларының іс-әрекетін бақылау үшін зерттеу тобындағы мұғалімдерге жеке-жеке тапсырмалар ұсынылды. Сабақ соңында жүргізілген рефлекция көрсеткендей: оқушыларға сабақ өткізу әдісі, ондағы шығарылған есептер, және бағалау тәсілдері ұнады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет