Lesson study бойынша есеп 2011-2020 жылдарға арналған



бет2/2
Дата14.04.2022
өлшемі23,34 Kb.
#139220
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
docx1543950528
Сын тұрғысынан ойлау1, lesson-study-dsn-mektep-tzhribesnde-pajdalanu-tzhribe-blsu, Серікжан Арайлым 13-15, Сессия жауап
Сонымен, Lesson study зерттеу жобасы бойынша алған нәтижелер келесідей болды:
А оқушы: күрделі тапсырмаларды жеке талдайды және топ мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, ортақ шешім, қорытынды жасай алады;
В оқушы: топтағы жүргізілген іс-әрекеттерді өз ойымен, толық жеткізе алады және өзіндік бағалаудың объективті болу керектігін түсінеді.
С оқушы: процесті бақылайды, топ мүшелері атынан спикер ретінде ой білдіреді, кейбір есептерді, тапсырмаларды сыныптастары көмегімен орындайды, қиындықтарды көтере алады және өз мүмкіншіліктерін біледі.
Осының нәтижесінде зерттеудегі А, В, С оқушыларының өзін-өзі реттеу, қалыптастыру, өз бетінше білім алу және математикалық білімін дамыту қабілеттерінің өсуін байқадық. Зерттеу тобындағы мұғалімдердің жүргізген бақылауларына талдау жасай отырып, оқушылардың СТО қабілеті артқанын, сыныптағы психологиялық ахуалдың жақсарғанын, бір-бірімен диалог жүргізу арқылы өз ойларын негіздей алатындығын байқадық.
Сабақтарда топтық жұмыс кезінде оқушылардың арасында жүргізілетін диалог олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді;
Lesson Study зерттеу жобасында, мұғалімдер оқушыларды бақылау дағдысын дамытты; Бұл зерттеу материалдары сабақ беретін мұғалімдер үшін маңызды болды.
Lesson Study тәсілін арқылы 9 «ә» сынып оқушыларының бойынан байқағаным:
1. Oқушылар алдымен өзара сөйлесіп алып, тапсырманың берілісін өзара түсініп алып, сосын орындады:
2. Oлар топқа бөлініп, жұптасып - топтасып жұмыс жасау арқылы өзгерді, ынтымақтастықтары артты. Cабaқ айтулары өзгерді. Caбақ айтқанда, тек оқулықтaғымен шектелмей, сабақты өмірмен байлaныстырып, постер қорғaумен aйтуға машықтана білді. Тапсырмалaрды орындау бaрысында, жұптық - топтық жұмыстың мағынaсын түсінді.
3. Бірлесіп ынтымaқтaстықта жұмыс жасауғa, ортaқ бір шешімге келуге үйренді. Tоптaсып - жұптасып жұмыс жасaуда ешкім оқшаулaнып қалмaйтынын, толық бір кісідей қатысу керектігін білді.


Менің ойымша:
Қазiргі жүргiзiлiп жатқан жаңа форматтағы сабақтарға көзқарастарының оң екендiгін түсiндім. Бұрынғы сабақ беру әдiсімен салыстырғанда не өзгергендiгiн, өздерiне осы сабақтарда не ұнағанын, не ұнамағанын, көңiлдерiнен шықпаған сәттердi, жаңадан ненi үйренгенiн, жаңаша бағалаудың өздерiне әсерiн айтып өзара пiкірлестi.
Қорыта келе айтарым, сыныптың әрдайымда ұйымшыл, бір - бірімен ынтымақтастық жағдайда жұмыс жасай алатынына, бірін - бірі әділ бағалап, ізденіп, білгенін көрсете білетініне, білмегенін мұғалімнен, сыныптастарынан сұрап өзін ынталандыра алатынына, жоғары деңгейдегі көшбасшы сынып қатарында болатындығына сенімім мол.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет