Өлкедеалғаш рет қант қызылшасы өндірісімен айналысуды 1880 ж. кәсіпкер Громов, кейіннен 1887-1890 жылдары кәсіпкер Савинков қолға алды. 1889 ж. бұл істі инженер- полковник Иванов «Түркістан ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік серіктестігін» құру арқылы қолға алды. Бірнеше тәжірибелерден соң, 1904 ж. Ортаазиялық теміржол маңындағы Кауфман бекетіне жақын жерде қант зауытын салып, аймаққа қант қызылшасын егуді бастады (Қауыншы қант заводы). Сөйтіп, далалықтар жаңа егін мәдениетін тез меңгерді.
Балық аулау кәсібі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақтар балық аулау кәсібімен тек өз қажеттіліктері үшін айналысты. Арал теңізі аймағындағы балық аулау шаруашылығы XIX ғасырдың І жартысында өркендей бастады. 1847 жылдың басында Орынборда Арал теңізінде балық аулауға арналған екі моторлы кеме құрастырылды. 1852 ж. 2 қарашада Арал бекінісіне Швецияда арнайы тапсырыс бойынша жасалған кемелер келді. Бұл кемелер балық аулау кәсібінің дамуында маңызды орын алды. 1847 жылдың өзінде-ақ Деев деген көпестің бастауымен Қазалы уезінде балық аулау кәсібінің дұрыс жолға қойылғаны тарихтан белгілі.
1886 ж. Қазалы қ. тұратын қазақ Қарақұлов жібек құртын тәжірибе жүзінде өсіріп, олардан бірнеше жібек жіптерінің орамаларын алды. Бұл жібек құртын өсіру кәсібінің Қазақстанның оңтүстігіндегі ең алғашқы тәжірибе жүзіндегі қадамдары еді. Бұл кәсіппен 1895 ж. алғаш рет Шымкент және Әулиеата уезінің тұрғындары да айналысты.
VIІ. Шарап өндірісі. Тамақ өнеркәсібінің келесі саласы шарап дайындау өндірісі болды. Жүзім дақылын Сырдария облысында негізінен Шымкент,
Ташкент уездерінде өсірді. Сырдария облысында жергілікті халық жүзім өсіру кәсібімен орыстар келгенге дейін де айналысты, бірақ дұрыс жолға қойылған
жүзім өсіру шаруашылығы тек XIX ғ. 70- жылдарынан бастап пайда болды. Бұл істі бастаған Н. Первушин мен Н.И. Иванов еді.
Әңгіменің мазмұнына көңіл бөліңіз.Қарамен жазылған сөзге мән беріңіз.Сұхбаттағы сөйлеу әдебі туралы не айтаредіңіз?