Абдрахманова қ. Ж


Қазақ тілінің экономикалық терминдері туралы



бет18/194
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#84191
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   194
Байланысты:
Кәсиби 9360

Қазақ тілінің экономикалық терминдері туралы


Қазақ тілінің экономикалық терминдері де өз бастауын халықтың өмір сүру, күн көрісіне байланысты байырғы, қарапайым сөздерден алған: айырбас, төлем, өнім, қүн, қор, несие, мұра, қарыз т.б. Орта ғасырларда қазақ халқының басқа елдермен халықаралық байланысы «Жібек жолы» арқылы күшейген. Бұл дәуірлерде қазақтың экономикалық өз терминдері де біраз дамыған, сонымен қатар араб, парсы, монғол, қытай тілдерінен де бірқатар экономикалық терминдер енген. Бұл терминдер қазақтың өз терминіне айналып, сіңісіп кетті.
Экономика – өмірдің күре тамыры бола тұрып, ол өз дәуірінде болып жатқан өзгерістерден бейтарап қала алмайды. Әсіресе, қазақ халқының егемендігінің нық болуы, нарықтық экономиканың серпінді дамуы – толып жатқан шетелдік терминдерді де қоса әкелді. Бұндай жағдайда кірме терминдер өмірге тез сіңіп, дамыған елдермен байланыс жасауға қолайлы жағдай туғызады.Қазақ тілінің экономикалық терминдер құрамында кірме сөздер аз емес. Дүниежүзіндегі түрлі-түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болады да, бір біріне сөз ауысады. Экономикалық терминдер ішінде де кірме сөздер баршылық. Мысалы орыс тіліндегі «казна» сөзі араб тілінен енген. Қазақша «аймақ» сөзі монғолша «аймаг», қарыз – гарз.
«Менеджер» сөзі «manager» деген ағылшын сөзі.
1936 жылы «Қазақ тілінің терминдері» деген кітапша латын әліпбиімен жазылған. Оған 160 экономикалық термин кірген: 1974 жылы «Қазақстан» баспасынан алғаш рет М. Әбдіровтың «Қазақша экономикалық сөздігі» жарық көрді.

  1. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

1910 – 1930 жылдар аралығында үстемдік етуші орыс тілінің мүддесі көзделіп, термин жасау мен шет тілдер сөздерін қабылдауда өзге ұлт тілдерінің ерекшелігі ескерілмеді. Ұлт тілінде термин жасаудың мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала бастады.
Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі – халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі.
Сондай-ақ көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра тұрақты қолданылмай немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы: мәртебе (статус), әртараптандыру (диверсификация), мәтін (текст), әлеует (потенциал).
Сонымен қатар соңғы жылдары бір ғана термин түрліше аударылып, әр сөздікте, әр түрлі деңгейдегі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып жүр. Мәселен, төменде берілген терминдер сондай бірізділіктің жоқтығын дәлелдейді: спонсор – демеуші, мияткер, қолдаушы; ткань – ұлпа, тін; клетка – жасуша, торша т. б.
Олардың ішінде терминкомның ресми бекіткеніне қарамастан, бірізді қолданылмай жүргендері де бар.
1910-1930 жылдар аралығында не ескерілмеді? Шешімін таппай жүрген мәселенің бірі не?
Жарыса қолданылатын т.б. нендей терминдерді білесіз? Түрліше пайдаланылып жүрген терминдерді атап беріңіз?

  1. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

... өз бастауын халықтың өмір сүру, күн көрісіне байланысты байырғы, қарапайым сөздерден алған: айырбас, төлем, өнім, қүн, қор, несие, мұра, қарыз т.б. Орта ғасырларда қазақ халқының басқа ... арқылы күшейген. Бұл дәуірлерде қазақтың экономикалық өз терминдері де біраз дамыған, ... .
. Әсіресе, қазақ халқының егемендігінің нық болуы, нарықтық экономиканың серпінді дамуы – ... ..Қазақ тілінің экономикалық терминдер құрамында ... . Экономикалық терминдер ішінде де ...
баршылық.
1936 жылы «Қазақ тілінің терминдері» деген кітапша ... .
1974 жылы «Қазақстан» баспасынан алғаш рет .. ... .



  1. Мәтінді оқып, экономикалық терминдерді көшіріп жазыңыз.

Бухгалтерлік есептің пайда болуы және қалыптасу тарихы туралы мәтінді пайдаланып сұхбат құрыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет