Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс», - деп кеңес береді .
Ишаралық тілі сөзбен бірге, аралас қолданылады.
Бейвербалды амалдарды алғаш зерттеулер Г.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин. Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым- қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны көрінеді. Қазақ тіл білімінде М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова, Қ.Қажығалиевалар ым және ишараттарды зерттеген. Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған.
Жүріс арқылы адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң қолын төсіне (кеудесіне) қою – үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю – құран оқып болған кезде жасайтын ишарат немесе керісінше, қолды теріс жаю - қарғыс айту, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю белгісі. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан;
4) Мұрнын тыржиту – мазақ қылу, жаратпау; Көзін қысу – ниеттестікті білдіру;
Арқасынан қағу – мақұлдау, қоштасу немесе еркелету; 5) Төс қағыстыру – амандасу;
Қорыта келсек, тілсіз қарым-қатынас – бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.
Бейвербалды қарым-қатынас қазақ халқының тұрмысында дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы. Ахметова Ж., Макеева Ж.
Мәтінді оқып, өздеріңіз білетін бейвербалды амалдар туралы айтып,мәтінді жалғастырыңыз. Басқа ұлт өкілдерінің бейвербалды амалдарымен ойбөлісіңіз.