Сабақтың мақсаты. Өтілген материалдарды қайталау, жаттығу жұмыстары арқылы сөздік қорын молайту, кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Үлкенге де «СІЗ», кішіге де «СІЗ» деген тақырыпта ой-толғау жазыңыз.
Топтық жұмыс
Мадақтау, сынау, қанағаттанбау, құттықтау, ризашылық білдіру әдебі туралы пікір-сайыс
СӨЖ
Мәтінді мәнерлеп оқып, «Алғысқа лайық жан» деген тақырыпта шығарма, әңгіме жазыңыз.
Халық арасында ризашылық – алғыс, бата беру түрінде беріліп жатады. Біреудің көрсеткен еңбегіне, көмегіне, кішіпейілділігіне, азаматтығына алғыс білдіру – әдептілік, мәдениеттілік. Алғыс, баталар адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты беріліп отырған. Адамдар ризашылығын ерекше ілтипатпен, әдептілікпен білдіруге тырысқан. «Ризашылық – әдептің әліппесі»,- дейді А. Байтұрсынов.
Жиналыс, мәжіліс, отырыс өткізу кезіндегі этикет туралы тұсаукесер жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |