Сіз Астанаға іссапармен бардыңыз. Сіз «Астана» қонақүйіне
орналастыңыз. Ертең конференция. Конференцияда баяндама оқисыз. Сіз конференцияда әдемі болғыңыз келеді. Жақын жерден шаштаразға барып
шашыңызды қидырдыңыз. Енді қайта қонақүйге бару керек. Алайда, сіз жолды ұмытып қалдыңыз. Бұл Астанаға бірінші рет келуіңіз. Қонақүйге қайта оралу
керек. Не істейсіз?
Керекті сөздер: қонақүй, адасып қалдым, айтып жіберіңізші, оң жақта,сол жақта, жақын маңда, жанында т.б.
«Іссапар» тақырыбына байланысты мақалдардың мағынасынтүсіндіріңіз.
Көп сөйлеме, тілді бағып, аралас, Көп сөйлеген сөзде қадір қалар аз. Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік азық ал. Жақсы жол ұзақ та болса жақын,
Жаман жол жақын да болса алыс. Жол қадірін жүрген білер.
Жол қуған қазынаға жолығады. Жөн сұраған кісі адаспайды.
Көп сөйлеме, тілді бағып, аралас, Көп сөйлеген сөзде қадір қалар аз.
Иә, іссапармен келіп те қалдық. Жұмыс жағдайларыңыз қалай?
Бәрі де жақсы. Бірлестіктің жұмысы бұрынғыдан әлдеқайда табысты болып келеді.
Жалақыларыңыз да өскен шығар?
Әрине, жаңадан келген бастығымыз жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөледі. Әр тоқсан сайын үстеме жалақы беріледі. Жақсы жұмыс істеген жұмысшылардың жалақысын көтеріп, марапаттап отырады. Қазір еңбек өнімділігі де жоғары, білестік табысы қуантарлық.
Сіздердің өнімдеріңізге сұраныс та жоғары болар?
Иә, өнім сапалы болған сайын сатып алушылар да көбеюде.
Сіздің бірлестіктің бәсекелесі бар ма?
Болғанда қандай! Бірақ қазір өнім сапасы маңызды орын алады ғой. Біздің өнім әрі арзан, әрі сапалы болғандықтан үлкен сұранысқа ие. Ал өзіңіз не мақсатпен келдіңіз?
Осы іссапарда сіздермен серіктес болсақ деген мақсатымыз бар. Бірігіп жұмыс істеп, тәжірибе алмасу – бәрімізге де тиімді болар деп ойлаймын.
Әрине, ойыңыз өте орынды. Ісіңізге сәттілік тілеймін!