«ІССАПАР» ойыны.
Тапсырма: Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топ әкімшілік, 2 топ іс-сапарға аттанатын қызметкерлер.
Мақсат: Топ мүшелері қойылған талап бойынша жауап берулері керек, жүйелі, нақты, көлемді жауап арқылы айтпақ ойларын дұрыс жеткізу.
Нәтиже: Топ дұрыс жауап беру мақсатында ұйымдаса жұмыс істеу, талпыныстарын туғыздырып, өткен материалды еске түсіреді.
Қызметкерлер тобы
|
Әкімшілік тобы
|
Іс-сапарға бару керек. Әкімшіліктен сапарға қандай мақсатпен
баратыныңызды, қойылатын мақсат пен талап туралы хат жолдайды.
|
Іс-сапарға барудағы басты мақсат, қай қалаға, қанша уақытқа, неше адам барады, оның мүшелері мен төлемақы
туралы мәлімет берулері керек.
|
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!!!
ШЕШЕНДЕР СӨЙЛЕЙДІ
Күншілдік деген бар, содан сақтан, Кекшілдік деген бар, содан сақтан.
Астамшылық деген бар, одан алыс жүр, Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Қараулық деген бар, одан таза бол, Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол. Бөлтірік шешен
Жәнібек хан тағы бір әңгіме үстінде: - Бұл дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болмақ? - деп сұрайды.
- Бұл дүниеде жүйрік аты, қыран құсы бар, өзі сұлу, мінезді қатыны, бес атар мылтығы бар жігіттің төрт құбыласы тең болады, ханым, - депті Жиренше шешен:
ОЙ ТОЛҒАУ ӨЛЕҢ ЖАТТАЙЫҚ!!!
Өлеңді оқыңыз.
Өлеңнің мағынасына мән беріп, оның мінезіне (характері) талдау жасаңыз.
Өз ортаңызда осындай ойлы адамдар бар ма? «Басқа бәле тілден» дегенді қалай түсінесіз?
Өлеңнің негізгі тірек сөзін табыңыз.
Автор өлеңі нені меңзейді?
Өтірік туралы, өтірікшілік туралы ой қозғаңыз.
Қарамен жазылған өлең жолдарына түсініктеме беріңіз.
Өлеңдегі сөз қисындылығы туралы не айтасыз?
Достарыңызбен бөлісу: |