Бірде ауқатты отбасының иесі өзінің кішкентай ұлын адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көрсету үшін ауылға апармақ болып ниеттенді. Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн, бір түн болады. Үйіне қайтып оралған кезде, әкесі баласынан:
Саяхат саған ұнады ма? – деп сұрайды ғой.
Әке, бұл бір керемет саяхат балды!
Сен адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көзіңмен көрдің ғой?
Иә.
Осыдан не түйдің?
Сонда ұлы:
Біздің үйде бір ит бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшаның ортасында бассейн бар, ал оларда шеті көрінетін арық бар. Біз бақшамызды шаммен жарықтандырамыз, ал оларға көктен жұлдыздар жымыңдайды. Біздің үйдің артқы ауласында патио, ал оларда кең көкжиек бар, - депті.
Баласының жауабынан кейін әкесінің үні өшті.
- Бұл адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңе рақмет, әке. Өмірде бәрі өзіңді қоршаған әлемге қандай көзқараспен қарауыңа байланысты екен.
Достарың мен отбасыңның ортасында сүйіспеншілікке бөленіп, денсаулығың болып, көңіл күйің көтеріңкі, өмірге деген көзқарасыңыз оң болса, барлығына да қол жеткізуге болады, бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, онда
сізде ештеңе де болмағаны.! – дегенді де ұлы қосып қойды.