Абдрахманова қ. Ж


МАМАНДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЛЕКСИКА. КОМПАНИЯ (ФИРМА) ТҰСАУКЕСЕРІ



бет82/194
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#84191
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   194
Байланысты:
Кәсиби 9360

7 . МАМАНДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЛЕКСИКА. КОМПАНИЯ (ФИРМА) ТҰСАУКЕСЕРІ




Сабақтың мақсаты. Іскерлік кездесуде мамандыққа байланысты кәсіби сөздерді қолдана білуге үйрету, сөздік қорын молайту, қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
Тірек сөздер: аудит, ревизия, тұсаукесер, көлік, лизинг, техникалық база, үздік тауар, көрме, кепілдік беру, келісім жасау, ипотека, акция, стартегиялық бағыт, көрме-конкурс,тапсырыс, жеңімпаз, байқау жеңімпазы, алтын сапа, донор қала, жәрмеңке, биржа, делдал, сарапшы, қор т.б.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Аудиттің пайда болуы мен дамуы


Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болып саналады. Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі берілген заттың санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған, ал үшіншісі берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған. Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған.
Англияда аудиторлық қызмет алғаш рет 1299 жылы пайда болды. 1324 жылдың 24-інші наурызында король Эдуард ІІ үш мемлекеттік аудиторды
тағайындайды. Аудиторлар Оксфорд, Беркенхед, Уэльс провинцияларындағы барлық есепшотты тексеріп және есепшоттарды жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отырған.
1773 жылы Шотландияның орталығы- Эдинбургке арналған адрестік кітапшада жеті аудитордың есімі айтылған. Осыған сүйене отырып, кейбір авторлар
кәсіпқой аудитор батыс елдерінде, Шотландияда 19 ғасырдың ортасында пайда болды дейді.
1896 жылы Нью-Йорк штатының заңды орындары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.
. 1993 жылы 18 қазан айында Қазақстан Республикасында бірінші рет
«Аудиторлық қызмет туралы заң» шықты.

  • Мәтіннен не түсіндіңіз ?

  • Аудит дегеніміз не?

  • Дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекетті атаңыз.

  • Англияда аудиторлық қызмет алғаш рет қай жылы пайда болды?

  • Қазақстан Республикасында бірінші рет «Аудиторлық қызмет туралы заң» қашан шықты?




  1. Мәтінді оқыңыз. Мамандыққа байланысты терминдерді теріп жазып, әрі қарай жалғастырыңыз.

Аудитор – мекеменің бухгалтерлік есебін, қаржылық қызметін тексеруші. Аудитор мамандығы кәсіби шеберлікті, ақыл мен сенімділікті талап етеді. Аудитор жұмысына адал, объективті, тәуелсіз болуға тиіс, сеніп тапсырылған құпияны сақтауға міндетті. Аудитор өз клиенттерінің сеніміне ие болу
мақсатында қызмет етеді. Кәсіпорындар акционерлер мен басқа клиенттер сеніміне ие болған білімді де білікті аудиторды таңдап, шақыруға тырысады. Тәуелсіз аудиторлар коммерциялық ұйымдар арасындағы дұрыс қарым- қатынастың пайда болуына ықпал етеді. Бухгалтерлік ақпараттың әділдігі мен нақтылығын қолдау арқылы өркениетті нарықтық қатынастардың қалыптасуына көмектеседі. Ол нарық субьектілері арасындағы сенім көрсеткішін көтере түсуге септігін тигізеді.

  1. Мәтінді қазақшаға аударыңыз. Аудитор әдебі туралы жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет