Қалай сөйлейтініңді біл. Бөлтірік шешен Сөз мағынасын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білген жөн. Сонда айтпақ ойың діл әрі түсінікті болады.
Іскерлік (тапқырлық) кәсіпкердің бір-бірімен байланысты 4 қызметі арқылы сипатталады. Олар:
кәсіпкер жер, капитал және еңбек ресурстарын өндіріс пен қызмет үдерісінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталылық білдіре отырып, оларды өз қолына алады;
кәсіпкер бизнесті ұйымдастыру және жүргізу үдерісінде кәсіпорынның әрекет ету бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын негізгі шешімдерді қабылдау үшін өзіне міндеттеме алады;
кәсіпкерлер – жаңашыл коммерциялық негізде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы зор адамдар;