Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз.
Өнер — мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер — мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы... Өнердің шынайы мәнінің діңгегі — сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік — адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету. Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру.
Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығарм. Жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте Эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығарм. қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастау қайнар көз дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаїандану дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жол.