Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет27/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

Жаттығу 
№1.
Дикцияны 
жақсарту 
үшін 
дайындап 
келген 
жаңылтпаштарды жаңылмай жатқа айту. 
4 тапсырма.
Педагогикалық жағдаяттарды саралау. 
Сабақ барысында дикциясында проблемасы бар студент бір сөзді дұрыс 
айтпайды, оған барлық аудиториядағы студенттер ду етіп күліп жібереді, ол 
аудиториядан жүгіріп шығып кетеді және сабаққа мүлдем қатыспай қояды. Сіз 
қандай шара қолданасыз? 
Жоғарыда көрсетілген жаттығулар мен тапсырмалардың толық нұсқасы 
қосымша бөлімде көрсетілген. 
Аталған жаттығуларды, жағдаяттарды, тапсырмаларды, сұрақтарды, 
шығармашылық әрекеттерді түсіндірмелі дәріспен бірге өткізсе, оның нәтижесі 
әлдеқайда жоғары болады. 
Сонымен қоса, педагогикалық артистизм элементтерін меңгеруден кейін 
шығармашылық есеп ретінде келесі тапсырмаларды орындауға болады: 
1.
Арнайы педагогикалық тақырыпқа үш минуттық әңгіме айту, 
педагогикалық міндеттерді қою, мысал мен өлеңдерді, прозаикалық 
туындыларды драматизациялау; аудиториямен ойын өткізу. Бұл өзін өзі басқара 
алуының қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 
2.
Педагогикалық міндеттерді шешу және сабақ үзіндісін дайындау. 
Талдау барысында өзара қатынастың белсенділігіне, сендіру және иландыру 
қабілетіне, педагог позициясындағы авторитарлықтың болмауына назар 
аударылады. Бұл қарым-қатынасты басқару шеберлігінің қалыптасу деңгейін 
білуге мүмкіндік береді. 
3.
Сабақ үзіндісін өткізу, оқушылармен бірге ұжымдық шығармашылық 
жұмысты ұйымдастыру. Оларды орындау арқылы мұғалімнің оқу-тәрбие 
үдерісін басқаруға дайындығын анықтауға мүмкіндік береді. 
Сонымен, біз педагогикалық колледжде жүргізген зерттеуімізді талдай 
келе, сауалнама және тест нәтижелері бойынша білім алушылардың 
педагогикалық артистизмді түсінетіндіктері, оларды қолдану не үшін қажет 
екендігін, бойларында педагогикалық артистизмді дамыту керектігін, 
педагогикалық артистизм анықтамасын біледі.
Дегенмен, мұғалімдерге педагогикалық артистизм элементтерін үйрету 
қажеттілігі туындады. Біз моделіміздің педагогикалық артистизмді үйретудің 
сатыларын жүзеге асырдық. Нәтижесінде, болашақ мұғалімдер бұл курстың 
оларға пайдасын тигізгендігін, қажетті әрі қызықты сәттерін, жаттығуларын, 
тапсырмаларын, сұрақтарын сабақ барысында студенттерге де қолдануға 
болатындығын жеткізді. 
Педагогикалық артистизм негіздерін меңгеру үшін болашақ мұғалімнің 
ең басты міндетін үйренуден бастау керек, ол–өз мамандығы мен балаларға 
деген қатынасы. Біздің моделіміздің мақсаты–мұғалім бойында педагогикалық 
артистизм элементтерін қалыптастыру. Міндеті–мұғалімнің эмоционалды-


64 
бейнелік 
сферасын, 
шығармашылық 
қабілеттерін 
дамыту, 
өзінің 
психофизикалық аппарат жүйесін басқара алуды үйрену. Педагогикалық 
артистизм негіздеріне үйрету үшін сатылы тұғырды қолдану керек. 
Бірінші саты:
педагогикалық артистизмнің негізгі ерекшеліктерін, 
педагогикалық техника және шеберліктің компоненті–театралды педагогика 
элементтерін меңгеру. Теотерикалық ақпаратты меңгеру үшін шығармашылық 
ізденіске итермелейтін эвристикалық әдісті қолданған дұрыс. Осы арқылы 
шығармашылық іс-әрекет, ойлардың генерациясы, шығармашылық қиял, 
шығармашылық рефлексия және т.б. дамиды. 
Екінші саты:
педагогикалық шынайылық негізінде құрастырылған түрлі 
тапсырмаларды меңгеру жүреді. Сонымен қоса, педагогикалық іс-әрекетке 
бейімделген театралды педагогика саласынан да тапсырмаларды орындау 
жүреді. Меңгерілген білім, білік, дағдыны жұмыста қолдануға үйрету үшін 
әдістемелер оқытылады. Педагогқа қажетті коммуникативті және әртістілік 
сапалар дамиды. Бұл сатыда тәжірибе жүзінде адам педагогикалық жағдайларда 
өзін байқап көрумен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет