68
12.
Кейде холерик болып көріңіз, барлығына импульсивті әрі тез жауап
қайтарыңыз. Әдемі сөйлеуге үйреніңіз.
13.
Киім-кешегіңізге сыни түрде қараңыз (қанық түсті, сәнді киімдер бар
ма?). Киім мен жүріс-тұрысыңызда белгілі-бір өзіңізге жарасымды стильді
таңдаңыз.
14.
Аутотренингпен айналысу қажет. Эмоция стихиясына қарсы
тұрмаңыз, керісінше, өзіңіздің көңіл-күйіңізді басқаруға үйрену керек.
15.
Өзгелерге
ұқсамайтыңызға
қуаныңыз.
Өзіңізді
басқалармен
салыстырмаңыз, керісінше, өз индивидуалдылығыңыздан ляззат алыңыз.
16.
Телесұхбаттасуға қатысыңыз. Досыңызға сендіріп, өтірік айтыңыз,
содан соң шындықты ашыңыз. Қалжыңмен жауап беруге тырысыңыз. Мысалы,
сізге театрға баруға шақырса, қатал түрмен: «Бұны жан-жақты ойластыру
қажет. Ертең келіңіз»-деп, жауап беріңіз. Бұл кішігірім актерлік сізге жағдайды
басқаруға және жауап алдында ойлануға мүмкіндік береді.
17.
Қоғамдық көлікте адамды бақылап қараңыз. Егер ол адам сізді байқап
қалса, онда сіздің көзқарасыңыз деликатты емес. Бұл жаттығуды үнемі қайталап
тұру қажет.
18.
Қысымды жағдайда қалжыңдауға үйреніңіз. Мысалы, қоғамдық
көлікте біреу аяғыңызды басып кетсе, күлімдеп былай айтыңыз: «Автобусты
кішкентай етіп жасайтын болған ба?». Егер дұрыс тонды таңдасаңыз, ол
қалжыңды дұрыс түсінеді.
19.
Егер сіз жақтырмайтын адам болса, онда оны жақын досыңыз ретінде
қабылдауға тырысыңыз.
«Артистизмді меңгеруге болады ма?» деген сұрақ туындайды. Әрине,
бірнеше жаттығулар арқасында үйрену мүмкін емес. Бірақ педагогикалық
артистизмді дамыту, оның көріністерін ынталандыру қажет. Егер педагогтар
кішкене болсын әртістік шеберлік болмаса, шығармашылық іс-әрекет етпесе, ол
міндеттерін дұрыс атқара алмайды. Бұл қасиетті дамыту үшін оған сәйкес ішкі
және сыртқы шарттар–артистизм көріністерін қалыптастыру мақсатында
жағымды атмосфера болуы керек. Педагогикалық артистизмге бөлек дағдылар
мен әдістермен емес, логикалық бір-бірімен байланысқан жүйемен үйрету
қажет [55].
Достарыңызбен бөлісу: