Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет30/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

Педагогикалық мизансцена:
т
еатрдағы мизансцена деп актерлердің 
спектакль кезінде белгілі бір рөльдер және образ бойынша сахнадағы 
орналасу. 
Педагогикалық 
 
мизансцена

педагогикалық 
үдерісте 
қатысушылардың барлық топ мүшелерімен қарым-қатынастарды мақсатында 
орналасуы.Педагогикалық мизансцена мұғалімнің іс-әрекет компоненттерінің 
бірі екендігіне байланысты емес, мұғалімнің білім беру жоспарына сәйкес 
ойластырылған.
 
Мизансцена мынадай бірнеше педагогикалық функцияларды 
атқарады:
 
-
Пропедевтік функция
- қатысушылардың осы жерде және қазір 
деген ситуациядағы іскерлік ойынға дайындау; 


69 
-
Диагностикалық функция
- пқатысушылардың топтағы қарым-
қатынасын анықтауға, олардың педагогикалық процесстегі мизансценаға 
дайындығын анықтау; 
-
Психологиялық функция
- педагогикалық үдерісте қатысушылардың 
өздерін еркін ұстауына жағдай жасау; 
-
Ориентациялық функция
бір қатысушының қасында отырған келесі 
бір қатысушыға рның жеке дара тұлға екендігін айту, қамқор болу; 
-
Коммуникативті 
функциясы
педагогикалық 
мизансценаны 
аудиториядағы белсенді қатынаста пайдалану және керек емес кезінде 
қолданбау; 
-
 Қабылдау ауқымын кеңейту функциясы. 
Мизансценаның негізгі 
компоненттеріне мыналар жатады: 
кеңістік, центр, қатысушылар саны, 
қатысулар арасындағы байланыс, материалдық қолдау. 
«Трансверсалды құзыреттілік» концепті 1970 жылдардың басында 
Еуропада бастау алды. Алғаш рет аталған концепт 1972 жылы Э.Фордың 
«Learning to be: The World of Education Today and Tomorrow» атты
баяндамасында қолданылды. Автор бұл тұста, негізгі екі идеологияны ұсынған 
болатын, «үздіксіз білім алушы» және «білім алушы қоғам» (Dreimane, 2017). 
Трансверсалды дағдылардың терминология мен классификациясы әр түрлі 
болғанымен, нақтыланған зерттеулерде көрсетілгендей, ең алдымен жеке 
тұлғаның жұмысқа қабілеттілігін арттыратын кәсіпкерліктен, іскерліктен 
көрініс табады. Бұған қоса, басқа да ерекше дағдылар жиынтығы ретінде де 
қарастырылуда. Трансверсалды дағдылар жиынтығы бір қызмет саласынан 
қарағанда екіншісінде өзгеше болуы мүмкін. Мысалы, педагогтер үшін,өз 
саласы бойынша білімі- кәсіби дағды, ал шет тілінде сөйлеу, ақпараттық-
цифрлық сауаттылық және т.б. трансверсалды дағдылар. Екінші тұсынан, 
цифрлық дағдылар ақпараттық сала қызметкерлері үшін кәсіби дағды болса, 
керісінше педагогтер үшін маңызды трансверсалды дағды ретінде 
қарастырылады. 
Трансверсалды құзыреттіліктер ЮНЕСКО-ның сипаттауынша, сыни және 
инновациялық ойлау,тұлғааралық қарым-қатынас, жаһандық азаматтық, 
физикалық және психологиялық саулық. Пәнаралық құзыреттілік пен 
трансверсалды құзыреттіліктер арасындағы байланыстар әлі де толықтай 
анықталмаған (Amadio,2013) .
Дәстүрлі құзыреттіліктер - «санау, логика, сауаттылық, ғылыми білім 
сынды танымдық қабілеттерді түсініп, қолдануды сипаттайды. Ал, 
трансверсалды/ танымдық емес дағдыларға жеке тұлғаның қоғаммен қарым-
қатынасын жеңілдететін әлеуметтік, эмоциялық құзыреттіліктер жатады (Yano, 
2013). 
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша бұл құзыреттіліктер тек, дағдыны 
ғана емес, сонымен қатар, құндылықтар мен білімді де қарастырады. 
Трансверсалды құзыреттіліктер өте күрделі құзыреттіліктердің бірі болып 
саналады және қоғамда білімге бағытталған негізгі жол деп танылады. Аталған 
құзыреттілік еңбек нарығының сұраныстарын қамтамасыз ету үшін шешуші 


70 
рөлге ие, сондықтан да, кей зерттеулерде бұл құзыреттілікті еңбек ету 
құзыреттілігі деп те көрсетіледі. Жоғарыдағы ұсынылған мәліметтерді 
қорытындылай отырып, трансверсалды құзыреттілікті – дамушы қоғамдағы 
білім мен ғылымның көптеген салаларын қамтитын, болашақ мамандардың 
мақсатқа дұрыс және тиімді жолмен жету жолында қажет деп қарастырылатын
дағдылардың жиынтығы деп қарастыруға да болады. Кейінгі жылдары 
трансверсалды құзыреттіліктің дамуына айрықша көңіл бөлініп жатқандығы 
айтылып жүр. Осыған орай, аталған құзыреттіліктің еліміздегі ЖОО-дағы 
қалыптасу жайы туралы қарастырған едік. 
Режиссура классиктері; К.С. Станиславский, В. Немирович-Данченко, В. 
Мейерхольд, А. Таиров, А. Папов пластика іліміне зор көңіл бөлген. Атақты 
режиссер, өнер қайраткері халық әртісі, профессор Маман Байсеркенұлы өзінің 
«Сахна және актер» атты кітабында «Ерттеулі аттай көз тартар ерекше бітім, 
адам тәнінің көркемдік қасиеттері жойылып барады. Әсемдіктің орнына 
әсемпаздық, 
сұлулықтың 
орнына 
сұмпайылық, 
көріктілік 
орнына 
кердеңдеушілік, адыраңдаған, едіреңдеген, ербеңдеген тұрпайы қимылдар мен 
қозғалыстар көбейіп кетті. Соның салдарынан сөз бен сымбаттың келісімділігі 
өзара үйлесім өрнегін таппайтын болды»- деп ренішпен жазады. Сол секілді 
оқытушылардың тек сөз әрекетімен ғана емес тұлға қимыл-әрекетімен де 
жаттығуы керек екенін естен шығармаса дейміз. Егер жазушы алдына белгілі 
бір мақсат қойса, ол оның сол тақырып жөнінде айтайын деген идеясы болып 
есептелінеді. Режиссерлерде де көкейкесті мақсат болады, сол іспеттес 
оқытушылардың да ашылатын жаңа тақырыбының негізгі түйіні мақсаты, 
идеясы бар. Оқушыларды шығармашылық ізденісі арқылы көру, есту 
зейіндерінің көлемін кеңейтіп дамыту барысында ойын, арифметикалық 
есептеу, тіл мәдениеті, дауыс тембрі, дұрыс қимыл, әдемі жест, қарапайым 
қимылдар, орындықта шусыз отырып тұру, аяқтың адымын дұрыс алу т.б. 
әрекеттерге арналған жаттығулар жасалынады. 
Педагогика пәнінде тақырыптар өте бай. Мысалы; «қанатты сөздер» 
тапсырмасында оқушылар сабақ соңында оқып шыққан мәтіндерден, қай 
оқушы қай жерде оқу мәнерін бұзды, қай сөзде дыбыс екпінін дұрыс қоймады, 
деген кемшіліктерді талдаумен сабақты аяқтайды. Қай кезде рөлдік ойындар 
ойналады. Мысалы: сот, хатшы, айыпталушы, адвокат, куәгерлер т.б. Бұл 
рөлдік ойындар оқушылардың сөйлеу мәдениетін, пікір таластыру мәдениетін, 
сөйлеу мазмұндылығына құралады. Онымен қоса образдық талғам, сенімділік, 
жест, мимика үйлесімділігі де есепке алынады. Ойын сабақ соңында ойналып, 
талданады. Әрине оқушылар кәсіби әртіс боламғандықтан олар кейіпкерлерді 
шамалары келгенше, өз қиялының зердесі жеткенінше сомдайды.
 
Педагогикалық артистизмді меңгерудің әдістемелік ұсыныстарын 
қалыптастырдық. Педагогикалық артистизмге кешенді түрде үйрету қажет. 
Сонымен, біздің зерттеуімізге қажетті әдебиеттер көлемін талдай келе, 
жұмыстың басында қойылған міндеттеріміз мен мақсатымызға қол жеткіздік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет