Абылай хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға Абылай хан тұсындағы қазақ мемлекетінің жағдайын оның ірі мемлекеттік билеуші ретінде қалыптасуына ықпал еткен факторларды анықтау
Дамытушылық: Абылай ханның үш жүздің біріктіру жолында атқарған қызметіне бааға бере отырып,оқушыларды жүйелік ойлау,топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту,
Тәрбиелік:Абылай ханның өз Отанына,халқына деген сүйіспеншлігін көрсету,оқушыларды өмірде қажетті бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:ТББ моделі,топпен жұмыс.
Сабақтың түрі:Интерактивті оқыту
Материалдар мен құралдар:Абылай хан портреті,ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан аумағының картасы.
Сабақ барысы:
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Абылайдың қолбасшысы,саяси қайраткер ретінде қалыптасуы
2.Абылай тұсындағы Қазақ хандығы
3.Ресей-Қытай қарым-қатынасы
4.Тарихи құжаттар
Ұйымдастыру сәті:
Оқуышлары түгелдеп,зейіндерін шоғырландыру
Сыныпты 2 топқа бөлеміз.Эксперт таңдап алынады.
1-тапсырма.1-топ 2-топқа сұрақ қояды.Сұрақ:Кіші жүзде Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейінгі жағдай қалптасты?
2-топтың 1-топқа сұрағы:Ертіс пен Жайық бойында әскери шептер салудың мақсаты неде?
1-топқа 2-топтың сұрағы:Жоңғар мемлекетінің тапқандалуы қазақ орыс-қытай байланыстарына қалай әсер етті?
2-топқа 1-топтың сұрағы:Қазақ -орыс саудасындағы отаршылдықты қалай аңғаруға болады?
Эксперт қай топтың тапсырмаға дұрыс,нақты,терең жауап бергенін хабарлайды.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Жаңа білімді игеру кезеңі.
Оқушыларға Абылайдың портретін көрсетіп,балалар кім айтады,бұл кім?
Қазір жаңа сабақтың тақырыбын табамыз.
Балалардың жауабы:Абылай хан.
Ия,бүгінгі сабақтың тақырыбы «Абылай хандығы»
«Миға шабуыл»Абылай-Әбілмансұр-«Сабалақ»-мемлекет басшысы-қолбасшы –мәмлегер-дипломат-батыр-азамат-күйші,т.б.
Абылай
Хан
Әбілмансұр
«Сабалақ» Батыр
Қолбасшы Мемлекет
Басшысы
Мәмлегер
Сіздердің тапсырмаларыңыз мынадай:
1.Интерактивті оқытудың моделімен танысу ТББ: Топ-Бәсеке-Бәйге
2.Тарихи тұлғаларды тануда белсенділіктеріңді арттыру
3.Топпен жұмыс жасауда бір-бірін тыңдай білуге ,ақпараттар алмасуға және бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.
4.Өмірде қажет болатын бәсекеге қабілеттілікті өз бойларыңнан шыңдау
3.Жаңа сабақ
Сыныптағы оқушыларды сұрақ қою арқылы 4 топқа бөлемін.
Балалар,араларыңда тарихи кітап оқығанды ұнататындар бар ма?
Болса қандай кітап?
Жауабы: «Көшпенділер», «Алтын Орда», «Аласапыран», «Тарих толқынында»,т.б.
4 оқушыға төс белгі тапсырып,бір-бірден 4 командаға жібереміз.Топтың аты: «Білгірлер».
-Балалар тарихи кітап жазған қандай жазушыларды білеміз?
Жауабы:Ілияс Есенберлин,Мұхтар Мағауин,Әнуар Әлімжанов.
4 оқушыға төс белгі тапсырылып,бір-бірден 4 командаға жібереміз.
Топтың аты: «Тапқырлар».Қалған екі топқа да сұрақтар қойылады.
3 топ-«Алғырлар»,4-топ-«Ептілер».
4.Сұрақтар мен жауаптар:
Топтың аты:
|
Сұрақтары
|
Жауаптары
|
Білгірлер
|
Абылай ханның ата тегін білесің бе?Абылай хан жоңғарларға қарсы ұрыстарда қандай батырлардың көмегімен жеңіске жетіп отырды?
|
Шыңғыс хан –Жошы-Тоқайтемір-Өзтемір-Қожа-Бәдіғұл-Орыс-Құйыршық-Барақ-Әз-Жәнібек-Жәдік-Шығай-Есім-Уәлибақы-Қанышер Абылай-Көркем Уәли-Әбілмансұр,Бөгенбай,Қабанбай,
Баян,Наурызбай,Малайсары,Жәнібек,Райымбек
|
|
Абылайдың ұрпақтарынан кімдерді білесіңдер?
|
Кенесары хан,сұлтан Шыңғыс,ғалым Шоқан Уәлиханов тарихшы Е.Бекмахановтар бар.
|
Тапқырлар
|
«Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежесіне көтерді»деп айтқан кім?
|
М.Қозыбаев
|
|
Абылай хан Әділ атты баласын аманатқа қай елге жіберді?
|
Қытайға
|
|
Абылай ханның хандық құрған уақыты
|
1771-1781 жж.
|
Алғырлар
|
Абылай хан тарихын алғаш зерттеген Қазақ ғалымы кім?
|
Шоқан Уәлиханов
|
|
Абылай ханның негізгі мақсаты қндай болды?
|
Қазақ хандығының тәуеьлсіздігін сақтау,нығайту, үш жүздің басын біріктіру болды
|
|
Абылай неше жасында қару асынып жауға қарсы елін қорғауға аттанды?
|
15 жасынан бастап
|
Ептілер
|
«Хан Абылай атандың Дүниеден шықпай мінің Алтын тақтың үстінде Үш жүздің басын құрадың»-деп айтқан кім?
|
Бұхар Жырау
|
|
«Абылай жолын»хан жолы деп халық атап кеткен сауда жолы Қазақстанның қай жерінен өтеді?
|
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданының батысынан басталып,Ертістің сол жағалауын бойлап,Қытайға қарай сауда жолын салған.
|
|
Абылай хан қасына топтастырған руханият өкілдері кімдер?
|
Бұхар жырау,Үмбетей Жырау,Тәтіқара.
|
5.Медиациялық ойын «Ғылым».
Сыныптағы 4 –топ Абылай зан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты туралы әр түрлі мәліметтер келтірілген тарихи құжаттардан үзінділерді салыстыра отырып,әр топ шешімге келіп,Абылайдың данышпан мәмлегер,айбынды дипломат екенін дәлелдеп беруі керек.
1.Аймақтарда патша өкіметі әскери әрекетінің күшеюі,циндік әскерлердің Қазақстан жеріне басып кіруі қаупі Абылай бастаған ықпалды сұлтандардың Ресей бодандығын сақтай отырып,Цинь боғдыханының сюзерендік жоғары билігін қабылдауына түрткі болды.
2.Абылай ұстанған екі жақты бодандық саясаты Қазақстанның өмірлік мүдделерінен туған еді.Бәрінен бұрын орта жүзде көптеген салағтарда олар жүзеге асырған терең өзгерістер тәуелсіз саясат жүргізуді қамтамасыз етіп,қазақ феодалдық мемлекеттілігін нығайтты.Екатерина ІІ мен циндік сарайдың,яғни екі ірі мемлекеттің Абылайды орта жүздің ханы деп мойындауы оның позициясын едәуір нығайта түсті.
3..... (Абылай )өз заманындағы қырғыз (қазақ)билеушілерінің салыстырғанда жасымен,айлакерліггімен,тәжірибиелігімен,ақылдылығымен,өз қарамағындағы халықтың көптігімен басым болды.
4. «Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленеді.Батырлармен тізе қосып,қаҺармандықтың тамаша үлілерін көрсеткен,сөйтіп,халықтың ұйытқысы болған Абылайханның ерліктері сонжай қатал заманда қатал қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.Міне,осылайша екі ғасыр өткен соң Абылайдың қазақ тарихындағы тиісті орны белгіленді».
Н.Ә.Назарбаев
Рефлекция
Осы сабақтан не үйрендім,осы сабақ ұнады ма,т.б ойлары туралы 10 минут эссе жазады.
Қорытынды.
Үйге тапсырма.
ПАйдаланған әдебиеттер:
1.В.Тихомирова «Уроки сотрудничества:Пособие для учиетелей»-Алматы.2000ж
2.Общественный Фонд «Развитие и обучение для 21 века».Ж:Қасымбаев
«Абылай хан».-Алматы.2003ж.
3. «Қазақстан тарихы:әдістемелік журналы» 2005ж.,2006 ж.
4.Қазақстан тарихы:оқушы анықтамасы 5-11 сыныптар.-Алматы 2005ж.
Достарыңызбен бөлісу: |