83) Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы. ҚР білім және ғылым жүйесіндегі “Болашақ” бағдарламасына тоқтала кетсек. «Болашақ» халықаралық стипендиясы ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура), сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды. Осы уақыттың ішінде «Болашақ» бағдарламасы еліміздің стратегиялық басымдықтарына негізделе отырып, дамудың бірнеше кезеңдерінен өтті. Айта кетерлігі, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтармен түрлі кездесулерде, халықаралық оқиғалар барысында не болмаса форумдарда бағдарламаның қалай құрылғандығын және қанша жас өреніміз шетелде білім алып жатқандығын үнемі айтып отырады. Қазіргі таңда өнерлі жастарды қолдау үшін белсенді түрде жұмыс жүргізіліп жатқанын білесіздер. Қоғамда түрлі бағыттар креативті азаматтардың тұтас шоғыры қалыптасты. Сонымен бірге, жас ғалымдарға көмек көрсетудің маңызы зор. Біз «Болашақ» бағдарламасын бекіткеніміздің дұрыс болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Біздің еліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы қарттарға зейнетақысы бере алмай жатқан кезде, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әскерилерге айлығын төлей алмай жатқан тұста жастарымызды әлемнің ең үздік ЖОО-ларына жолдап жаттық. Мемлекет әрбір жас үшін жыл сайын 30 мыңнан 50 мың АҚШ долларына дейін төлеп отырды. Міне, осы жолмен қазіргі таңда 14 мың жас өрен оқып, тағы да 20 мыңын ата-аналардың өзі жіберіп отыр. Олардың 12 мыңы қайтып келіп, біздің экономикаға жұмыс істеуде. Жалпы қорытындылай келе, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған жастар бүгінде Үкіметте, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарда, квазимемлекеттік секторда жемісті еңбек етуде. Бул үлкен жетістік
.
84) «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. «Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді:
ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
археологиялық зерттеулер;
қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
Облыс кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау:
«Мәдени мұра» қорын қалыптастыру;
Мәдени–әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау;
Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау;
Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту;
Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау;
Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену;
Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу;
Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі. Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.
Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.
Ұлттық санадағы қалыптасу маңызы
1 көп контент қазақ тілінде болады
2 ески мұраны сақтау насиқаттау
3 тарихи мұраны сақтау
4 қазақ адамының болмысын мәдениет арқылы дамыту, сақтау.
1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарыққа шықты, Маңызы - Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі айтылады
Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма.