Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты



бет27/29
Дата17.10.2023
өлшемі220,31 Kb.
#186057
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары-emirsaba.org

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатыбелсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді
1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азиямен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.
Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат.
1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау.
88) Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
Қазақстандағы конфессионалдық саясаттың құрылуына негіз болатын басты ұстанымдар: Елдің Конституциясы мен заңдары азаматтарды ар-ұждан және діни сенім бостандығына кепілдік береді.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар үлгісі мемлекеттің конфессияларға қатысты бейтараптылық танытуына негізделген, барлық діндер тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие, түрлі сенімдегі адамдар арасында өзара сыйластық қатынастар орнатылған. Осы қағидаларды қалтықсыз ұстану нəтижесінде мемлекеттің тəуелсіздігін алудағы тарихи өтпелі кезеңде қазақстандық қоғамның бүтіндігі сақтала білді.
Конституция конфессионалдық, этникалық және өзге де белгілердегі кемсітушіліктің кез келген формасына тыйым салынады Қазақстан зайырлы және құқықтық мемлекет саналатындықтан, мемлекет конфессиялардың өз қызметтері мен құқықтарын жүзеге асыруға тең және қолайлы жағдай жасайды. Аталған ұстанымдар конфессиялар арасында достық байланыстың нығаюына себепші болды. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі өздерін мұсылман санауы өзге діни сенімдердің толыққанды қызмет етуіне кедергі жасамайды. Мұсылман емес діни бірлестіктер санының артуы осыған дәлел бола алады. Азаматтық қоғам институттарының- үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына белсенді қатысуы Қазақстандағы конфессиялық тұрақтылықтың нығаюында маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда халықтың түрлі деструктивтік оның ішінде жалған діни идеяларды мойындамаудағы нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды саналады. Қорыта келе, қазіргі таңда Қазақстанда діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға, діни сенімдерге құрметпен қарауға, заң алдында түрлі дін өкілдері тең дәрежеге ие болуына негізделген мемлекет пен діндер арасында бірегей үлгі орнағандығын айта кету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет