Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы



бет28/29
Дата17.10.2023
өлшемі220,31 Kb.
#186057
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары-emirsaba.org

89)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауына сүйенеді.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына …
2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы
кепілдіктермен қамтамасыз ету
Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ұйымдарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді; жазасын өтеу орнынан оралғандарды; сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын; запасқа шыққан әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын көздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде, жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруді талап етеді.
Мемлекет, меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың жас мамандарды жұмысқа алуы мен жұмыс орындарын өсіруге мүдделілігін арттыруда; оларды қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен өткізуде; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдықтарын ескере отырып, жастарға кәсіби тұрғыдан бағдар беретін мемлекеттік жүйені дамытуда қосымша ынтаны кеңінен пайдаланатын болады.
Жас таланттарды қолдау мен шыңдау:
Мемлекет дарынды тұлғаның аса зор қоғамдық маңызын, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай жасауды басшылыққа алады.
Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық қуатын сақтау мен дамыту, жастардың дербес шығармашылық дамуына жағдай жасау жас таланттарды қамқорлығына алған мекемелер мен кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға, қайырымдылық қорларына, өзге де қорларға, жеке тұлғаларға экономикалық жағынан қолдау көрсетуді, дарынды жастарға стипендиялар, жүлделер, жәрдемақылар тағайындауды; жастардың шығармашылық, жаңашылдық қызметіне мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Дарынды жастарды қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясаты елдегі жалпы адам ресурстарын дамытудағы саясатпен қанаттас жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет