1.2 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Осыған орай заман талаптарына сәйкес білім беру салаларында ең алдымен білім мазмұнын жаңарту жұмысы кеңінен қолға алынуда. Оқыту процесінде, тек мұғалім өзінің іс-әрекетінің дұрыс болуына қарап қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға көңіл аударылуы тиіс.
Оқушылардың танымдық қызығушылық әрекетін қалыптастыру мен дамытудың басты шарты оқыту процесін жетілдіру.
Оқыту-таным процесі, оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін күш немесе себептер болады.
Бала жақсы оқуы үшін, алдағы өмірде білімнің керек екенін түсініп, сол білімге қызығуы қажет. Мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті-оқыту болса, оқу оқушының өзіндік танымдық түсінігіне, біліміне, ізденуіне ықпал ететін құбылыс болып табылады.
Таратылған білімнің практикада қолданылатыны, оның қоғам өмірін жетілдіретін шара екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Қоғам өмірінің дамуына көз жүгіртсек, жас жеткіншектердің алған құнды да толық білімдері еш уақытта пайдаланусыз қалған емес, керісінше күнделікті өмірде ғылым мен техниканы дамытуда кеңінен пайдаланып келеді.
Алдағы өмірде жаңаны іздеуге ұмтылуға, ғылыми жаңалықтар ашу, өнеріне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Ал бұл үшін тұрақты түрде педагогикалық процестерді жетілдіру қажет.
Әрбір оқытушы өзінің оқушысының білім алу барысында көп қиындықтарға кездесетін көрінеді. Мұндай қиындықтың болуы заңды нәрсе. Бұл оқыту өнерінің көп мәселесі әлі зерттеліп болмағандығына байланысты болып отыр.
Егер біз оқушылардың математикаға деген терең қызығушылығын тәрбиелей алсақ, ондағы түсініктерді саналы түрде қабылдатып жастарға теориялық білімдерінің күнделікті практикада қолдануының жан-жақтылығын алсақ, бұл проблеманы шешкен болар едік.
Бұл мәселені шешудің бір мүмкіндігі-оқытудың алғашқы қадамнан бастап, оқу материалын терең түсінуді қамтамасыз ету. Бұның алғы шарты оқушылардың ой қызметі белсендігін арттыратын, математикалық ойлауын дамытатын дидактикалық есептер.
Оқушылар үшін белсенді ойлау жағдайын тудыру үшін танымдық мәні бар, ізденуге жетелейтін өздігінен жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызатын есептерді таңдай білудің маңызы зор. Қазіргі таңда осындай, оқушылардың танымдық ой-өрісін дамытып, өмірге бейімділігін арттыратын экономикалық мазмұнды есептер шығарудың және экономикалық тәрбие берудің қажеттілігі арта түсуде.
Нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуіне байланысты қоғам талабына сай, қазіргі өмір экономикалық тәрбие беруді мектептен бастап қалыптастыруды талап етеді. Бірақ қазіргі мектеп оқушыларға арнайы экономикалық дайындық бермейтіні белгілі. Мектептің оқу беру саласында оқушылардың экономикалық сауаттылығын жоғары деңгейге келтіруге және жан жақты білім беру жоспары бойынша экономиканы оқытуды жүргізуге болады.
Мектептен алған білімі бойынша оқушыларға мектепті бітіргеннен кейін өндіріс орнында еңбек ете жүріп экономикалық білім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық құрылымының радикалды өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, білімге, бүкіл оқу әдістемалік жүйеге жаңа талаптар қояды. Бұдан оқу әдістемелік жүйенің салаларына түзетулер енгізіп оқу процесін қайта құруды, ондағы мұғалімнің ролін қайта қарау қажеттігі туындап, қалыптасқан әдістер мен технологияларды оның жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлері мен ұтымды ұштастыру әрекеттері іздестірілуде.
Білім беруді демократияландыру орта және жоғары мектеп оқушылары үшін бүкіл оқыту жүйесін қайта қарап, қоғам дамуы нәтижесінде қалыптасқан қағидаларды, оқушы жастардың оқуға деген ынтасын ескеріп жаңа оқу жоапарлары мен бағдарламаларына пән құрылымына өзгерістер енгізілуде.
Нарықтық қатынас нәтижесінде пайда болған жаңа мамандықтарға сәйкес оқу әдістемелік құралдар шығарылып, оқыту жүйесінің жаңа әдістемелері жасалуда осы өзгерген жүйені мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігінен туындаған реформалар мемлекеттік білім стандартын жасап, оқу процесіне енгізу арқылы жүзеге асырып жатқанын көріп отырмыз.
Осы уақытта 5-9 сыныптар үшін оқушыларға экономикалық білім берумен айналысқан экономист, педагог, әдіскерлер көмегімен бағдарлама концепциясын және оқу-әдістемелік комплектерін жоспарлауда авторлық ұжымдар құрылып, эксперименттік мектептер үшін оқу-әдістемелік кітапшалары дайындалып республика мектептерінде сынақтан өтуде. Қазіргі таңда 7-9 сынып оқушыларымен оқу-әдістемелік құралдары қолжазбалары дайындалып, 10-11 сынып оқулықтарын жазу жоспарлануда. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің бұйрығына сәйкес 2000 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, «Экономикалық білім негіздері» курсы Қазақстан мектептеріне енгізілмекші. Бұл бағытта жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру өз алдына үлкен бір мәселе.
Біз оқушыларға экономикалық білім берудің нақты жолдарының бірі мектеп пәндерінің экономикалық бағытын кушейту деп білеміз. Бастауыш мектепте оқытылып жатқан жаңа буын оқулықтарында экономикалық тәрбие беру мәселесі кеңінен орын алған. Ал орта мектептегі экономикалық тәрбие мен білім беру арнаулы курстармен қоса негізгі пәндерді оқыту процесінде де орын алатыны орынды деп есептейміз. әсіресе, бұл мәселені математика сабағы арқылы шешу өте қолайлы. Оқушылар математика сабағында экономикалық білім ұжымдары мен танысып өнімнің меншікті құнын, еңбек өнімділігін, шығын, түсім, т.с.с. есептеулерді үйренеді. Әрине, бұл алдағы тұрған еңбек мәселесін шешуге көмектеседі, демек оқушыларды еңбекке, қоғамға, өмірге белсенді араласуына бағыттайды.
Экономикалық тәрбиенің мынадай керекті мәселелері;
Еңбек сүйгіштікті, кез келген жұмысты орындауға дайын болуына, өзінің еңбегінің нәтижесінде ұжым алдында жауапкершілігі, қоғам байлығын өсіру.
Оқушыларды жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, жақсы нәтижелер алуына ықпал ету.
Оқушыларды экономикалық сауаттандыру іске асады.
Бұл мәселелер бір-бірімен байланысты. Экономикалық тәрбие негізінен математика саласынан көп көрінеді. Мысалы; экономикалық мазмұнды есептерді шығартудағы басты мақсатымыз, оқушылар өмірге байланысты қарапайым экономикалық терминдердің («еңбек өнімділігі», «құн», «өзіндік құн», «рентабельдік», «түсім»,«шығын» т.с.с.) математикалық мазмұнын пайдаланып, есептер шығара білу керек. Республика көлемінде шығатын газет-журнал беттерінде жарияланатын еліміздің экономикалық хал-ахуалын белгілейтін таблицаларға шолу жасап, түсіндіре білу қажет.
Экономикалық мазмұндағы есептерді шешуде тиімді мына іс-тәсілдерді атауға болады.
Баламалы әдіс;
Есеп шарттарын формализациялау;
Арнайы есептеу әдістері;
Графиктік әдіс.
Сызықтық программалау есептеріндегі белгісіздердің саны екеуден аспаса, онда оларды графиктік әдіспен шығаруға болады. Жалпы бұл әдістің шаруашылықта қолданылу мүмкіншілігі шамалы болса да, сызықты программалау есептерінің негізгі қасиеттерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретіндіктен, графиктік әдісті қарастырып өтейік.
Мысал:
3х1+2х2≥6 2х2≥6-3х1
х1+4х2≥4 х2≥
х1≥0 х2≥0 4х2≥4-х1
х2≥
3 х1+2х2≥6 (1) х1 х2 х1 х2
х1+4х2≥4 (2) 0 3 0 1
х1≥0 х2≥0 1 1,5 2 0,5
(min) нүкте С(2;0)
Анықталу облысы АВСД ашық көпбұрышын береді. Алғашқы түзу Z(2;5) векторына перпендикуляр және координаталар бас нүктесінен өтеді, ол түзудің өсу бағытын N(2;5) векторын береді. Z(х) функциясының ең кіші мәні С нүктесінде жатады. С нүктесінің координатасын табу үшін;
3х1+2х2=6 шешеміз 3х1+2х2=6
х1+4х2=4 х1+4х2=4
х14-4х2 х2=0,6 х1=1,6
Z=2·1,6+4·0,6=5,6 Жауабы: (1,6; 0,6)
Мысал. Қоршау үшін 2м және3м шарбақтар қажет. Олардың бағасы сәйкесінше 50 теңге, 70 теңге. Қоршау ұзындығы 20м болу үшін қай шарбақтан алу керек.
Шығарылуы;
2м—10 шарбақ, 2·10=20м, 10·50т=500 теңге.
3м—6 шарбақ, 2м—1 шарбақ, 3м·6=18м, 2м·1=2м, барлығы 20м.
6·70т=420теңге. 1·50=50 теңге. 50+420=470 теңге.
2м--7ш—14м
3м—2ш—6м.барлығы 20 метр.
7·50=350 теңге.
2·70=140 теңге.
350+140=490 теңге.
2м—4ш—8м
3м—4ш—12м.барлығы 20 метр.
4·50=200 теңге.
4·70=280 теңге. 200+280=480 теңге.
Ең аз ақша жұмсалу үшін екінші тәсілді қолдану керек екенін көреміз. Оқушыларды өз бетіндік жұмыс істеуге үйрету ғана маңызды іс емес, ең бастысы олардың есептерді шығаруға шығармашылық белгілерін туындатуында. Балалар зейінін тиімді жолды табуға бағыттап, олардың қисынды түсінуіне сұрақ арқылы шығып, есептегідей дайындалған шарбақтардың қайсысын пайдалану дұрыс?-дей отырып-ойланып, бәсі жөнінен алғанда арзан шарбақты былайша, 1м шарбақтың бағасы арзан алу. Ал оны табудың жолы шарбақтың баға мөлшерін ұзындығына бөлу арқылы табу керек. Оқушылар, 3м шарбақтар неғұрлым арзан және оларды көптен пайдалануға болады деген қорытындыға келеді. Осындай дайын шарбақтың алтауын ғана алу керек деген шешім жасайды. Осы өздері ашқан кішкене жаңалық олардың танымдылық белсенділігін дамытып, математиканы оқуды олар үшін қызықты етеді. Мектеп оқушыларына экономикалық мазмұндағы мына есептерді ұсынуға болады.
1-МЫСАЛ. Бағасын төмендеткенге дейін теледидар 14800 теңге, төмендеткеннен кейін 11600 теңге тұрады. Теледидар құны неше процентке төмендеді?
Шығарылуы;
1. 14800-11600=3200.
2.
Жауабы: 21,6%
2-МЫСАЛ. Жүк машинасымен 10км қашықтыққа тасымалдағанда жұмсалатын толық шығын 750 теңге, ал 30 км қашықтыққа тасымалдағанда-1500 теңге. Жүк тасымалдауды толық шығын функциясын сызықтық функция деп алып құрыңыз. Жүкті 24 км қашықтыққа тасымалдау шығынын анықтаңыз.
Шығарылуы;
Ізделінді түзудің екі нүктесі берілген. А(10:750), В(30:1500). Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуінің формуласын құрамыз.
= ; =
750х-7500=20y-15000.
750x+7500=20y:
y=37,5+375. x=24. Жүкті 24 км қашықтыққа тасымалдау шығынын анықтаймыз.
y=37,5·24+375=1275 теңге.
Математиканың басты мақсаты-қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті өмірі мен қызметіне аралас пәндерді үйрету мен білім беруді жалғастыруға оқушылардың жеткілікті жүйелі математикалық саналы, зерделі болуын қамтамасыз ету.
Басты мақсатты шешуде, математика сабағында тек қана экономикалық есептермен шектеліп қоймай, математиканың басқа пәндермен байланыстыратын орнын көрсететін есептерді де ұйымдастыру керек. Бұл математиканың қолданбалығын айқындай түседі.
Экономикалық мазмұнды есептерді шығару үстінде мұғалім оқушыларды құнттылыққа, жинақтылыққа, үнемдеушілікке тәрбиелеп, экономикалық ілімнің түсініктерін тереңдете меңгеруіне көмектеседі. Жалпы математиканы меңгеруде өмірмен тығыз байланыстыра отырып өткізу табысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |