Экстрапирамида жүйесінің қандай тұқым қуалайтын аурулары бар?
Экстрапирамида жүйесі немесе стриополлидарлы жүйе көптеген сақиналы байланыстармен,түрлі ауыспалы деңгейлері бар күрделі өзін өзі басқаратын жүйе.
Экстрапирамида жүйесі немесе стриополлидарлы жүйе көптеген сақиналы байланыстармен,түрлі ауыспалы деңгейлері бар күрделі өзін өзі басқаратын жүйе.
Қызметтері;
1.Күрделі автоматтандырылған қимылдарды басқару.
2.Өзін-өзі сақтаудағы инстинктивті қимылдау.
3.Анық мимикалық қимылдарды қамтамасыз ету.
4.Пластикалық тонусты басқару.
Паркионсон ауруы- қимыл қозғалыстың баяулауымен, бұлшықет ригидтілігімен және тыныштықтағы тремор (діріл) мен көрінетін жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларының бірі.
Эпидемиологиясы. Ауру жер шарындағы 100000 адамның 60-140 жиілілігімен кездеседі. Жас үлкейген сайын оның жиілігі де арта түседі. Статистикаға сүйенсек паркинсонизммен 60 жасқа дейінгі адамдардың 1% ауырады. Ер адамдар әйелдерге қарағанда жиірек ауырады.
Паркинон ауруының негізінде мидағы қара субстанция (черная субстанция) нейрондарының азаюы және ондағы Леви денешігінің құрылуымен байқалады.