Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұрады: Бизнес-идея. Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс. Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатынын осыған байланысты. Бұл жерде кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын ескеруі керек. Жеке мүмкіндіктер. Кәсіпкер жаңа бизнестің мүмкіндіктерін, өзінің мүмкіндіктерін және идеяны жүзеге асыруға керек өзге ресурстарды бағалауы тиіс. Клиент. Кәсіпкер болашақ клиентінің кім болатынын жақсы білуі тиіс. Ол үшін кәсіпкер «Менің ықтимал клиенттерім кімдер? Олар қайда орналасқан? Менің клиенттерім нені бағалайды?» деген сынды сұрақтарға жауап беруі керек.