Қабылдаған: Дуйсебекова а түркістан 2023 жыл Жоспары



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі82,3 Kb.
#185348
1   2   3   4
Байланысты:
Сыныптан тыс 3

III.Қорытынды
Бүгінгі студент ертеңгі маман болғандықтан, жұмысқа орналасуда түлектер архив, музей, мәдениет мекемелеріне баруға жалақысы аздығы себепті тартыншақтайтын. Жолдау нәтижесінде осы сала қызметкерлерінің жалақысы өсірілсе, мұқияттылық пен ыждағаттылықты талап ететін архив, музей, мәдениет саласы қызметкерлері қатары өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайтын болашақ мамандармен көбейе түсері анық. Жолдауда мұғалімдерді қолдау саясаты жалғаса беретіндігі көрсетілді. Мұғалімдер қайта даярлаудан бұрынғыдай 5 жыл сайын емес, 3 жылда бір рет өтіп отырады. Олар арнайы курстардан өз қаражатымен емес, мемлекет есебінен өтеді. Бұл талап тек орта мектеп емес, жалпы білім саласына, мектепке дейінгі мекемелерден жоғары оқу орындарына да қатысты болмақ Қазірде, демографиялық оң өзгерістерге сай білім орындарының жетіспестігі сезілуде. Осыған орай, 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу жоспарлануда. Бұл жердегі негізгі мәселе заманауи білімнің қазақстандықтар үшін толық қолжетімділігі болып отыр. Пандемия кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардың компьютер, ноутбук құралдарымен қамтылуында, ауылдық жерлерде интернет желілерінің дұрыс болмауынан кемшіліктер болғаны жасырын емес. Жолдауда осы кемшін тұстарды толық жойып,мектептерді цифрландыру мәселесін түбегейлі шешу міндеті қойылды. Ғылымға ынтасы бар оқушылар мен олардың жетекшілерін материалдық ынталандыру мәселесі көтерілді. Алдағы уақытта, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алған таланттарға 4,5 млн тенге көлемінде ақшалай марапат берілетін болды. Мемлекет Басшысы мектеп ғылымымен қатар ел дамуындағы ғылым саласының түйткілдерін шешу туралы да айтты.Алдағы уақытта қолданбалы және іргелі зерттеулерге арналған мемлекеттік гранттық қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін өсіру белгіленді. Бұл арада ғалымдар еңбегінің қорытынды нәтижесін жариялаудағы уақыттың аздығы мен бюджет қаржысын жоспарлаудағы сәйкессіздік сөз болғаны анық. Қазірде, ғалымдар еңбегінің қорытындысы бұрынғыдай монографиялық басылыммен өлшенбейді. Керісінше, ғылыми зерттеу қорытындысы халықаралық рейтингілік журналдарда жариялануы талап етіледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет