Қабылдаған: Үмбетова а орындаған:Әнуарбек а тобы: ЗҚТ 111 Түркістан – 202 Жоспар



бет1/5
Дата14.03.2023
өлшемі69,74 Kb.
#172493
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ОЙЛАУ МӘДИНЕТІ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

ОБӨЖ
Тақырып:Ойлау мәдинеті

Қабылдаған: Үмбетова А
Орындаған:Әнуарбек А
Тобы: ЗҚТ - 111

Түркістан – 202
Жоспар
1.Кіріспе
2. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия. 
3.Ойлау мәдениетінің анықтамасы
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ философиясы мен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманынан басталады.V-VІ ғасырларда түріктердің әліппесі (алфавиті) мен жазуы болды. Соның негізінде түріктер жазба мәдениетін тудырды. Оны мәдениет тарихында «көне түркі жырлары» деп атайды. Ол мәдени мұралар Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылғандықтан «Орхон ‑ Енисей» руна жазулары деп аталады. Тарихқа өз төл алфавитімен өзге халықтар санаулы. Көптеген халықтар алфавитті өзге дамыған жұрттардан алған. Әрине, түркі алфавиті болған кезде тарихта қазақ этносы болмады. Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

2. «Рефлексия» деген сөздің өзі «артқа қарау, көрсету» дегенді білдіретін «reflexio» деген көне латын сөзінен шыққан. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін – өзі тану, өз – өзіне есеп беру деген сөз. Бұл адамның өз іс-әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы.

Философия ғылымында рефлексия 1) ақыл мен ойлаудың өзіне жүгіну қабілеті, 2) жаңа білім алу мақсатында білімді талдау, 3) ақылы мен рухани жай-күйін өзін өзі бақылау; 4) өзін жүзеге асыру негізіне бағытталған зерттеу актісі деп түсіндіріледі.

Рефлексия мазмұнының көлемі мен көп қырлылығы, белгілері мен қасиеттері мол. Қазіргі уақытта психологияның жекелеген салалаларында рефлексиялық үдерістерді зерттеу жалғасуда. Рефлексия ұғымының психологиялық мазмұнын ашу үшін, сананы (Выготский), ойлауды (Алексеев Н.Г.), шығармашылықты (Понамарев Я.А., Степанов С.Ю.), қарым-қатынасты Андреева Г.М., Кондратьева С.В.), жеке басты (Выготский Л.С.) зерттеу тәсілдері ретінде еңбектерде қарастырды.

3. Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау жатыр.

Мәселе философияның зерделеу объектісі нақтылы зат емес, зат туралы ойлау, ұғымдар, пайымдар, ой қорытымдар және т.б. формасындағы (ал бұлардың көмегімен жекенің ғана емес, жекедегі жалпының да қасиеттері бейнеленеді) ойлау қызметінің заңдары екендігінде. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет