Қорытынды:
Ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырудың маңызлдылығы өте зор. Сыни жағдайларда ой мектебінің жоқтығы байбалам салудың талдаушылықты, жек-көрініштің ізгі ойды жеңумен мәндес болады. Философиялық дайындықтың жоқтығы яғни ойлаудың дәріптелген формаларының жоқтығы зияны бастан асатын ойсыздықтың, пайдакүнемдіктің, қарабайырлықтың, түсінбеушіліктің өрістеуіне әкеп соғады. Біздің уақытта да, яғни ғылымды көп қажетсінетін өндірістер және жоғары технологиялар дәуірінде де философ Эпикурдың: «Әзірше жас болып тұрғаныңда, ешкімде философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын» деген сөзі өзекті болып табылады.
Ақыл (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі – зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл – сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар және т.б. арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады.
Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Д.Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. «Р.Декарт: жүйелі күмандану – философиялық әдістің бір түрі» (78-89 бб); И.Кант: «Ақылға сын» (124-134 бб).
2 К.Армстронг. Құдайтану баяны. Таухид: ислам құдайы. (141-178 бб).
3 Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 ж 31 қаңтар.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |