Қабылдаған: Султанова Ж. С. Шымкент 2020 ж Мейіргерлік үрдістің негізгі теориясы мен әдістемесі. Дамыған елдердегі қазіргі жағдайы



Дата26.01.2022
өлшемі69,96 Kb.
#114956
Байланысты:
2-БӨЖ. СД-01-19. Абай Ж. МҮ


Ж
едел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: «Мейіргерлік үрдістің негізгі теориясы мен әдістемесі. Дамыған елдердегі қазіргі жағдайы»
Дайындаған: Абай Ж. М.

Тобы: В-МІҚ-01-19

Қабылдаған: Султанова Ж. С.

Шымкент 2020 ж

Мейіргерлік үрдістің негізгі теориясы мен әдістемесі. Дамыған елдердегі қазіргі жағдайы.

Мейіргерлік үрдіс – бұл аурудың өмірін жақсартуға оның пайда болған мәселелерін жоспарлы және кезең-кезеңмен шешетін ғылыми-негізделген мейірбикелік күтімнің технологиясы. Мейіргерлік үрдістің негізгі мақсаты - мейіргерлік күтім көрсетудің тиімділігі мен сапасын жақсарту. Және де пациенттерге күтім жасау сапасын жоғарылатуда инновациялық технологияларға сүйене отырып жаңа мейірбике әдіс-тәсілдерін құрастыру деп білемін.

Мейіргерлік қызмет көрсету денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетудің ең үнемді тәсілінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда мейіргердің жұмысы жәй дәрігердің нұсқауын орындаумен шектелмейді, оның негізгі міндеттеріне науқастың күтімі жүктелген, яғни, келетін аурудың алдын алу, науқастың денсаулығын сақтау, науқасты ауруынан айықтыру және қиналған кезде оны жеңілдету міндеттері кіреді. Сондықтан біздің елімізде науқастарға күтім жасаудың тиімділігі мен сапасын арттыратын жаңа технологияларды енгізу өте-өте маңызды деп ойлаймын . Және науқасқа қолайлы жағдай жасау,жақсы қарым-қатынас жүргізу, кез келген жағдайда көмек көрсетуге дайындық мейірбике күтіміне қажетті шарт болып табылады .Медицина мейіргерінің маңызды құралы қамқорлық жасау, күту болып табылады. Медицина мейірбикесінің қабілеттілігін,оның атқаратын қызметін В.Хандерсонның «Мейірбике  аяғы жоқтың аяғы, көзі көрмей қалғанның көзі,әлсіздерге сүйеніш, сөйлей алмайтындарға ауыз», - деген сөзінен байқауға болады.

Қазіргі кезде медбикелік үрдіс әлемнің 50 елінде медбикелік көмектің теориялық,ғылыми базасын құрып, медбикелік білім мен тәжірибенің маңызды бір бөлігі болып саналады. Мейіргер бүгінгі күні науқастарды оңалту үшін және олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін нақты функционалдық міндеттері бар денсаулық сақтаудың тәуелсіз саласы болып табылады. Мысалы, дамыған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі бар елдерде медбикелер көптеген созылмалы аурулары бар науқастармен жұмыс жүргізуді басқарады.

Шет елдерде мейірбикелік күтімнің әртүрлі әдістері дамыған. Ол бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде және мейірбикелік істі кеңейтуді қарастырады. Мейіргерлік практиканы кеңейту медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, науқастардың қанағаттануына және мейіргерлік кәсібінің беделін арттыруға ықпал етеді. Қазіргі уақытта мейіргер ісінде әлемдік тәжірибеде 30-дан астам мейіргерлік күтім үлгісі бар. Олар мынадай негізгі мәселелерді қамтиды:

Пациенттің анықтамасы
Науқастың проблемаларының көзі
Мейіргердің басымдылығы
Мейіргердің рөлі
Іс-ірекет алгоритмі

Іс-ірекет жасау жолдары

Күтілетін нәтиже

Мейірбике үлгісі мейірбикенің мәнін көрсететін негізгі құрылым ретінде анықталуы мүмкін. Медбикелерді дамытуда, білім беру және тәжірибеде жетекші рөл атқарады. Бұл сонымен қатар кəсіби білімді қалыптастыруға жəне мейіргерлер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізеді.


Жалпы қорыта келгенде медицинада науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буынды қызметкер ол – мейірбике. Қазіргі таңда медицина дамуы, денсаулық сақтау жүйесінде медбикелердің орны мен рөліне деген көзқарастың өзгеруіне, тәуелсіз мамандық ретінде мейірбикенің қалыптасуына әкелді. 80% науқастың емін тауып кетуіне септігін тигізетін

мейірбикелер десек артық айтпағанымыз. Ақ халатты абзал жандардың көмегі мен қамқорлықтарының арқасында ауру жандар сырқатынан айығып, денсаулықтың қадірін түсініп жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет