Қабылдау емтиханының бағдарламасы



Дата15.09.2017
өлшемі152,86 Kb.
#32960
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақстан тарихы кафедрасы

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

6М020300 – Тарих мамандығы бойынша

Павлодар
Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті






БЕКІТЕМІН

С.Торайғыров атындағы ПМУ Ректоры

___________ Өрсариев А.А.

201 ж. «___»____________




қабылдау ЕМТИХАНының БАҒДАРЛАМАСЫ

6М020300 – Тарих мамандығы бойынша


Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы: _________ т.ғ.к., профессор Елмұратова Б.Ж.

Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында ұсынылған,

«___» ____________ 201 ж. № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Марданова З.Ж. «___» __________ 201 ж.

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«___» ____________ 201 ж. № ___ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Шакажанова Г.К. «___» __________ 201 ж.


КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ___________ Бегимтаев А.И. «___» __________ 201 ж.

1 Емтиханды өткізу мақсаты мен міндеттері
Магистратураға түсу үшін емтиханның қабылдау мақсаты – бұл үміткерлердің білім деңгейі мен оқуға деген құштарлықтарын анықтайды.

Емтиханды қабылдау міндеттері:



  • мамандықтың сұрақтары бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.


2 Емтиханды ұйымдастыру және өткізу әдісі
Емтиханды тапсыру ҚР БҒМ бекітілген күнімен және грифімен өткізіледі. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау кешенді емтихан (КЕ) және аралас түрде (компьютерлік тестілеу – жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу – питч) үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде бірнеше тілдік оқыту концепциясы бойынша қабылданады.

Емтиханды қабылдау кезеңі видеокамераға түсіріледі.

Емтиханды өткізу кезіндегі болжамды уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ – 1 сұраққа 1,5 минуттан);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

- питч – ауызша 2-3 мин, сұрақ-жауап 2 мин.

Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсетін барлық үміткерлер кіреді, емтиханның екінші бөлімі оқыту траекториясы бойынша жоспарланған модульдік оқыту бағдарламасы бойынша жеке өткізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.






Оқыту траекториясының атауы

Емтиханды қабылдау түрі

1

Зерттеу

Аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

2

Кәсіпкерлік(Start Up - магистратура)

Аралас (компьютерлік тестілеу + питч)

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрдегі емтиханды қабылдау:



  • компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіби әрекетпен байланысты сұрақтар бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • жазбаша бөлімі – эссе, оқуға және ғылыми-зерттеу әрекетіндегі ынтасын анықтау.

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + питч) түрдегі емтиханды қабылдау:

Питч сұрақтарға жауап беру (презентациямен 3 мин баяндама және 2 мин комиссияның сұрақтарына жауап беру), тарихи ғылым, өзгеріп отыратын әлемде кәсіби жинақылықты қамтамасыз ететін ғылымдар тоғысуындағы іргелі білімдерді меңгеріп стартап-жобалар идеясын анықтау және оның коммерция тұрғысында іске асыру.



Қабылдау комиссиясының қызмет саласы мен құрамы. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау комиссиясы (ҚК) қабылдайды, ол университеттің ректорымен бекітіледі, қабылдау комиссиясының құрамына төраға және үш комиссия мүшелері, соның ішінде екеуі тарих ғылымдарының докторы болуы қажет. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедрасы, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, әртүрлі ұйымдар өкілдері және комиссия хатшысы болады.

Комиссияның қызметтік саласына кіреді:



  • мамандықтың сұрақтарындағы үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.

Емтиханды жоғарыда жазылған қабылдау комиссиясы видеокөшірмесі бар арнайы компьютерлік аудиторияда немесе бекітілген аудиторияда өткізеді.

Емтиханды өткізу барысы:



  • үміткер емтиханға аталған күні, аудиторияға белгіленген уақытта келеді;

  • ҚК мүшелерінің рұқсатымен өзінің орнын алады (компьютердің орнын/жауап беттерін алады;

  • үміткер жауап бетінде өзінің атын, тегін, әкесінің атын, әрі қарай оқуға өзі таңдап алған оқыту траекториясын немесе мамандығын жазады;

Эссе үшін:

  • Үміткер 30 мин ішінде эссе жазады (жазған жауабы ұғымды болу керек, соның ішінде кесте, формула, схема және т.б. болуы мүмкін.), ал аралас емтихан түрінде питч түрінде баяндама жасауға дайындалады;

  • барлық жазған жауаптары 3-4 беттен аспау қажет;

  • үміткер жазған жауаптарының әрбір бетіне өзінің қолын қояды және де оны қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.

  • емтиханның жазбаша бөлімінен кейін питч уақыт кестесі бойынша сол аудиторияда жүргізіледі. Питчті тапсыру түрі: үміткер 3 минут ішінде баяндама жасайды, содан кейінгі 2 минутта комиссияның қойған сұрақтарына жауап береді. Үміткердің питчті қорғауда және бағалауда, бір үміткер және комиссия мүшелері ғана отырады.


3 Білімді бағалау
ҚК мүшелері түсушілердің білімдері мен потенциалын балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.

Түсушілердің ҚЕ тапсырғандағы білімдерінің бағалау шешімін, комиссия мүшелерінің дауыс беру жүйесі арқылы жабық отырыс шешімімен қабылданады. Дауыстардың теңдей қорытындысында ҚК төрағасының дауысы негізгі болады. Комиссияның барлық отырыстары протоколдармен рәсімденеді. Протоколды шығарушы кафедраның оқытушылары арасында тағайындалатын ҚК хатшысы толтырады. Хаттамада білім бағасы, ҚК ерекше ойлары және т.б. жазылады. ҚК нәтижелері университеттің ақпараттық стендінде емтихан тапсырған күні ілінеді.

Түсуші бағаларымен келіспеген жағдайда ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімді бағалау критерийлері
Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Қабылдау емтиханы бойынша қорытынды баллдар кестеге сәйкес цифрлық эквивалентке, әріптік және қалыпты бағаға аударылып, емтихан ведомостыне жазылады.

Баллдық қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлік эквиваленті

(Ц)


Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Қалыпты жүйедегі баға (Қ)

Емтихан, диф. сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Қабылданды

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Қабылданбады


5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (максимальды сөз саны – 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың бағытын қалай көресіз?

Эссе құрылымы А Қосымшасында келтірілген.



Эссе жазу әдістемесі

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссе бірнеше бөлімдерден тұрады:

- кіріспе, тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі көрсетіледі (жалпы текстің 10 %);

- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өзінің ойын білдіреді (жалпы текстің 80 %);

- Қорытынды, жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы (жалпы текстің 10 %).

Эссе автордың өз атынан жазылады. Тексты оқуды жеңілдету үшін мағыналы текстыны абзац арқылы бөліп, жаңа ойды жаңа жолдан бастайды.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
6 Питч және оны жазу әдістемесі

Тапсырма:



Таңдап алған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз.

Питч құрылымы Б Қосымшасында келтірілген.



Питчты жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching)ойды сатып алушыны қызықтыру немесе қаржының бағытын өзіне қарай алу мақсатында сөзбен (кейде визуальды) немесе презентация арқылы көрсету, немесе сценарийды сату. Жақсы жасалған питч 5-10 сөйлеммен ғана берілуі керек (5 минуттан көп емес).

Питч 3 минутқа жасалған презентациясы бар баяндамадан тұруы керек және комиссия мүшелерінің тарих саласынан 2 минуттан тұратын сұрақ-жауабынан тұруы керек.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.

7 Емтихан бағдарламасына еңгізілген пәндердің тізімі:

- Дүниежүзілік тарих;

- Қазақстан тарихы.
8 Пәндер бойынша қабылдау емтиханға арналған тақырыптардың сұрақтары

8.1 Дүниежүзілік тарих пәнінен негізгі сұрақтар:

Дүниежүзілік тарихтың кезенделудің принциптері мен критериилері. Формациялық, мәдени, өркениетті көзқарастары. Дүниежүзілік тарихтың мәселелерін зерттеуде теориялық негіздері. Тарихи зерттеудің әдістері: тарихи әдісі, статистикалық, салыстырмалы-тарихи; жүйелілік-құрылымдық, сыни талдау әдісі. Тарихи зерттеу процессінде ғылыми амалдарды қолдану: аналогия, экстраполяция. Тарих және эәлеуметтік теория. Тарихи дерек: құрылым және мазмұны. Тарихи деректің шынайлылық мәселесі. Тарихи процесстің дамуына негізги тарихи және философиялық көзқарастары: Ф. Гегель, А. Тойнби, А. Шопенгауэр, Н. Данилевский, К. Ясперс және т.б. Дүниежүзілік тарихтың тарихнамасының мәселелері. Ежелгі әлем тарихы. Ежелгі Рим. Ортағасыр тарихы. Жаңа ғасыр тарихы. Қазіргі заман тарихы.



8.2 Қазақстан тарихы пәнінен негізгі сұрақтар:

Қазақстан тарихының кезеңделіу. Қазақстанның ежелгі тарихы. Ерте ортағасырлық мемлекеттер (VI-X ғғ.). Дамыған ортағасырлық мемлекеттір (XI - XIII ғ. басы). Монғол шапқыншылығы дәуіріндегі Қазақстан (XIII ғ.). Алтын Орда (1243 - ХV ғ.ортасы). XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. XV – XVI ғғ. Қазақ хандығы. ХVП - XVIП ғғ.бас Қазақ хандығы. ХIV- XVIII ғғ.бас. қазақ мәдениеті. Қазақстанның жаңа ғасыр тарихы (ХVIlI - ХХ ғғ. басы). Қазақстандағы отаршылдық кезеңнің басталуы. XIX - ХХ ғ.бас. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Қазақстанның мәдениеті (XVIII - XX ғғ.басы). Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Қазан революциясы 1917 ж. және оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.). Қазақ Кенес мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты (1918 - наурыз 1921 жж.). Қазақстандағы ЖЭС. ЖЭС-тің салдары. Ұжымдастыру саясаты. Соғыстың бастапқы кезіндегі Қазақстанның әлеметтік-экономикалық дамуы. Қоғамдық-саяси жағдай. Ұлы Отан соғыс жж. Қазақстан. Соғыстан кейінгі жж. Қазақстан. Қазақстан 1953-1964 жж. Тәуелсіз жолындағы Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстан. ТМД. ҚР мемлекеттік құрылысы. Экономикалық дамуы. Рухани дамуы. ҚР сыртқы саясаты.


Қолданылатын әдебиттер тізімі:

  1. Абилев А.К., Евдокимов В.В. Казахстан в древности: Учебное пособие. - Караганда, 1991.

  2. Агапов П., Кадырбаев А. Сокровища древнего Казахстана. - Алма-Ата, 1979.

  3. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. - Алма- Ата, 1973.

  4. Исмагулов О.И. Этническая антропология Казахстана. - Алма-Ата, 1982.

  5. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. -Алма-Ата, 1989.

  6. Асфендиаров С.Д. История Казахстана с древнейших времен. - Алма-Ата, 1993.

  7. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв.: история, политика, дипломатия. - Алматы, 1998.

  8. Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. - Алматы, 1994.

  9. Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана. -Алма-Ата, 1991. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. ХХ век. – Алматы, 1997.

  10. Алдажуманов К. С., Алдажуманов Е.К. Депортация народов -преступление тоталитарного режима. - Алматы, 1997.

  11. Алдажуманов К.С., Козыбаев М.К. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. - Алматы, 1997.

  12. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в

  13. Казахстане (1917-1980). - Алма-Ата, 1991.

  14. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмагамбетов И.Н. Казахстан: эволюция государства и общества. Алматы, 1996.

  15. Всемирная история в 24 томах – М., 1998.

  16. Васильев Л.С. История Древнего Востока. – М., 1998 в 2-х томах.

  17. Всемирная история. В 24-х т. - М., 1997.

  18. История Древнего Востока / Под ред. В.И. Кузищина – М., 1988.

  19. История Древнего Востока / Под ред. Б.А. Тураева – М. 2004.

  20. История Древней Греции / Под ред. В.И. Кузищина – М., 1991.

  21. История Древнего Рима / Под ред. В.И. Кузищина – М., 1994.

  22. История Древней Греции / Под ред. А.И. Бодак, И.Е. Войнич и др. – М., 2000.

  23. История Африки с древнейших времен / Под ред. Бютнера Т. - М., 1981.

  24. История средних веков в 2-х т. - М., 1997.

  25. История средних веков / Под ред. Колесницкого Н.Ф. - М., 1980.

  26. История Казахстана. В 5-ти томах.-Алматы, 1996, 1998,2001, 2010.

  27. История Казахстана и Центральной Азии. - Алматы, 2002.

  28. История Европы с древнейших времен до наших дней. В 8-ми т. - М., 1997.

  29. История стран Азии и Африки в новейшее время. М., 2003. В. 3-х т.

  30. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

  31. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости. Алматы, 1996.

  32. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алма-Ата, 1992.

  33. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы, 1996.

  34. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Алматы, 1997.

  35. Новая история стран Европы и Америки/Под ред. Кривогуза Е.Е.. - М., 2003.

  36. Новейшая история стран Европы и Северной Америки /Под ред. Заболотного В.М. М., 2004.

  37. Новейшая история зарубежных стран /Под ред. Родригеса А.М. М., 2001.

А Қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырма (максималды сөз саны – 300):

Магистратураны оқу барысында болашақта өзіңіздің ғылыми-зерттеу әрекетіңізді қалай көресіз?

  1. Аты-тегі/ Аты-тегінің кодталуы

  2. Базалық білім (мамандық)

  3. Зерттеу бағыт бойынша беретін тақырып атауы

  4. Зерттеу тақырыбының өзектілігі

  5. Мақсаты мен міндеттері

  6. Зерттелудің дәрежесі

  7. Жұмыстың жаңалығы

  8. Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы


Б қосымшасы

(Питч құрылымы)


Тапсырма:

Өзіңіздің таңдап алған стартап-жобаңызға презентация жасаңыз
Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:

- Кімсіз (компанияңыздың атауы және логотипі);

- Сіздің жобаңыз қандай мәселені шешеді;

- Шешу жолы бойынша оның сұранысы қандай;

- Нарық/бәсекелестер;

- Шешу жолы: кілттік технология (қысқаша);

- Сіздің шешу жолыңыз: бәсекелестер алдындағы артықшылықтар;

- Бизнес-модель: қалай ақша табасыз;

- Маркетинг және сату: нарыққа қалай шығасыз;

- Негізгі көрсеткіштер: гипотезалар, болжамдар, табыс көрсеткіші;

- Команда: осы бизнесті неге сіз іске асыра аласыз;

- Қазіргі статус (не істелінді), жоспар-кесте (не және қашан жоспарланады);

- Капиталды жұмсау қажеттілігі (қанша ақша керек – және неге)/инвесторге ұсыныс (олар үшін не бере аласыз);



- Байланыстар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет