2.2. Қабылдаудың мағыналылығы
Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды.
Қабылдауда объектінің аты сөзбен (екінші сигнал жүйесі) берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсінгендіктен ғана оларды толық қабылдай алады.
Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі – тану. Нәрсені танымаынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса, солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.
Достарыңызбен бөлісу: |