Ќабылдау туралы жалпы ±ѓым



бет5/16
Дата18.05.2020
өлшемі1,27 Mb.
#69294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
КЖ Кабылдау

Зерттеудің әдістері: Негізгі және қосымша, диагностикалық талдау, жинақтау, зерттеу, салыстыру, ғылыми әдебиет көздеріне талдау, бақылау, сауалнама, әдістері.

Зерттеу болжамы: Егер негізгі мектеп оқушыларының қабылдау процесінің негізгі ерекшеліктерінің ғылыми әдіс тұрғыдан ана тілінде толығымен тұжырымдалып, зерттелсе онда мектеп мұғалімдері оқушылардың қабылдаудың негізгі ерекшеліктерін толығымен ажыратып оқу тәрбие процесінің осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қабылдау туралы ұғым

1.1. Қабылдау туралы жалпы ұғым
Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста түйсіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Бейнелендірулердің бұл екі түрі сезімдік танудың тұтас процесінің звенолары болып саналады. Олар өзара ажырамастай байланыста, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгеше ерекшеліктері бар. Егер түйсіктер нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттері, сапалары туралы (маған суық нәрсе жанасты, аяғымнан жылпылдақ бір нәрсе жорғалап өтті, алдымнан бір нәрсе жалт етті) білім алатын болса, қабылдау зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін (жарық, кең сынып, ойнап жүрген сәби) береді.

Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі.

Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктермен жүзеге асады. Бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді.

Түйсіксіз қабылдаудың болуы мүмкін емес. Дегенмен қабылдау құрамына түйсіктен басқа адамның өткен тәжірибелері елес және білім түрінде енеді. Қабылданатын зат, мәселен электрондық есеп машинасының жаңа варианты, түрлі, сондай бірақ бұрыннан таныс заттармен салыстырылады.

Қабылдау процесі жеке адамның басқа да психикалық процестері: ой (біз алдымызда не тұрғанын аңғарамыз), сөз (қабылдайтын затты айтамыз), сезім ( қабылдайтын затпен белгілі қатыста боламыз), ерікпен (қабылдау процесін белгілі дәрежеде ырықты ұйымдастырамыз) байланысты жүзеге асады. Бар тәжірибе, білім негізінде адам қабылдау процесінде жеке элементтерді тұтас бейне етіп біріктіреді, оларға белгілі бір құрылымдық береді.

Гештальтпсихологтар қабылдау тұтастығын заттар мен құбылыстардың объективті тұтастық қасиеттерінен емес, «рухтың» ішкі қасиеттерінен, оның ең бастапқы тұтастық құрылымынан деп түсіндіреді. Олар қабылдау актінде өзіндік түр құрау атқарылады, бейнеленетін заттарға тұтастық және құрылымдық сипат беріледі дейді. Олар тұтастықты бейнелеу әрекетінде пайда болатын субективтісапа деп қана қарайды. Гештальтпсихологиялық көзқарас бойынша қабылдау процесінде дүниедегі қым-қуат ретсіздік белгілі бір құрылымға ауысып, белгілі түрге енеді, соның нәтижесінде заттар тұтастанып көрінеді.

«Қабылдау дегеніміз дүниені қайта құру» дейді гештальтпсихологтар. Бұл идеалистік теория қабылдауды спонтанды, яғни іштен пайда болатын процес деп түсіндіреді де, бізді қоршаған объективтік дүние заттар және құбылыстарының жеке сапалары мен қасиеттерінің тікелей бейнесіболып саналатын түйсіктердің болуын іс жүзінде жоққа шығарады.

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызд бейнеленуі болса, қбылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.

Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы ( яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.

Сөйтіп қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет