Балаға таныс бірнеше заттар контурлы суретте жасырынған.Қандай заттар жасырынғанын табу үшін балаға суреттер көрсетіледі.
Ескерту. Психодиагностика жүргізуші балаға асықпай, бірінші суреттен жасырынған заттарды толық таппайынша келесі суретке ауысуға болмайтынын ескету керек.Келесі суретке тек алдыңғы суретте барлық заттар толық табылғасын барып қана өту керек.1,2,3 суретте жасырынған суреттер саны жалпы 14-ті құрайды.
Қорытынды нәтежесі
10 балл— бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 20 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады.
8-9 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 21-30 сек аралығында орындаған жағдайда қойылады .
6-7 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 31-40 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады.