Қабілеттілік


Қабілеттікті қалыптастыру және дамыту



бет12/12
Дата18.07.2020
өлшемі116 Kb.
#75362
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
19-Қабілеттілік

6. Қабілеттікті қалыптастыру және дамыту.

Әрбір адамның қабілеттілігі мен дарындылығы дамудың нәтижесі болып табылады. Қабілеттіліктер табиғи нышандардың негізінде, ортаға, оқыту мен тәрбиеге, сонымен қатар адамның өзінің жеке басын жетілдіруге байланысты.

Нышандар — бұл даяр қабілеттіліктер емес, туа біткен анатомиялық - физиологиялық ерекшелік. Нышандар қабілеттіліктердің табиғи алғышарттары болып табылады, оның дамуына қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл мүмкіншіліктер тек белгілі жағдай жасалғанда дамиды. Нышандарды дәнмен (тұқыммен) салыстыруға болады. Еккен дәннен ағаш шығып және өнім алу үшін қолайлы жағдай қажет: құнарлы жер, ауа және күн. Нышандарды дамыту үшін ондай қолайлы жағдай әлеуметтік орта мен тәрбиенің атқаратын рөлі орасан зор.

Адамның нышандарын дамыту үшін әлеуметтік орта қолайлы және қолайсыз болып бөлінеді. Қолайлы орта адамның табиғи берілген нышанын оятады, жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Әсіресе, оның балалық шақта мәні ерекше. Балалар өздерінің ойындарыңда үлкендерге еліктейді. Еліктеу үрдісінде оларда алғашқы рет белгілі бір нышандары оянады. Көптеген балалардың музыканттар, суретшілер, ақындар, техниктер қоршаған ортадағы нышандарының ерте оянуы көп жағдайда осымен түсіндіріледі.

Ал қолайсыз әлеуметтік ортада туа біткен нышандар сөніп қалуы мүмкін. Ондай ортада кездейсоқ пайда болған қандай да болмасын қабілеттіліктер мен дарындылықтардың көрінісі дамымай қалуы мүмкін.

Бірақ, дарындылық пен қабілеттілікті дамыту үшін бір ғана ортаның ықпалы жеткіліксіз. Бұл жерде оқыту мен арнайы тәрбиенің мәні орасан зор. Сазгер болу үшін тек ғана табиғаттың бергені және қолайлы ортаның болуы жеткіліксіз, сонымен қатар музыка теориясын, басқа да арнаулы пәңдерді оқу керек және аспапта ойнау техникасын меңгеру керек. Қабілетті ұшқыш, инженер, қай салада маман болу үшін қажетті білім мен тәрбие алуы керек.

Барлық дарынды адамдар көп және табанды оқудың үлгісін көрсеткендігі белгілі. Мәселен, оқыту және тәрбие үрдісінде музыкалық, әдеби, техникалық, математикалық дарындылықтары аңғарылады.

Қолайлы ұйымдасқан орта, тәрбие және оқыту балалардың нышандарының ерте оянуына көмектеседі. Мысалы, Римский — Корсаков тіпті екі жастан бастап, анасының айтқан әндерінің барлық әуендерін жақсы айыра білген, 4 жаста ол әкесі ойнаған әуендердің барлығын айта білген және кейіннен әкесінен тындаған әуендерді фортепианода орындай білген.

Сурет саласында шығармашылық қабілеттіліктер Рафаэлде 8 жасында байқалған, Микель-Анджело-13 жаста, И.Е.Репин мен В.А.Серовта-4 жасында.

Поэзия саласында шығармашылық қабілеттілік өте ерте байқала бастаған: Пушкинде 9 жасында, Лермонтовта 10 жасында. Пушкин мен Лермонтовтың 13 жасында шығармалары басылып шыкты. Байрон, Шиллер 16 жасында жаза бастады. Мұхтар Әуезов 17 жасында "Еңлік-Кебек" пьесасын жазды.

Қазіргі жаңа тұрпатты инновациялық мектептерде, атап айтқаңда, дарыңды шәкірттердің гимназияларында, лицейлер, мектеп-интернаттарда, Кіші өнер академияларында шәкірттердің дарындылығын дамытуға ерекше мән беріледі.

Орта оқыту және тәрбие адамның өзінің белсене қатысуының нәтижесінде нышандарды оятады және дарындылық пен қабілеттіліктерді дамытады. Адамның қабілеттілігі оның іс-әрекетімен байланысты ғана емес, осы іс-әрекетте олар дамиды және қалыптасады. Адамның өз іс-әрекетіне қатысы ерекше мәнге ие болады. Егер адам өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайтын болса, онда белгілі бір салада оның дарындылығы тез және күшті аңғарыла бастайды, оның қабілеттіліктері мен ептіліктері тезірек дамиды.

Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дарынды балалардың шығармашылық іс-әрекетінің алғышарты мен нәтижесі — күрделі ақыл-ой іс-әрекетіне, жалпы еңбекке табанды бейімділігі болып табылады. Еңбексүйгіштік — қабілеттілікті дамытудың негізгі шарты.

Бала қабілеттілігін дамытудың келесі маңызды фак­торы — тұрақты, арнаулы қызығулар. Балалардың жан~жақты қызығулары негізінен қиял-ғажайып әңгімелерге және кинофильмдерге, спортқа, футболға, көгершіндерге және т.б. бағытталады. Балалардың арнаулы қызығулары — бұл адамның өмірімен іс-әрекетінің белгілі бір саласының мазмұнына, осы іс-әрекеттің түрі мен кәсіби айналысатын бейімділікке ауысатын қызығулар.

Әртүрлі ғылым саласында қызығулар жеткіншек және жастық шақ кезінде жалындап жанып және сөніп отырады, жастардың мамандықты таңдауын қамтамасыз етеді және қабілеттіліктерді анықтауға көмектеседі.

Балалардың қабілеттілігін дамытуға сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың әртүрлі формалары, оның ішінде үйірме жұмыстарының — математикалық, техникалық, биологиялық, әдеби, музыкалык, көркемөнер үйірмелері көмектеседі. Көптеген мектептерде тірі табиғат бұрыштары жасақталған, балалардың бос уақытында моделдеумен айналысуға арналған арнайы бөлмелер жабдықталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет