Абиотикалық факторлар Орындаған: Джубанышева А. С қЖ-13 Тексерген: Дәрібай А. О



Дата04.04.2023
өлшемі1,3 Mb.
#173698
түріҚұрамы
Байланысты:
Ayazhannn


Абиотикалық факторлар
Орындаған:Джубанышева А.С
ҚЖ-13
Тексерген:Дәрібай А.О
Абиотикалық факторлар – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым,ылғалдылық,атмосфераның ,теңіз және тұщы судың ,топырақтың құрамы және т.б.
Абиотикалық фактор
Климаттық
Эдадикалық
Химиялық
Физикалық
Гидрологиялық
Климаттық – ауа ылғалдылығы,жауын-шашын мөлшері, ауаның ылғалы, температура,жарық мөлшері, күн түн ұзақтығы, жел әсері.
Эдафикалық – топырақтың әсері, химиялық құрамы,физикалық ерекшеліктері.
Гидрологиялық – жер бедерінің әсері,судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі , құрамы , қысымы , ластануы.
Химиялық – ауалық газдың , судың , тұздың құрамы.
Физикалық – дыбыс, жылу өткізгішітк радиактивтілік, космостық жарық шығару
Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігін ОПТИМУМ деп атайды.
Түрлердің мекен ету ортасының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетін ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ВАЛЕНТТІЛІК деп атайды
Неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> ашты. Минимум заңы кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді
Ю.Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген.

1913ж В.Шелфорд лимиттік әсерлердің минимум заңына сай «Максимум» заңын ,яғни төзімділік шек заңын ашты.Оны Шелфордтың толеранттылы заңы деп атайды, (латын тілінен аударғанда tolerantia-шыдау,төзу ).
Жарық экологиялық фактор
Ретінде жеңіл ең маңызды абиотикалық факторлардың бірі болып табылады. Күн кеңістігіне Сәулелі үлкен көлемін шығаратын энергия. Түсетін сәуле (33% + 9%) 42% әлемде атмосфера көрсетеді кеңістік, атмосфераның 15% сіңіріледі, және ол тек қызады 43%, жер бетіне жетеді. 
Аллен ережесі (1877ж.) — 1877 жылы америкалық зоолог және орнитолог Джоэл Азаф Аллен шығарған экогеографиялық ереже.
Ереже бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығынқы бөліктері кішірейеді. Мысалыға, экологиялық жағынан бір-біріне жақын жануарлардың құлақтарының мөлшерін салыстырсақ, тундрада мекендейтін поляр түлкісінің құлағы ең кіші, қоңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа, Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы үлкен. Жануарлардың жылу режиміне бейімделуі денесінің жеке мүшелерінің қатынасының өзгеруінен де көрінеді. Мысалы, солтүстік аудандарда мекендейтін ақкістің жылы жерде мекендейтін осындай жануарлармен салыстырғанда жүрегі, бүйрегі, бауыры үлкен болады
Гелиофиттер (жарық сүйгіш өсімдіктер) – өсуі үшін тура түскен күн сәулесін қажет ететін өсімдіктер.
Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер - жарық аз жерде өсетін өсімдіктер.
Факультативті гелиофиттер немесе көлеңкеге төзімді өсімдіктер - жарықтың көп мөлшерінде де және аз мөлшерінде де өсе беретін өсімдіктердің үлкен тобы.
Гидатофиттер (гр. hygros - су) - көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар).
Гидрофиттер - жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға).
Гигрофиттер - ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер.
Мезофиттер (гр. mesos - орташа, аралық) - ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері.
Ксерофиттер (гр. xeros - қүрғақ) - құрғақ жерде өсетін өсімдіктер.
Гидрофилдер -ылғал сүйгіш жаннуарлар
Жануарларыдың ылғалға қатысты топтары
Мезофилдер - орташа ылғалдылықта тіршілік ететің жануарлардың үлкен тобы;
Ксерофилдер - жоғары ылғалдылыққа төзбейтін құрғақ сүйгіш жануарлар
Микроклимат - полярлық , тундралық, тайгалық , далалы және шөлді климат
Мезоклимат-орманның егіс даласының , шалғындық және тау беткейлерінің жергілікті климаты.
Микроклимат - ағзаның деңгейіндегі климат
Назарларыңызға
рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет