Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы



бет15/15
Дата25.12.2016
өлшемі4,04 Mb.
#5232
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Аманкелді ТІЛЕУЛИНОВ

КӨГЕРШІН КӨРСЕТКЕН КЕРЕМЕТ

Кетбұқа бабамыздың рухын әспеттеу мақсатындағы жоспарлы іс-шараларға байланысты жақында Ұлытауда болған едік. Халықпен кездестік, пкір алмастық. Бірақ, менің айтпағым бұл емес.

Халық жиналған кең залдың төріне Кетбұқа бабамыздың портреті ілініпті, сүйсіне қарап отырғанбыз. Кенет, қайдан ұшып келгені беймәлім, бір көгершін зал ішінде төбемізді айналып ұшып жүрді де... Кетбұқа бабаның портретіне барып қонды. Сол көгершін қашан жиналыс тарқағанша орнынан тапжылмады. Мұны сол жердегі халықтың бәрі де байқапты. Керемет деуге бола ма, жоқ па? Бірақ көгершін көрсететін керемет әлі алда екен.

Сыртқа шыққан біздің төбемізді айналып ұшып жүрген әлгі көгершінді көргенде бәріміз де терең ойлана бастадық. Бұл не сонда? Ол залға қалай кіріп кетті? Жарайды, залға кірсін, бірақ нақ баба портретіне барып қонғаны қалай? Содан соң, көппен бірге сыртқа шығып, біздің топпен ілесіп жүргенінде қандай сыр жатыр? Осының бәрі кісіні ойланта ма, жоқ па? Аруақ, рух, кие дейміз бе, әйтеуір бір тылсымның бары ақиқат. Көгершін – Кетбұқа бабамыздың киесі шығар? Біз қалай болғанда да сол көргенімізді жақсылыққа жорыдық. Негізі көгершінді бейбітшіліктің, тыныштықтың символы деп жатады ғой. Бәлкім, бабамыздың рухы бүгінгі ұрпақтарының өзін еске алып жатқанын сезіп, көгершін болып келіп, ризашылығын танытқаны ма екен бұл? Әйтеуір, көгершіннің көзімізге тектен-тек көрінбегені күмәнсіз. Сондықтан біз қолға алған ісімізді ақырына дейін жеткізу үшін енді бұрынғыдан бетер ұйымшылдықпен топтаса білгеніміз жөн. Бастамаға қолдау білдірушілер қатарының күн санап көбейіп келе жатқаны да қуантады.

Жуырда Алматы қаласында бір топ зиялы азаматтармен кездескен болатынбыз. Олардың арасында академиктер Төрекелді Шарманов, Жекен Қалиев, Райыс Төлебаев, Нұриден Балқияұлы, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, белгілі ғалым Файзолла Оразаев, «Парыз бен қарыз» журналының бас редакторы Сағындық Бекмолдинов, кәсіпкерлер Шымырбай Жұмаділов, Бақытбек Қабыкенов, Нүкен Сұлтанбеков, профессор Жақсыбай Бижігітов болды. Олардың алды әлден-ақ Кетбұқа баба қорына қаражат аударып, өздерінің ортақ істен тысқары қалмайтындықтарын дәлелдеді. Сөз жәрдемін ғана емес, қол жәрдемін де көрсетуге ниетті екенін білдірген бұл азаматтарға ризашылықтан басқа айтарымыз жоқ.

Ойға алғанды орындау баршамызға үлкен сынақ болғалы тұр. Баба рухы алдындағы перзенттік парызымызды адалдықпен ойдағыдай атқара білсек, абырой баршамызға ортақ болмақ. Меніңше, баба рухы көгершін кейпінде келіп, біздің атқарып жатқан ісімізді сыртымыздан бақылап жүрген сияқтанады да тұрады. Ұлытаудағы жиыннан соң көз алдымнан сол көгершін кетпей қойғандықтан осындай ойға келдім.


«Мысты өңір» газеті, 9 мамыр 2014 жыл.


Сейітжан ӨМІРБАЕВ,

ҚР Мәдениет қайраткері,

Ұлытау ауданының Құрметті азаматы

ОЙҒА ТҮЙГЕН, КӨЗБЕН КӨРГЕН...

Кішітаудың бөктеріндегі «Боздақ» ауылына қарасты «Обалы» деген жерді қысы-жазы мекен етіп, өткен ғасырда сол өңірде шаруашылық басқарған, еліміз егемендігін алғаннан кейінгі жылдарда жеке шаруашылығын жүргізген, ұлттық танымымызға бейімдей айтсақ, «Бағаналының бір босағасы – Шегір бидің шырақшысы» ретінде танылған, қалың елге қадірлі азамат болған еді. Ол – Темірбектің Сейітжаны деген қажы ағамыз.

Бұл күнде пәниден озғанына үш жылдан астам уақыт болған Секеңнің мінез әдібі, сөйлеген сөзінің өзі өнеге мектебіндей еді. Үлкенмен де, кішімен де тағлымды әңгіме түзіп, ой өрістетіп, пікір алысып, өзіне баурап алатын бұл ағамыз көргені мен түйгені мол, көкірек көзі ашық, әңгіменің әрін келтіре сөйлеуге шебер, жадында сақтау қабілеті аса жоғары, зерек кісі еді. Осы қасиетін білетін Ұлытау, Жезқазған өңірінің зиялы азаматтары ол кісіні арнайы іздеп келіп, түрлі тақырыпта әңгіме-дүкен құруға құмар болатын. Өйткені Секеңнің әңгімесін тыңдай отырып, қасиетті Ұлытауға, тауы мен тасы, өзен-көлінің әрқайсысы өз қойнауына ғасырлардың тылсым сырларын сақтап келе жатқан Ұлы Өлкеге деген құрметің арта түседі, әлі күнге толық ашылмай жатқан ұлы бабаларыңа деген мақтаныш сезімің күшейе түседі.

Сондай сәттерде: «Ұлытау – Қазақстанның тарихи астанасы», – деп әділетті баға берген академик Манаш Қозыбаевтың пікірін ойға оралтып, мәртебелене түсесің. «Ұлытауда үш жүздің тайпа өкілдері қол қойған «Таңбалы тас» – шын мәнінде қазақтың тұңғыш конституциясы еді. Қазақтың тұңғыш туы Түркістанда толқыса, тұңғыш конституциясы – Ата Заң Ұлытауда жазылған деп айта аламыз», – деген пікірі де санаңда жаңғырып, сәйгүліктей жүйткіген жүйрік ойың ғасырлар тереңіне ұмтылады. «Ұлытаудың киелі топырағын халқымыздың талай-талай марқасқа перзенттері басты-ау! Осынау қасиетті топыраққа, табиғатқа, ғасырлар куәгеріне айналған көне жәдігерлерге тіл бітсе, тарихымыздың талай-талай сырлары шертілер еді-ау!» – деп толқисың.

Ұлытау өңірі – қазақтың үш жүзі мойындаған хандары мен билері бас қосып, елдің болашағын бағдарлаған қазақ даласының киелі орындарының бірі екені баршаға мәлім. Әлі де ашылмаған сыры аз емес. Туған өлкенің тарихын зерделеуді мақсат еткен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының бір топ қызметкерлері осыдан екі-үш жыл бұрын, жоспарлы жұмысымызға байланысты, Обалыдағы Темірбеков Сейітжан қажының ауылына бағыт алдық. Топ құрамында Аманжол, Нұрсұлу, Гүлсұлу, Ерлан деген қызметкерлер болды. Сапар барысында Обалыға дейінгі тарихи орындарды аралай келіп, түске қарай көздеген ауылымызға да жеттік. Қуана қарсы алған Секең дастарханын жайып, ел-жұрттың жаңалығын бөлісіп, топ құрамындағы жігіттер мен қыздарға батасын беріп, ықылас-ілтипатын танытып, арқа-жарқа әңгімені бастап та жіберді.

Бергі уақыттан әңгіме арнасы бірте-бірте тереңдеп, ғасырлар қойнауына қарай беттеді. Ел тарихында айшықты орны бар айбынды бабамыз Кетбұқа жайына ауыстық. Ұзаққа созылған әңгіме былайша түйінделген еді:

ХІV ғасырда жазылған «Шаджарат әл-атрак» («Түрік шежіресі») атты кітаптағы деректер мен ел ауызындағы әңгімелерге қарағанда, Кетбұқа – шамамен 1185-1260 жылдар аралығында өмір сүрген жырау, күйші, композитор, аңыз кейіпкері, руы Найман. Дешті Қыпшақ әмірі Жошының өлімін күймен естірткені белгілі. Естірту кезінде әуелі:
«Теңіз бастан былғанды, кім тұндырар, а, ханым,

Терек түптен құлады, кім тұрғызар, а, ханым?!.» – деп Шыңғыс ханды ойландырып алатыны да жұртқа аян.

Кетбұқа – Орта жүз Найман тайпасының руы. Ол көбінесе «бағаналы» деген атпен мәлім. Өйткені Кетбұқаның рулық таңбасы «бақан» болған. Тарихи деректерге қарағанда, Шыңғыс хан наймандарды (Найман хандығын) талқандағаннан кейін, Кетбұқа Жоғарғы Ертіс пен Алтайдағы өз қоныстарын тастап, батысқа қарай жылжыған. Қыста – Сарысу, Шу өзендерінің сағасын, Қаратаудың батыс бөктері мен Сырдария жағасын, жазда – Арғанаты таулары мен Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жезді өзендерінің алқаптарын жайлаған.

Академик Әлкей Марғұланның айтуынша, Наймандардың Оңтүстік Алтайдағы бір қаласы – «Ақбалық», бір қаласы – Шам өзені бойындағы «Шамбалық», Жоңғар Алатауындағы қаласы – «Кіші Талас». Наймандардың Батыс Монғолиядағы ордасы «Найман сүме» – әкімшілік, сауда-саттық орталығы болған. Жоңғар тауының етегіндегі бір қаласы «Тарсакент» деп аталған. «Тамғалы жазуы», сондай-ақ, теріскейдегі Абакан өзенінің Ачура деген тұсынан Найман елінің тарихы суреттелген тас жазуының табылғаны – Найман тарихы үшін баға жетпес құжат. Әрине, ел тарихындағы өз орындары бар ата-бабалар жігін түрлі нұсқада тарататын шежірелер де кездеседі.

Өз басым тарихшы болмасам да, түрлі шежірелер арқылы біреуді алыстатып, біреуді жақындатуға ыңғай танытатын кейбір әрекеттерді түсіне бермеймін. 1993 жылы Ұлытауға белгі-тас қойып, кейіннен Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірлігін айғақтайтын белгі Монументі орнатқан кезде, сәулетшілер: «Үш жүздің басын қосқан «Үш жүздің белгісі» деп атайық», – деген мазмұндағы пікірлер ұсынған тұста Ұлтымыздың көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Азғантай қазақты бөле-жармаңдар», – деген пікір айтқан еді. Қазіргі уақытта қызмет бабындағы мүмкіндігін, уақытын пайдаланып, Қазақстанның түпкір-түпкірін аралап, шежіре жазып жүрген азаматтар да осы пікірді ойда сақтағаны абзал болар еді деп білемін.

Кетбұқа – қасиетті Ұлытаудың аты аңызға айналған кемеңгер ұлы. Шыңғыс ханның, Жошының алдында тайсалмай сөйлеп, іркілмей ойын айта білген адам.

Жошы ұлысының саяси-әлеуметтік, қоғамдық-экономикалық орталығы болған Ұлытау жеріне Бағаналы, Балталылар Кетбұқа басқарған әскер сапында келген. 1223 жылдары Жошы ұлысы Ордасын Ұлытау бөктеріне тіккенде, Жошы ханның талай жойқын жорықтарының бел ортасында болған көне гвардияның тәжірибелі көсемдерінің бірі Кетбұқа ноян қолбасылыққа бекітілді. Сол заманның дәстүрі бойынша, Кетбұқаның өзіне қараған әскер жорыққа түгел аттанатын болған. Ал оның жасағындағы сарбаздар санын біреулер – 10 мың, енді біреулер – 20 мың болған деседі. Кетбұқа Палестина жерінде қайтыс болған.

Енді Кетбұқа бабамызға байланысты осы айтылған жағдайлардың жадымызда жаңғыруына себепші болған жәйтке келейік.

Осы жылдың он алтыншы сәуірі күні Жезқазған қаласынан Кенжал Балкенов бастаған бір топ ардагер Ұлытауға келіп, Мәдениет үйінде аудан жұртшылығымен кездесу өткізді. Мақсаттары – ел тарихындағы ерен тұлға, кемеңгер Кетбұқаның тағлымды өмірін Мәңгілік Қазақ Елінің ұрпақтарына ұлағат ету, Елдік істердің басы-қасында бірге болуға үндеу.

Кездесу басталар алдында Кетбұқа бабамызға арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмемен танысып шыққан көпшілік залға еніп, кездесу басталар сәтте келген жұрттың бәрін қайран қалдыра ойландырған көрініске куә болдық. Кенеттен Мәдениет үйінің есігінен ішке кірген көгершін басқа бір тұстарға бұрылмастан, тіке ұшып барып, Кетбұқа бабамыздың портретінің үстіне қонды. Куәгер елдің бәріне Кетбұқа бабамыздың ұлылығын мойындатқысы келгендей, сол орнында қонақтап біраз отырды да, қайтадан көтеріліп, сыртқа шығып кетті. Ойда жоқта көздерімен көрген бұл көріністі жиынға келушілердің бәрі жақсылықтың нышанына балап, ой-сезімдерін ортаға салып жатты.

Жиын аяқталып, келуші жұрт Кетбұқа бабамыздың тарихи істері жайындағы бірталай мағлұматқа қанығып, үйді-үйлеріне тарасқан соң, Жезқазғаннан келген ақсақалдар да қайтуға бет түзеді. Қайтар жолдағы «Мыңшұңқыр» адырының басына жетіп, Ұлытаудың көріністеріне көз жүгіртіп тұрған сәтте тағы бір тылсым сырлы жағдайға куә болдық.

Көліктен түсіп, Мәдениет үйінде куә болған көріністі тағы да ойға оралтып, әңгімелеп тұрған кезімізде, қайдан пайда бола кеткені белгісіз, былтырдан қалған шөп пен тастардың арасынан ұзындығы алпыс-жетпіс сантиметрдей болатын сұр жылан шыға келді де, бізден еш сескенбестен, ортамызды аралай жорғалап өтіп, батысқа қарай беттеп барды да, Ұлытауға қарап, басын көтеріп тұрып қалды. Арамыздағы фотосуретші Кундиков Олег осы сәтті де, Мәдениет үйіндегі көріністі де суретке түсіріп алды.

Биылғы жылы көктемнің аяғы ұзаққа созылып, сәуір бойы ауа райының ызғарлы болып тұрғанын ескерсек, бұл уақыт жыланның өз інінен шыға қоймайтын мезгілі екенін әркім де түсінер.

Көгершіннің қай халық үшін де жақсылықтың жаршысы болып саналатынын бәріміз білеміз. Ал жыланның түсі суық, қауіпті болғанымен, оның өзінен-өзі ешкімге тиіспейтінін, сондай-ақ, оның уын көптеген дертке дәру ретінде пайдаланатын ойға алсақ, бұл көріністің де жақсылықтың нышаны екеніне шүбәлану орайсыз болар.

Өз пайымдауымша, қалың ел үшін қауіп-қатері аз болмаған алмағайып заманда халқының қамын ойлап, басын бәйгеге тіккен Кетбұқа бабамыздың тарихи тұлғасын ұлықтауға бағытталған іс-шараларды Тәңірінің өз қолдап тұрғандай.




Шахибаден Камалұлы СЕЙТКЕНОВ,

Өмірхан Анасұлы ЖҮНІСБЕКОВ,

Қазақстан және Евразиялық дизайнерлер

одағының мүшелері.

КЕМЕҢГЕР БЕЙНЕСІН БІЗ ҚАЛАЙ ІЗДЕДІК?..
ХІІ ғасырдың соңғы жиырма жылдығында дүниеге келіп, 1260 жылы қанқасап шайқас үстінде мерт болған қаһарман Кетбұқа баһадүр жайындағы үзік-үзік әңгімелерді бала кезімізде үлкендерден әредік естіп қалатынбыз. Ертегідей әсер ететін.

Есейе келе, әртүрлі кітаптардан, газет-журнал беттерінен анда-санда оқып қалып жүрдік. Қазақ Даласынан шыққан қаһарманға байланысты түсінігіміз біртіндеп айқындала түскендей болды. Жаһанға аты жайылған Шыңғыс хан дәуірінде өмір сүргенін, Жошыға серік болғанын, Құлағумен бірге жорық жасағанын білдік. Бала кезімізде үлкендерден еститін «Ақсақ құланға» байланысты аңызда Шыңғыс ханға Жошы өлімін күймен естіртетін ержүрек күйшінің Кетбұқа екеніне анық көз жетті.

Ұлытау жерінде қанаттанып, барша түркі жұртының амандығы үшін өз басын құрбан етуге дайын болған Ер бабамызды тани түсуге құштарландық. Кетбұқаға байланысты жазылған дүниелерді іздестірдік. Ел ішіндегі қариялар сөзіне құлақ түрдік. Кез келген дерекке маңыз бере үңілдік. Соның нәтижесінде кемеңгер бабамыздың келбет-кескіні де санамызда біртіндеп қалыптаса бергендей екен.

Ұлы бабамыздың бейнесін тануда кәсіби біліміміздің септігі тигені де даусыз, әрине. Жоғары оқу орнында оқыған кезімізде жиған-терген білімімізді іс барысында сынап көрдік. Бір ұлтты құрайтын адамдар әлпетінде бәріне ортақ қасиеттермен қатар, кең байтақ Қазақ Даласының әр өңіріндегі елдің өзіне ғана тән, бір қарағанда аңдала бермейтін кейбір ерекшеліктер болатынын аңғардық.

Сол сияқты, Кетбұқа бабамыз өмір сүрген ХІІ-ХІІІ ғасырларда Жошы Ұлысын мекен еткен жұрттың әдет-ғұрпын, дәстүрлі киім үлгілері мен жауынгерлік киім үлгілерін назарға алдық. Сол уақыттағы сарбаздар мен қолбасыларды бейнелеген суреттерге зер салдық. Ондай суреттердің арасында ертеректе өмір сүрген авторлардың да, қазіргі суретшілердің де дүниелері бар.

Кетбұқа бейнесінің айқындала түсуіне араб тарихшыларының жазбаларындағы сипаттамалар үлкен септігін тигізді. Мәселен, ибн Тәңірберді: «Кетбұқа ноянның татарлар арасындағы орны ерекше еді. Оның сөзі, батырлығы және ісі әрдайым есепке алынып отыратын. Ол ержүрек, батыл, нағыз соғыс шебері еді», – деп жазса, Кутбуддин әл-Юнини: «Татарлар Баалбекті құрсауға алғанда Кетбұқа ноянды көрдім. Жалбыраған ұзын, жұмсақ сақалды, кейде оны құлағына іліп қоятын әдемі қария. Салтанатты, өктем болатын. ... Осы шайқаста Кетбұқа ноян қаза тауып, ұлы тұтқынға түседі. Әдемі жігіт екен», – деген сипаттамалар береді.

Кетбұқа бабамыздың көз қарасын бейнелеуде, жалпы келбеті мен сақал-мұртын айқындауда осы суреттеулерге баса ден қойдық. Әуелде Ұлы бабамыздың жасы ұлғайған шағындағы портреттік суреті салынды. Кейіннен «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі мен ақсақалдардың ұсынысы бойынша батыр бабамыздың орта жастағы бейнесі де дүниеге келді.

КетБұқа жыраудың күйлері:
«Ай-ханым»

«Ақсақал»

«Ақсақ құлан»

«Ел бірлігі»

«Жан сауға»

«Жошы хан жортуы»

«Жылан қайыс»

«Кетбұқа»

«Күйдім-жандым»

«Қаралы белдік мойнымда, сауға, Шыңғыс, сауға»

«Нарату»

«Нар идірген»

«Нар шөккен»

«Сынған бұғы»

«Терісқақпай»
Кетбұқа бабаның күйлерінің тізімін мұрағат құжаттарынан

іздестіріп, толықтырып жазған Кенжал Балкенов.

кетбұқа туралы деректер жарияланған басылымдар



  1. Ал-Қалқашанди Абу Аббас Ахмадж. Субх ал-аьша фи синаат ал-инша. – Ал-Каһира, 1958.

  2. Ибн Абдузахир. Ар рауд аз-заһир фи сира ал-малик аз заһир. – Ар-Рияд, 1976.

  3. Ал-Юнини, Аш-Шайх Кутбуддин. Аз-зил ала мра аз-заман. – Ал-Каһира, 1978.

  4. Ибн Ийас, Абу Баракат Мухаммадбин Ахмад. Бадаиғ аз-зуһур фи уақаиғ ад-дуһур. – Ал-Каһира, 1978.

  5. Ибн Айбек ал-Дауадари, Абу Бакр бен Абдулла. Ад-дурра аз-зақия фи ахбар ад-даула ат-туркия. – Ал-Каһира, 1978.

  6. Ибн Шаддад, Иззуддин. Тарих ал-малик аз-заһир. – Байрут, 1983.

  7. Әлкей Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы,1985.

  8. Байбарс ад-тухфа ал-мумлукия фи ад-даула ат-туркия. – Ал-Каһира, 1987.

  9. Ин-Нуайри, Шиһабуддин Ахмад бин Абдулуаһаб. Ниһаят ал-араб фи фунун ал-алаб. – Ал-Каһира, 1990.

  10. Ибн Тәңірберді, Абу Махасин Джамалуддин Иусиф. Ан-нуджум аз-заһира фи мулук мыср уа ал-каһира. – Байрут, 1992.

  11. Әл-Айни, Махмуд бен Ахмад бен Муса бен Ахмад Абу Мухаммад Бадруддин ал Айни ал-Ханафи. Укуд ал джуманфи тарих аһл аз-заман. – Ал-Каһира, 1992.

  12. Ал-Мақризи, Таккуддин Ахмад бин Али. Ас-сулук ли мағрифат дуал ал-мулук. – Байрут, 1995.

  13. Тұрсын Жұртбаев. Кетбұқа. – Алматы, 1997.

  14. Ибн Хаджар Шихһабуддин Ахмад бин Алибин Мухаммад Ал-Асқалани. Ар-рафғ ал-иср ан қудат миср. – Ал-Каһира, 1998.

  15. Қуаныш Ахметов. Кетбұқа – кемеңгер бабамыз // Ұлы Даланың Ұлытауы. – Омбы, 1999.

  16. Қайрат Сәки. Айн Джалут шайқасы // «Парасат» қоғамдық-саяси, әдеби-көркем және суретті журналы, №7, 2001 жыл.

  17. Тұрсынхан Зәкенұлы. Көк бөрілердің көз жасы. – Алматы, 2002.

  18. Қожамжар Махатов. Кетбұқа және Бағаналы // «Сарыарқа» газеті, №№ 87, 88; 25, 26 шілде, 2003 жыл.

  19. Кенжебай Ахметов. Кетбұқадай билерден кеңес сұрар күн қайда?! // «Мысты өңір» газеті, 10 қаңтар, 2014 жыл.

  20. Мұхтархан Оразбай. Кетбұқа күйшінің тарихи суреті табылды //

«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық қорының реквизиттері:


«Қазақтың Кет Бұқасы» Қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,

Қарағанды облысы,

Жезқазған қаласы,

Жанасов көшесі, 6-үй
БИН 131240014719 ОКПО 52467859

код ОКЭД 94990

Мемлекеттік тіркеу куәлігі №131240014719 19.12.2013 ж.

Банк реквизиті: Есеп шоты KZ929650000071698423

Альянс Банк АБ, БИК IRTYKZKA
Ғаламтордағы арнайы сайт: www.ketbuka.kz

Байланыс телефондарымыз: 8(7102) 74-11-52, 8 (7102) 74-86-58

e-mail: kzketbuka.kz@mail.ru.

Мазмұны


Төлеген Бүкіров. ұлы тұлға – ұлтқа ортақ
КЕТБҰҚА. Сақ болғын, ұрпағым, сақ болғын
І БӨЛІМ

Дерек көзі – тарих сөзі
Тұрсын Жұртбаев. Кетбұқа

Қуаныш Ахметов. Кетбұқа – кемеңгер бабамыз

Қожамжар МАХАТОВ. Кетбұқа және Бағаналы

Мұрат ӘБУҒАЗЫ. Күй атасы – Кетбұқа

Қайрат СӘКИ. Айн Джалут шайқасы

С.Г. КЛЯШТОРНЫЙ, Т.И. СУЛТАНОВ. Улус Джучи

Зира НАУРЫЗБАЕВА, Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ. Кетбұқаның соңғы жорығы

Мұхтархан ОРАЗБАЙ. Кетбұға күйшінің тарихи суреті табылды

Кенжал БАЛКЕНОВ. Аталық би, Ұлы жырау – Кетбұқа

Кенжебай Ахметов. Кетбұқадай билерден кеңес сұрар күн қайда?

Ғабдол ӘУЕЗОВ. Тұранның текті дегдары

ІІ БӨЛІМ

Көсем болмыс – көркем сөзде
Думан РАМАЗАН. Ажал келген күн

Кенжебай АХМЕТОВ. Алтын бұғаулы арыстан

Көбейсін ЕҢСЕБАЕВ. Кетбұқа – көсем бабамыз

Дәуренбек БҰЛАНБАЕВ. Еліңе мынау не дейсің?..

Жанат ӘБДІҒОЖИН. Бір Кетбұқа керек-ті бізге бүгін...

Нәлібай Үсенұлы Дәрібаев. Кетбұқа қазақтың кемеңгер биіне

Нәлібай Үсенұлы Дәрібаев. Кетбұқаның Шыңғысханға өзін мойындатуы

Кенжал Балкенов. Қазақтың Кетбұқасы

Қасым-жомарт КӨБЕЙСІН. Ұлы бабам – Кетбұқа

ІІІ БӨЛІМ

Ұлылықтан нәр алған ұрпақ сөзі
Сұлтан СҮТБАЕВ. Кетбұқа баба – ұрпақтар құрметіне лайықты тұлға

Султан СУТБАЕВ. Кетбука Баба – личность достойная уважения поколений

Гүлизат БАЛКЕНОВА. Ұлт тұлғасы – Кетбұқа

Орындай алсақ, ой – дұрыс

Амандық Рахұлы. «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі құрылды

Бағдат Қазкенов. Кетбұқа – қазаққа ортақ ұлы тұлға

Бастамаға қолдау білдіреміз

Тағанбай қажы Шамбұлов. Қазақтың Кетбұқа биі

Дүйсенбай қажы АХМЕТОВ. Ұлтын ұлықтаған ұл

Тәшен ЕСІМСЕЙІТҰЛЫ. Бабалар өнегесін ұмытпайық

Кетбұқа баба – тарихи тұлға (Әлеуметке арнау сөз)

Әлжаппар ӘБРЕЗОВ. Ұлы Даланың Ұлы перзенті

Тоғанбай қажы ҚҰЛМАНОВ. Кетбұқа баба

Аманкелді ТІЛЕУЛИНОВ. Көгершін көрсеткен керемет

Сейітжан ӨМІРБАЕВ. Ойға түйген, көзбен көрген...

Шахибаден СЕЙТКЕНОВ, Өмірхан ЖҮНІСБЕКОВ. Кемеңгер бейнесін біз қалай іздедік?..


Кетбұқа жыраудың күйлері

Кетбұқа туралы деректер жарияланған басылымдар



«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық қорының реквизиттері


Каталог: attachments -> article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет