Абжанова сокращенная indd


Емдік диеталардың сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет101/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   189
2. Емдік диеталардың сипаттамалары.
№ 1-диета асқазан жарасында немесе ұлтабар ауруына шалдық-
қанда, гастритте белгіленеді. 
Диетаның мақсаты – асқазанның сілекей қабықшасын және 
ұлтабарды механикалық, жылулық және химиялық өңңдеу. 
Энергетикалық құндылығы және химиялық құрамы бойынша 
диета толыққанды. тамақтану режимі – күніне 5-6 рет. тұз мөлшері
12 г. барлық тағамдар үгіп қайнатылған және бу күйінде дайында-
лады. 
Тыйым салынатын азық-түлік түрлері:
қуырылған тағамдар, 
ет, балық, саңырауқұлақ сорпасы, ащы өткір басытқылар, маринад-
тар, ысталған бұйымдар, шұжық бұйымдары, қара нан, консервілер, 
қырыққабат, шомыр, қымыздық. 
Ұсынылатын азық-түлік түрлері:
наннан – кеше пісірілген 
жоғары сортты тары; сүт тағамдарынан – сүт, айран, үккен сүзбе 
тағамы; майлы емес сиыр, бұзау еті, түріндегі тауық еті, суфле, 
ет пюресі; балықтан – майсыз сорттары; жұмыртқа – диеталық бу 
омлеті түріндегі; көкөністер – картоп, сәбіз, қызылша, түрлі түсті 
қырыққабат пюре түрінде; жемістер, жидектер – пюре түріндегі тәтті 
сорттары, кисель, шырындар; жармалар және макарон бұйымдары – 
ұнтақ, күріш, құмық, пудингтер; майлар – сарымай; көжелер – пюре; 
соустар – сүт, жемістер; сусындар – шай, сүтпен шай. 
№ 2-диета созылмалы гастритте, созылмалы тоқішек қабынуында 
(колит) белгіленеді. 


184
 
 

Диета мақсаты – асқазанның секторлық қызметін ширатады және 
асқазан-ішектің қозғалу функциясын тұрақтандырады.
Энергетикалық құндылығы және химиялық құрамы бойынша 
диета толыққанды. тамақтану режимі – күніне 4-5 рет. тұз мөлшері 
12 г. барлық тағамдар үгіп қайнатылған және бу, бұқтырған күйінде 
дайындайды. 
Тыйым салынатын азық-түлік түрлері:
қалың қабықшалы қуырған 
тағам, ащы өткір басытқылар, ысталған бұйымдар, консервілер, қара 
нан. 
Ұсынылатын азық-түлік түрлері:
наннан – кеше пісірілген жоғары 
сортты тары; сүт тағамдарынан – сүт, айран, үккен сүзбе тағамы; 
майлы емес сиыр, бұзау еті, түріндегі тауық еті, суфле, ет пюресі; 
балықтан – майсыз сорттары; жұмыртқа – омлет түріндегі диеталық; 
көкөністер – картоп, сәбіз, қызылша, түрлі түсті қырыққабат пюре 
түрінде; жемістер, жидектер – пюре түріндегі тәтті сорттары, кисель, 
шырындар; жармалар және макарон бұйымдары – ұнтақ, күріш, 
құмық, пудингтер; майлар – сарымай; көжелер – пюре; соустар – сүт, 
жемістер; сусындар – шәй, сүтпен шәй, какао, сүтпен кофе және суда 
қайнатылған жабайы жидек қайнатпасы, жеміс шырыны. 
№ 4-диета асқынған өткір созылмалы ішек ауруларында (іш өту) 
белгіленеді. 
Диета мақсаты – суық тию үдерісін азайту және тағамдық 
тітіркендіргіштерді химиялық және термиялық жолдармен шектеу 
арқылы ішектің жұмыс істеуін жақсарту. 
Энергетикалық құндылығы және химиялық құрамы бойынша диета 
толыққанды емес, тамақтануда май мен көмірсуға шек қойылады. 
тамақтану режимі – күніне 5-6 рет. тұз мөлшері 8 г. барлық тағамдар 
үгіп қайнатылған күйде дайындалады. 
Тыйым салынатын азық-түлік түрлері:
көкөністер, жемістер, 
жидектер, сүт және сүттен тағамдар, қуырылған тағамдар, сорпалар. 
соустар, басытқылар. 
Ұсынылатын азық-түлік түрлері:
нан – тары нанынан кептірілген 
нан; майлы емес сиыр еті, булы түріндегі тауық еті, жұмыртқа – бу 
түріндегі омлет; жармалар –суда қайнатылған ұнтақ, күріш үккен 
ботқа түрінде; майлар – сарымай шектелген мөлшерде; сусындар – 
шай, қара кофе, жабайы жидек қайнатпасы. 
№ 5-диета бауыр және өт жолдары ауруында белгіленеді. 
Диетаның мақсаты – бауыр және өт жолдары функцияларын 
жақсарту және өт бөлінуін ширату. 


185
Энергетикалық құндылығы және химиялық құрамы бойынша 
диета толыққанды. тамақтану режимі – күніне 4-5 рет. тұз мөлшері
10 г. барлық тағамдар қайнатылған және бұқтырылған немесе 
қыздырып-пісірілген күйінде дайындалады.
№ 7-диета бүйрек ауруларында белгіленеді. 
Диетаның мақсаты – ауру бүйректі емдеу және азот қалдықтары 
мен артық сұйықтықтарды организмнен шығару. Рационда ақуыздар 
енгізілген сұйықтық пен тұз шектеледі. тағам тұзсыз қайнатылған 
күйде дайындалады (науқастың қолына 3 г-нан 5 г-ға дейін беріледі), 
заттар болмайды. еркін сұйықтық тәулігіне 1-1,5 л рұқсат етіледі. 
№ 8-диета май басып кеткенде белгіленеді. 
Диетаның мақсаты – рационның энергетикалық құндылығын, 
көмірсуларды, майларды, сұйықты және тұзды шектеу арқылы дене 
салмағын төмендету. тамақтану режимі – күніне 5-6 рет. тұз мөл-
шері – 2-3 г. тағам қайнатылған күйінде дайындалады. еркін сұйық 
ішу – тәулігіне 1-1,5 л. 
№ 9-диета қант (сусамыр) ауруында белгіленеді. 
Диетаның мақсаты – көмірсу алмасуын жақсарту. Рационда 
көмірсулар (қант, тәттілер) және майлар шектеледі. тамақтану режи- 
мі – күніне 5-6 рет. тұз мөлшері 2-3 г. барлық тағамдар қайнатылған, 
қыздырып-пісірген күйінде дайындалады, қанттың орнында ксилит, 
сорбит қолданылады. 
№ 10-диета жүрек-тамыр және гипертония ауруларында белгіленеді. 
Диетаның мақсаты – жүрек-тамыр функцияларын жақсарту және 
үлкен қантамыр қысымын төмендету. тамақтану режимі – күніне 6 
рет. Рационда сұйықтық – 1,2 л-ге дейін, тұз мөлшері – 5-6 г-ға дейін, 
мал майы шектеледі. барлық тағамдар тұзсыз, қайнатылған, буланған, 
қыздырып-пісірген күйінде дайындалады. 
№ 11-диета әртүрлі организмнің құрт ауруында, қан аздықта, 
инфекциялы аурудан кейінгі арықтап кеткенде белгіленеді. 
Диетаның мақсаты – организмнің жалпы бекуіне болысу және 
инфекцияға қарсы күресуде организмнің қарсыласуын көтеру. бұл 
диета құрамына жоғарыланған мал тегінен шыққан ақуыз, кальций 
тұзы және дәрумендер диетасы. тамақтану режимі – күніне 5 рет. тұз 
мөлшері 12 г.
№ 15-диета арнайы диетаны талап етпейтін әртүрлі аурудан жазы-
лып келе жатқан науқастарға арналған. 
Диетаның мақсаты – ауруды толыққанды тамақпен қамтамасыз 
ету. тамақтану режимі – 5 күн. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет