Абжанова сокращенная indd


Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму



Pdf көрінісі
бет98/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   189
Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму 
заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы
адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, 
күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 
төрт кезеңді: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю 
деп айыруға болады. бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз – тіндер 
мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал даму дегеніміз олардың 
сапалы түрде ізденуі мен қызмет қабілетінің жетілуі болып табылады. 
Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, 
ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның 
жыныстық жетілуі, репродукцияға қабілеттілігі және әлеуметтік 
қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.
адам баласының жыныстық жетілуі әлеуметтік қызметке жарауы-
нан ертерек қалыптасады, яғни біріншісі – 13-15, ал екіншісі – 17-18 
жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балаларда етеккір 
пайда болуының орташа мерзімін 12 жас 7 ай деп алуға болады. толық 
ер жету 20-21 жаста деп есептеледі.
сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму 
үдерісінде байқалатын заңдылықтар:
Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі.
Өсу мен даму 
үдерісінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты «баланың жасы» 


178
 
 

деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты 
төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронологиялық жас
(немесе күнтізбе жасы) – дүниеге келген 
уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. 
жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан
ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас.
әрбір сәбидің жеке өсуі және дамуы дәре-
жесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық 
ерекшеліктерінің жиынтығы. биологиялық жасты анықтау бой 
ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, 
тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және 
menarche жасына байланысты жүргізіледі.
Әртүрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде 
орындалмауы.
Организмнің бірбүтін жүйе екеніне қарамастан, онто-
генез үдерісінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір 
мезгілде (гетерехронды) болмайды. жеке органдар мен жүйелердің өсуі 
мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, 
балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың 
ғылыми негізі болып табылады.
Өсу мен даму үдерісінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық 
диморфизм). жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық 
жүйелер мен бүкіл организмнің дамуы қарқынының зат алмасу 
үдерісінің ерекшелігіне байланысты болады. мысалы, жыныстық ер 
жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері 
қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. ал, керісінше қыз 
балалардың бойының өсу көрсеткіші, салмағы, кеуде шеңбері ер 
балаларға қарағанда жоғары болады.
Яғни осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне 
сәйкес бірінші қиылысуы болады. ал 15 жаста ер балалардың өсу 
қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері 
қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. сөйтіп, екінші 
қиылысуды анықтауға болады. бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу 
дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. сонымен 
қатар көптеген функционалдық жүйелердің, әсіресе бұлшық ет, тыныс 
алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей 
жүрмейтіндігі байқалады.
Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі. 
Организмнің 
әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті 
анықтайтын әлеуетті мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. 


179
бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың 
жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі 
жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге 
қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. жүйелердің 
осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің 
молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің 
өсіп, дамуы қорғана алмас еді.
Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы. 
балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын 
екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: биологиялық (генетикалық) 
және қоршаған орта (қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. 
биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын 
генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта фак-
торлары деп сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді 
айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және 
биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.
биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан 
организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену 
жұмыстары арналған. бірақ қандай да бір топты бөліп, басқалардан 
артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. мысалы, тұқым 
қуалаушылық рөлін артығырақ бағалау даму үдерісінің артығырақ 
екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының 
барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) 
беріледі. солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші рөль 
атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.
Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ 
көтермелеу екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. егер осын-
дай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз 
бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан 
«вундеркинд» жасап шығаруға болады. сондықтан екі фактордың да 
әсерін естен шығармау керек.
Акселерация
(латынша – accelarae) – «жылдамдық» деген сөзден 
шыққан. акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы 
жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көпфакторлы болып 
келеді. көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша, балалар мен 
жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын 
болғандықтан және қызмет қабілетін азайтатындықтан, акселерация 
балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. сондықтан өсіп 


180
 
 

келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше 
көңіл бөлінуі керек.
Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірім-
дердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын 
гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. 
бұл заңдылықтарды білу балалар мен жасөспірімдер гигиенасы 
бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі 
жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған 
ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек 
түсінуге мүмкіндік береді.
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын 
бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе 
жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана 
дұрыс анықтама бере алады.
Яғни осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша, балалардың 
күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту үдерістеріне, тамақтану 
жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет