Абжанова сокращенная indd


    3. Емдік-профилактикалық тамақтану



Pdf көрінісі
бет102/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   189
186
 
 

3. Емдік-профилактикалық тамақтану.
бұл тамақтанудың мақсаты - өндірістік жағдайдағы жағымсыз 
әсерлерге организмнің қарсыласуын көтеру және организмнен 
зиянды заттардың шығуына болысу. ақысыз емдік-профилактикалық 
тамақтануға құқылы өндірістер мен мамандар – химиялық, түрлі 
түсті, қара металлургия, электротехникалық өндірістер.
Әртүрлі топтағы адамдардың ас үлесі 
бойынша тамақтануының ерекшеліктері
Студенттер тамақтануының ерекшеліктері
салауатты өмір салтының басты құрастырушыларының бірі 
дұрыс тамақтану болып табылады. Халықтың басым бөлігі өздерінің 
денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. уақыттың жетіспеушілігі, 
тамақтану мәдениетін жете білмейтіндігі, қазіргі заманғы өмір сүру 
қарқыны – осының барлығы азық-түлік таңдауда қиыншылықтарға 
алып келді. студенттер арасында кең танымалдыққа тез дайын бола-
тын, әртүрлі химиялық қоспаларға толы тағамдардың ие болғаны 
алаңдатады. сондықтан дұрыс тамақтанудың заңдылықтарын 
сақтамау көптеген қауіпті аурулар дамуының факторы болады. 
Өкінішке қарай, соңғы жылдардың статистикасы бойынша жастар 
арасында артық салмақтан, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, қант 
диабетінен және т.б. азап шегетіндер саны артып келеді. аталған 
аурулардың алдын алуға болады, ол үшін салауатты өмір салтын 
ұстану қажет және ең бастысы – дұрыс тамақтануды қолға алған 
жөн.
студенттік кезең – өте қызық және жүйке жүйесінің қарқынды 
жұмыс істейтін дәуірі. жүктеме әсіресе емтихандар кезінде тәулігіне 
15-16 сағатқа дейін артады. Ұйқының қанбауы, күн тәртібі мен демалу 
режимінің бұзылуы, тамақтану сипаты және күнделікті ақпараттық 
жүктеме жүйкенің психологиялық күйзелісіне алып келуі мүмкін. 
Осындай теріс жағдайдың өтемақысы дұрыс тамақтану болып табы-
лады.
көп жағдайда студенттер ретсіз, жол-жөнекей, құрғақтай, күніне 
1-2 рет тамақтанады, көбі асхана қызметін пайдаланбайды. студенттер 
тағамдарында басым бөлікті көмірсулар алады, себебі олар арқылы 
қуат шығындарын толтыру жеңіл.


187
ағзаның дұрыс өмір сүруіне алдын алу үшін тағаммен бірге: 
ақуыз, май, көмірсулар, дәрумендер, микроэлементтер түсіп отыруы 
абзал. тағамның калориясы ағзаның қуат шығынына сәйкес келуі өте 
маңызды, ол әр адамға жеке анықталады, бұл ретте оның бойы, жасы, 
салмағы және күнделікті дене белсенділігі, ақыл-ой және эмоцио-
налды жүктемелері ескеріледі.
ағзаның жалпы қалпы, оның белсенділігі және жұмысқа 
қабілеттілігі тамақтану режиміне байланысты. тәулігіне 3-4 реттен 
аз тамақтанбау қажет және тамақтану уақытын күнделікті сақтаған 
абзал. емтихан уақытында тамақ құрамына қосымша 10-15 г өсімдік 
майын табиғи күйде қолданған жөн, ол салаттардағы дәрумендер топ-
тамасын айтарлықтай артырады және жұмысқа деген қабілеттілікті 
жақсартады. ірімшік және қышқыл сүтті сусындар құрамындағы сүтті 
ақуыз күйзеліс деңгейін төмендетеді. Қажудан құтылып шығуға көк 
шай мен бір қасық бал және жарты лимон шырыны көмектеседі.
жоғарыда айтылғандарды түйе келе, дұрыс тамақтану мен белсенді 
дене жүктемесі – өз ағзаны дұрыс қалыпта ұстаудың, өмір сапасын 
жақсартудың кепілі екенін атап көрсеткіміз келеді. салауатты өмір 
салтын ұстану өнері әр студентке өз денсаулығын жақсартуға және 
лайықты кәсіп иесі атануға қажет және қолжетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет