Абжанова сокращенная indd


Табиғи жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар



Pdf көрінісі
бет175/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   189
Табиғи жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында жанама табиғи жарық-
тандыру қолданылуы мүмкін. бұл жарықтандыру кезінде жарық 
бөлмеге терезелер арқылы енеді. ал жоғарыдан жарықтандыру кезінде 
жарық төбеге қондырылған құрылғылар арқылы болады. гигиеналық 
көрсеткіштер бойынша көбінесе жанама жарықтандыру қолданылады, 
себебі төбедегі шамдардың жарықтығы төмен болады және олар 
тазалауға ыңғайсыз.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында терезе және еден 
аудандары сәйкес болуы керек:
Өндірістік бөлмелер: 1:6
сауда бөлмелері: 1:10


302
 
 

әкімшілік бөлмелер: 1:6-1:8.
бірақ бұл көрсеткіштер нақты емес, себебі жарықтандыру қарқынды 
климаттық жағдайларға, ғимараттың архитекторлық ерекшеліктеріне, 
терезелердің орналасуына байланысты.
сонымен қатар бөлмелердің жарықтандырылуына қабырға түсі де 
әсер етеді: ақ түсті қабырға бөлмедегі жарықтың – 80%-ын, сұр, сары 
түсті қабырға – 40%-ын, көк және жасыл түсті қабырға 10-17%-ын 
түсіреді.
бөлмеге түсетін жарық көп болуы үшін қабырғалар, төбе, құрал-
жабдықтардың ашық түспен боялуы керек. жарықтандыру шартта-
рына терезе шыныларының тазалығы мен сапасы жатады. кір терезе 
шынылары жарық деңгейін 50-70%-ға, ал мұз қатқан терезе шынысы 
80%-ға төмендетеді. терезелердің алдына құрал-жабдықтарды қоюға, 
терезелерді фанерамен, картонмен жабуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет